Популярные темы

Семейің коғамдық көліктерінде Абайдың даналық сөздерін оқуға болады

Дата: 27 марта 2023 в 17:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейің коғамдық көліктерінде Абайдың даналық сөздерін оқуға болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Енді Семейдің автобустарында Абайдың даеалық сөздерін оқуға болады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сонымен қатар автобус ішіне кітап сөрелері орналастырылды. Сөреде «Осы кітаптар Сізге арналған, Сіз де келесі жолаушыға кітап сыйлаңыз!» деген жазу бар. Автобус  жолаушылары сөредегі кітапты алып сапар барысында оқи алады. Кітапты өзге жолаушыға табыстауға немесе сөреге қайта қоюға болады.

Семейлік автобустардағы Ұлы Абайдың – еңбек, ар-намыс, ел бірлігі мен ұрпақ келешегі жайында қалдырған қанатты сөздеріне қала тұрғындары ерекше ықыласпен зер салса, ал кітап оқуға ынтасы бар жолаушылар сөредегі кітаптарды оқи алады. 

«Даналық ізімен» акциясының мақсаты тұрғындарды білімге, даналыққа баулу, кітап оқуға деген махаббатын ояту. Шара қоғамдық көлік жүргізушілеріне де, қала тұрғындарына да өз пайдасын тигізіп, рухани байлығын арттыра түседі.

Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінге дейін 6 автобус безендіріліп, 60 кітап жиналған. Алдағы уақытта автобустар мен кітаптарды көбейту жоспарлануда.

Еске салар болсақ, ағымдағы жылдың наурыз айында Семейде №1 және №36 бағыттар бойынша 25 орындық, сыйымдылығы 50 жолаушыға арналған 12 жаңа автобус қолданысқа берілді. 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями