Популярные темы

Семейде «Қош махаббат» драмасы жаңаша түрде сахналанды

Дата: 24 апреля 2023 в 02:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде «Қош махаббат» драмасы жаңаша түрде сахналанды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бұл жолы көрермен назарына ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Қош махаббат» поэтикалық драмасы ұсынылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Бағдат пен Банудың кіршіксіз махаббатына бәрі қызығып қарайды. Бірі — болашақ композитор, бірі — мұғалім. Үлкен қалада бір-бірін тапқан қос ғашықтың шынайы сезімі ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Ролдерді сомдаған актерлар кейіпкерлердің мінезін, жан-дүниесін жеткезіп қана қоймай, өзіндік ерекшелікті қоса алды.

Қалын көрерменге жол тартқан бұл «Қош махаббат» жанды әуезді әнмен сүйемелденіп, спектакль барысында Мұқағалидің өлеңдерінен үзінділер оқылғанымен ерекшеленді.

Театрдың режиссеры Ербұлан ҚАЛЫМНЫҢ айтуынша дайындыққа бір ай кетті. Жастар арасында шынайы сезімнің, пәк махаббаттың символына айналған мұңды спектакль жастар театрының репертуарында болуы заңдылық.

— Махаббат өмірге жылулық әкеледі, махаббат қиындықты жеңеді, махаббат қатыгездіктен құтқарады. Сол себепті жастарға осы сезімді көрсету үшін аталған спектакльді қойдық. Тағы бір ерекшелігіміз, қойылымды кіші залда көрермен назарына ұсынып отырмыз. Себебі актерлардың барлық эмоциясын, сезімін жақынырақ көруін қаладық. Режиссер ретінде мен басты ролдердергі актерларды бірден бекіттім. Себебі осы рольдерді алып шығатынына сенімді болдым, — дейді режиссер.

Басты ролдерді театр актерлары Айдар НАРТОВ, Қарлыға СЫБАНОВА, Думан ӨМІРХАНОВ пен Әділжан СЕРІКҚАЛИЕВ сомдады.

Бағдаттың образын сахналаған актер Айдар НАРТОВ үшін бұл алғашқы басты роль емес. Дегенмен, кейіпкерін толық зерттеп, өзіндік бір ерекшелік қосқан бірінші үлкен жұмыс деуге болады, деп ойымен бөлісті жас актер. Рольге ену, рольден шығу да оңайға соққан жоқ. Премьерадан кейін біз театр актерымен біраз сұхбаттастық.

— Айдар, Бағдаттың ролін сомдағанда Сізге ең қиын не болды?

— Ең қиыны өмірлік жолы болды. Шын өмірде Муқағалидың досы (Бағдат) бұл ауырлықты көтере алмай, өз-өзіне қол жұмсаған адам. Маған соны сезіну қиын  болды. Бірақ БАҚ-да, халық арасында атақты композитор деп көбісі таниды.

— Рольға кіру оңай болмағанын түсіндім. Барлығында осындай жағдай болады ма, әлде басты рольді сомдағаннан кейін бе?

— Қандай роль болмасын, оны толық алып шығу үшін көп жұмыс жасаймыз. Жан-жақты дайындаламыз. Кейіпкерімізді зерттейміз, тарихқа, архивтерге жүгінеміз. Осы ретте, «Кішкентай роль болмайды, кішкентай актер ғана болады», — деген жаттанды сөз еріксіз тілге тиек болады.

— Кіші залда ойнаған қиын ба, әлде үлкен аудиторияда ма? Кіші залда көрермен тым жақын, артық қозғалыс, ұялы телефон бөгет келтірмеді ма?

— Шындығын айтқанда, кіші залда ойнаған қиынырақ. Көрермен жакын отырып, барлығын сезеді. Спектакль кезінде бөгет келтіретін жағдайлар болады. Басында ойың ауытқып кетеді, бірақ оған да үйрендік. Айналадағы болып жатқан жағдайды ойламауға, тек қана сол сәтте, сол өмірді сүруге тырысамыз.

— Көз жасыңызды көрдім. Жалпы, театрдан бөлек адамдар, актер оңай жылай салады, оңай күлдірте салады, деп ойлап үйреніп қалды. Бірақ, Сіздің жағдайыңызды көріп, бұл қате пікір деген ойға келдім. Сіз не дейсіз?

— Бұл ойнатылып емес, бүкіл жан-дүниеммен сезінгендіктен, шынайы жас болды. Сондықтан болар, Сіздің пікіріңіз ауысты деп ойлаймын. Жасандылықпен көрерменді жаулай алмайсың, барлығы сезіліп, көрініп тұрады.

Сұхбатыңызға рахмет!

Осылайша, театр репертуары кезекті туындымен толықты. Жаңа спектакльдің тұсаукесері үш күнге созылып, лық толы зал жиналды.

Театрдың тағы бір жаңалығы, жақында «Дариға-айдың» шығармашылық ұжымы халықаралық фестивальге Түркия еліне баруға дайындалып отыр.

Бақытгүл ҚАЗЕЗ

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями