Популярные темы

Абай облысында сайлаушыларды Қыдыр ата мен әншілер қарсы алуда

Дата: 19 марта 2023 в 10:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында сайлаушыларды Қыдыр ата мен әншілер қарсы алуда
Стоковые изображения от Depositphotos

Наурыз көже, шашу және ыстық бауырсақтармен Семейдегі №84 сайлау учаскесінде алғашқы дауыс берушілерді қарсы алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Учаскенің ашылуына зейнеткерлер, студенттер және барлық белсенді қала тұрғындары келуде.

№84 учаске Семей қалалық мәдениет сарайында орналасқан, онда бір кездері көптеген қазақстандық әртістер өнер көрсетті. Сайлаудың алғашқы минуттарында аға буын бата беріп, әсем әуен шырқалды.

Сайлаудың ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін дауыс беру орындарында бейнебақылау жүргізіледі, сондай-ақ дауыс беру барысын бақылайтын байқаушылар жұмыс істейді.Таңертеңгі сағат 7-де қалада 149 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Оның 19–ы жабық, 22 — сі ауылдық округтерде орналасқан.

Ал Бизнес және сервис колледжіндегі N82 сайлау учаскесінде тәттілер көмесі ұйымдастырылды. Бұл сайлаушылар үшін Наурыз мейрамына орай шағын дәмді сыйлықтар.

«Сайлаумен қатар біздің студенттердің аспаздық өнімдерінің көрмесі өтуде. Биылғы сайлау Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келді деуге бооады. Сондықтан сайлаушыларға бауырсақтар ұсынып жатырмыз», — деді  учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Альмира Хожанова

Айта кетерлігі, Семейде 232 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Сайлау учаскелерінде ұлттық тағамдар Наурыз мейрамы қарсаңында таратылуда.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями