Популярные темы

семейде: новости — страница 4

ҰҚК «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді

Arna Press, 26 апреля 2023 в 13:28

ҰҚК
2023 жылғы қаңтар мен сәуір аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірге прокуратураның үйлестіруімен заңсыз қару айналымындағы қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша, оның ішінде «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Нәтижесінде Қазақстанның 11 аймағында 268 бірлік қару, оның ішінде 38 «Калашников» автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш құрылғы, түрлі калибрлі 30199 оқ-дәрілер, сонымен қатар броньды кеудеше, қорғаныш дулығасы, қол-кісендер, автомат оқжатарлары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленді, — делінген ресми хабарламада.Жедел қызметкерлер жасырылған қару мен оқ-дәрілердің негізгі бөлігін келесі жерлерден анықтады: Алматыда – 4, Байқоңырда – 1, Қостанайда – 1, Семейде – 1, Өскеменде – 1, Ақтөбеде – 1, Алматы облысында – 3, Жамбыл облысында – 4, Жетісу облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 3.Бұдан басқа, бұрын хабарлағанымыздай Алматы қаласында қарудың заңсыз айналымымен ірі көлемде айналысып келген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

Абай облысында алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді

Arna Press, 26 апреля 2023 в 12:38

Абай облысында алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді
Семейде бір-неше таксистті алдаған алаяқ ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алаяқтар «Апару», «Яндекс» және «Индрайвер» сияқты жолаушылар тасымалының мобильді қосымшаларының көмегімен, жүргізушілерді құрыққа түсіретін. Қаскөй мемлекеттік мекемелер орналасқан мекен-жайға тапсырыс беріп, жолда жүргізушілерді дүкенге тауар сатып алуды немесе теңгерімді толтыруды өтініп, мекенжайға келген соң есептесемін деп уәде беретін.

Семейде алқабилер екі баланың әкесін өлтірген адамды кінәлі деп тапты

Arna Press, 25 апреля 2023 в 16:38

Семейде алқабилер екі баланың әкесін өлтірген адамды кінәлі деп тапты
Абай облысында алқабилер сотының қатысумен алғашқы айыптау үкімі шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бір жыл бұрын бұл оқиға халықтың аузынан түспеген. Үржар ауданының тұрғыны 2 баланың әкесі болған жас кәсіпкердің қайтыс болуында кінәлі деп танылды.Дауыс берушілердің бірауыздан бұзақылық ниетпен, атыс қаруын қолдана отыра, адам өлтіру бойынша кінәлі деп шешім шығарды. Қайғылы оқиғаға себеп болған, жол үстіндегі келеңсіз жағдай.

Семейде өрт кезінде екі адам құтқарылды

Arna Press, 25 апреля 2023 в 10:08

Семейде өрт кезінде екі адам құтқарылды
Өрт 24 сәуір кешкі алты шамасында Сәтбаев көшесіндегі көппәтіплі үйлердің бірінде шыққан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде 1 қабаттағы пәтерде қатты түтін байқалды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 буыны дереу құрылды. Бірінші буын барлауға кірісті.

Семейде «Қош махаббат» драмасы жаңаша түрде сахналанды

Arna Press, 24 апреля 2023 в 02:08

Семейде «Қош махаббат» драмасы жаңаша түрде сахналанды
Бұл жолы көрермен назарына ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Қош махаббат» поэтикалық драмасы ұсынылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бағдат пен Банудың кіршіксіз махаббатына бәрі қызығып қарайды. Бірі — болашақ композитор, бірі — мұғалім. Үлкен қалада бір-бірін тапқан қос ғашықтың шынайы сезімі ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Семейде Ертіске құлап кеткен баланың денесі табылды

Arna Press, 22 апреля 2023 в 21:08

Семейде Ертіске құлап кеткен баланың денесі табылды
Семейде Ертіске құлап кеткен 7 жасар баланың денесі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 21 сәуірде Семейде болған.Облыстық төтенше жағдайлар депратаментінің мәліметінше, кеше сағат 19.56-да 112 пультіне аквапарк маңында баланың суға құлап кеткені туралы хабарлама түскен.Оқиға орнына құтқару бөлімшелері бірден жіберілген.«21 сәуірде өзен жағасында ойнап жүрген 2016 жылы туған бала суға құлап кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстары басталып, бүгін сағат 09:45-те ұл баланың денесі табылды.

Семейде жаңа демалыс орны салынады

Arna Press, 21 апреля 2023 в 11:08

Семейде жаңа демалыс орны салынады
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы пайдалануға берілетін қоғамдық кеңістіктерді қолданысқа беру бойынша көшпелі кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала басшысы әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірлесіп Жамақаев көшесіндегі емханадан Чайковский көшесіндегі жанармай құюға дейінгі аумақта сквер салу жоспарын талқылады.

Семей 32 батыр анаға көбейді

Arna Press, 19 апреля 2023 в 15:18

Семей 32 батыр анаға көбейді
Семейде батыр аналарға құрмет көрсетілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Еліміздің демократиясын көтеріп келе жатқан көп балалы аналардың саны өсуде. Семей қаласы әкімінің орынбасары Руслан Базарбаев 32 көпбалалы анаға алтын және күміс алқаларын табыс етті. «Біздің халық әрқашан отбасы құндылығын жоғары қойған.

Семейде мектеп оқушылары өз құрдасын аямай соққыға жықты

Arna Press, 17 апреля 2023 в 00:08

Семейде мектеп оқушылары өз құрдасын аямай соққыға жықты
Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында қаланың білім беру мектептерінің бірінің оқушылары өз құрдастарына дене жарақатын салған бейнежазба орнатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Семей қаласында болған.

Семейде мемлекет тарапынан баспанаға кезекте тұрғандардың саны өсуде

Arna Press, 16 апреля 2023 в 23:18

Семейде мемлекет тарапынан баспанаға кезекте тұрғандардың саны өсуде
Қайта құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласында мемлекет тарапынан берілетін баспанаға мұқтаж жандардың саны 14 мыңға жуық, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мемлекеттік баспанаға кезекте тұрғандардың арасында жетім балалар, көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтар, жалғыз баспанасы аппаты деп танылған азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша кезекте тұрған азаматтардың саны күнделікті өзгеруде. — Тұрғын үйге кезекте Семей қаласы бойынша барлығы 13 768 адам тұр.

Семейде көше саудасына қойылатын талаптар өзгерді

Arna Press, 13 апреля 2023 в 23:38

Семейде көше саудасына қойылатын талаптар өзгерді
Биыл қалалық әкімдік Семей қаласының келбетін жақсарту мақсатында ауқымды тұжырымдаманы әзірледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қалада әртүрлі орындарында рұқсат етілмеген көше саудалары өте көп. Бейбірекетсіз сауданың алдын алу мақсатында, биыл жағалау, Бейбітшілік аралы, Әуезов алаңы мен Абай алаңында ғана саудагерлерге көше саудасымен айналысуға рұқсат беріледі.

Семейде мектептің асханасында оқушы қайтыс болды

Arna Press, 11 апреля 2023 в 15:58

Семейде мектептің асханасында оқушы қайтыс болды
Семейде 13 жасар оқушы мектептің асханасында тамақтанып, қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысының білім басқармасына сілтеме жасап.Белгілі болғандай оқушы түскі ас кезінде есінен танып қалған. Абай облысының білім басқармасының ақпараты бойынша алғашқы медициналық көмек дереу көрсетілген, алайда бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша бала тамақтың ірі кесектеріне шашалып, тыныс алу жолдарының жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан қайтыс болды.Интернатқа ол Семей қаласының 2016 жылғы 13 қаңтардағы «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы» негізінде қабылданды, оған «Ақыл-ойының жеңіл кемістігі» диагнозы қойылды.

Семейде қаланың келбетін бұзып тұрған дүңгіршектерді орынынан алып жатыр

Arna Press, 04 апреля 2023 в 13:18

Семейде қаланың келбетін бұзып тұрған дүңгіршектерді орынынан алып жатыр
Осы жұмыс аясында Семей қаласының жер қатынастары бөлімі мониторинг барысында 20 квартал мекенжайы бойынша «Хлебная лавка» дүкенінің маңында заңсыз орнатылған контейнерді анықтады. Хабарлама тапсырылғаннан кейін бұл нысан алынып тасталды.Заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен гараждарға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Семейде «Сергек» жүйесінде жаңа функционал іске қосылды

Arna Press, 31 марта 2023 в 17:28

Семейде
Наурыз айынан бастап облыс орталығында «Сергек-қорғау» бағдарламасы іске қосылды, ол нақты уақыт режимінде мемлекеттік нөмір бойынша бұзушыларды анықтайды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Сергек» кешенінің жанынан өтіп бара жатқан әрбір көлік сканерленеді, дерекқор бойынша тексеріледі және егер проблемалар анықталса, жүйе бұл туралы инспекторларға дереу хабарлайды.

Семей қаласының әкімдігі қалалықтарды сенбілікке шақыруда

Arna Press, 31 марта 2023 в 10:48

Семей қаласының әкімдігі қалалықтарды сенбілікке шақыруда
1 сәуір күні Семейде жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл жылы бұл алғашқы үлкен көлемді тазалық акциясы болмақ. Әкімшіліктің хабарламасында барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының қатысуы міндетті, деп жазылған.«Осы сенбі, 1 сәуірде баршаңызды қаламыздың тазалығына үлес қосуға шақырамыз! Сенбілік сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.

Семейде Ертіске батып кеткен балықшының денесі табылды

Arna Press, 28 марта 2023 в 22:28

Семейде Ертіске батып кеткен балықшының денесі табылды
Семейде Ертіске батып кеткен ер азаматтың денесі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«2023 жылдың 11 наурызында Семей қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының «102» арнасына Алматы қаласының тұрғыны ағасын іздеуде көмек көрсету туралы өтінішпен хабарласты.

Семейің коғамдық көліктерінде Абайдың даналық сөздерін оқуға болады

Arna Press, 27 марта 2023 в 17:08

Семейің коғамдық көліктерінде Абайдың даналық сөздерін оқуға болады
Енді Семейдің автобустарында Абайдың даеалық сөздерін оқуға болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар автобус ішіне кітап сөрелері орналастырылды. Сөреде «Осы кітаптар Сізге арналған, Сіз де келесі жолаушыға кітап сыйлаңыз!» деген жазу бар.

Бүгін Семейде антитеррорлық оқу-жаттығулар өтуде

Arna Press, 27 марта 2023 в 12:18

Бүгін Семейде антитеррорлық оқу-жаттығулар өтуде
27 наурызда Семей қаласының аумағында «Найза – Антитеррор-2023» антитеррорлық оқу-жаттығулары өткізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық терроризмге қарсы күрестің жедел штабына сілтеме жасап.Ic-шараның мақсаты – террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету үшін, құқық қорғау және арнайы органдарының күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.Осыған байланысты қала тұрғындарын жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына байланысты көлік пен халық қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтау және тиісті мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауды сұрайды, — деп хабарлады облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабында.

Семейде әйел 5 қабаттан құлап, жан тапсырды

Arna Press, 20 марта 2023 в 16:48

Семейде әйел 5 қабаттан құлап, жан тапсырды
19 наурызда сағат 22: 00 шамасында 102 пультіне 5 қабаттың қылтимасынан құлағалы тұрған әйел туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Бірақ, белгілі болғандай, үйге кіру мүмкін болмады.

Семейде сайлаудың алғашқы сағатында 400-ге жуық сарбаз дауыс берді

Arna Press, 19 марта 2023 в 10:28

Семейде сайлаудың алғашқы сағатында 400-ге жуық сарбаз дауыс берді
Семейде Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің барлық жеке құрамы таңертең алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады, деп хабаралайды Arnapress.kz тілшісі. Ұлттық ұланда 400-ге жуық сарбаз бар. Өз таңдауын бірінші болып «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Еркен Жанабергенов те жасады.Айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, оған мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.Сурет: 5511 әскери бөлімінің баспасөз қызметі

Абай облысында сайлаушыларды Қыдыр ата мен әншілер қарсы алуда

Arna Press, 19 марта 2023 в 10:28

Абай облысында сайлаушыларды Қыдыр ата мен әншілер қарсы алуда
Наурыз көже, шашу және ыстық бауырсақтармен Семейдегі №84 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерді қарсы алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Учаскенің ашылуына зейнеткерлер, студенттер және барлық белсенді қала тұрғындары келуде. №84 учаске Семей қалалық мәдениет сарайында орналасқан, онда бір кездері көптеген қазақстандық әртістер өнер көрсетті.

Семейде «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

Arna Press, 17 марта 2023 в 15:08

Семейде
Қалалық әкімдік ғимаратында қоғамдық кеңес мүшелері мен Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшылары бірлесіп «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Комиссия төрағасы Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов тұрғындардың талап-тілегін орындау маңызды екенін атап өтіп, жобаның өзектілігіне баса назар аудару керек деп айтты.

Абай облысында инвесторлар студенттерге жатақхана салуда

Arna Press, 15 марта 2023 в 13:58

Абай облысында инвесторлар студенттерге жатақхана салуда
«Қаржы орталығы» АҚ бас маманы Қайсар Төлепбаев Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысында инвесторлар студенттерге жатақхана салып жатқандығын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бағдарлама 2018 жылдан бері жүзеге асырылуда.– 2018 жылдан бастап бағдарламаны оператор «Қаржы орталығы» АҚ жүзеге асыруда.

Семейде мереке күнінде төрт бала улы газбен уланған

Arna Press, 09 марта 2023 в 13:28

Семейде мереке күнінде төрт бала улы газбен уланған
Ағымдағы жылдың 8 наурызында 23 сағат 07 минутта Семей қаласының «101» пультіне жедел жәрдем станциясының кезекші диспетчерінен Цветочная көшесінде төрт баланың улы газбен уланғаны туралы қоңырау түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақпарат жинау барысында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережелерін бұзғандықтан, нақты айтқанда түтін мұржасының тартылмауынан, төрт және бес жастағы балалар жеңіл дәрежедегі улы газбен уланғандығы белігілі болды.

Семейде көпқабатты үйде өрт шықты

Arna Press, 28 февраля 2023 в 19:38

Семейде көпқабатты үйде өрт шықты
Бүгін сағат 10:36-да «101» пультіне Спартак көшесінде көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде түтін бар екендігі туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Абай облысы ТЖД ӨС ж АҚЖҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде кіреберісте қатты түтін болды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құрғаннан кейін құтқарушылар дереу барлауға кірісті.

Абай облысында «Өнерім саған — Туған ел» атты шығармашылық кеш өтті

Arna Press, 23 февраля 2023 в 15:28

Абай облысында
Семейде күйші Айбек Бекбосынның «Өнерім саған — Туған ел» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.Салтанатты кешті белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевтың сүйемелдеуімен «Бибігүл» халық аспаптар оркестрі мен Айбек Бекбосын ашты.Музыкалық кеште танымал «Әлқиса» мен «Күй тартыспен» қоса, белгілі спортшы, бірнеше дүркін «Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаровқа арнап шығарған «Айбарыс» күйі де орындалды.Халық алдында осы өңірдің тумасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен Секен Тұрысбеков, Дәулеткерей Кәпұлы, Нұркен Әшіров, Данияр Байжұманов өнер көрсетті.Айта кетерлігі, Роза Қуанышқызы Айбек Бекбосын оның шәкірті екенін және оны мақтан тұтатынын айтты.

Семейде әйелдер кәсіпкерлігі белең алуда

Arna Press, 16 февраля 2023 в 12:48

Семейде әйелдер кәсіпкерлігі белең алуда
Облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының ақпараты бойынша Семейде соңғы жылдары өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектердің саны артуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жазира Козыбаева осыдан екі жыл бұрын Шымкенттен Семейге мемлекеттік көші-қон бағдарламасы аясында көшіп келді. Бес саусағынан өнер тамған тігінші жаңа қалада бірден өз кәсібін ашты.

Семейлік журналист фэнтези жанрында роман жазды

Arna Press, 15 февраля 2023 в 21:28

Семейлік журналист фэнтези жанрында роман жазды
Семейде журналист Айман Шәріпханованың «Бәйтерекке жол» атты кітабінің тұсаукесері өтті. Айта кету керек, бұл кітап белгілі бір адамның немесе қоғам қайраткерінің өмір жолы туралы немесе Астанада бой көтерген Бәйтерек туралы емес. Бұл романда ежелгі дәуірден бері көшпенділер табынған мифтік ағаш жайлы айтылады.

Семейлік зейнеткер мысықтарды тамақтандырғаны үшін жазаға тартылады ма?

Arna Press, 13 февраля 2023 в 20:08

Семейлік зейнеткер мысықтарды тамақтандырғаны үшін жазаға тартылады ма?
Семейде зейнеткер қаңғыбас мысықтарды тамақтандырғаны үшін айыппұлға ілігуге қорқып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Людмила Григорьевна Өтепбаев, 50 В мекен-жайындағы үйде тұрады. Зейнеткердің айтуынша, ол мысықтарды шамамен бес жыл бойы тамақтандырып келеді, ал соңғы уақытта осы әрекеті үшін ол бірнеше рет көршілерінің сынына және түсінбеушілігіне ұшырады.

Семейде су құбыры жарылып көше мен жер үйлерді су алып кетті

Arna Press, 07 февраля 2023 в 12:28

Семейде су құбыры жарылып көше мен жер үйлерді су алып кетті
6 ақпанда Семей қаласындағы көшелердің бірінде құбыр кәріз дюкері бітеліп қалды. Салдарынан құбырдағы су көше мен жер үйлерге ағып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіАпат болған сәттен бастап коммуналдық қызметтер автомобиль жолы мен жеке тұрғын үй секторының бойын үйіндімен бекіту жұмыстарын бастады, сондай-ақ жеке сектордың аула аумақтарына кірген ағынды суды сорып шығару жұмыстарын жүргізді, деп хабаралады қалалық әкімдіктеСонымен қатар, кәріз суы деңгейінің көтерілуі жалғаса бергендіктен, қосымша күштер мен құралдарды қалыптастыру қажеттілігі туындады.«Жедел штаб ұйымдастырылып, Абай облысы ТЖ департаментінің күштері мен құралдары және ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына аттанды.
Показано 30 новостей из 152