Популярные темы

Семейде қаланың келбетін бұзып тұрған дүңгіршектерді орынынан алып жатыр

Дата: 04 апреля 2023 в 13:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде қаланың келбетін бұзып тұрған дүңгіршектерді орынынан алып жатыр
Стоковые изображения от Depositphotos

Осы жұмыс аясында Семей қаласының жер қатынастары бөлімі мониторинг барысында 20 квартал мекенжайы бойынша «Хлебная лавка» дүкенінің маңында заңсыз орнатылған контейнерді анықтады. Хабарлама тапсырылғаннан кейін бұл нысан алынып тасталды.

Заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен гараждарға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.


«Өкінішке орай бүгінгі күні қалада аула сыртындағы аумақтарда, ретсіз орнатылған көптеген ұқсас ғимараттар бар. Бұдан бұрын жер қатынастары бөлімі заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен гараждардың иелеріне нысандарды өз бетінше алып кету туралы хабарламалар жіберген болатын. Қазіргі таңда заңсыз жерде орналасқан гараждар мен дүңгіршектерді сүру жұмыстары жүргізілді», — делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

 

Заңсыз тұрған дүңгіршектердің орындарында автотұрақтар ұйымдастыруға немесе ойын алаңдарын орнатуға болады деп қосты әкімшілікте.

Сурет: Семей қаласының әкімдігі
 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями