Arna Press,
вчера
в 22:58
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрында Шыңғыс Айтматовтың шығармасы негізінде сахналанған «Арманым, Әселім!» спектаклі үш күн қатарынан аншлагпен өтіп, көрерменнің зор ықыласына бөленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Үш күн бойы театр залы көрерменге лық толып, әр қойылым ерекше атмосферада өтті.
Akorda.kz (KZ),
вчера
в 20:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
вчера
в 16:58
Қазақстанда антибиотиктерді дәрігер рецептісіз сатуға қатысты тексерулер жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.2026 жылдың басынан бері дәріханаларда антибиотиктерді рецептісіз сатқаны үшін 38 әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 8,2 млн теңгеден асты.Көбіне рецептісіз сатуға әрекет жасалатын препараттар қатарында «Азитромицин», «Цефтриаксон», «Цефазолин» және «Ципрофлоксацин» бар.Мамандар антибиотиктерді өз бетінше қабылдау денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймай, бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін арттыратынын ескертеді.
Arna Press,
16 ноября 2026
в 18:48
Семей қаласындағы Мұхамедханов көшесі, №77 үй маңында көлік қозғалысының жылдамдығы 40 км/сағ-қа дейін шектеледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. Бұған 9 қарашада аталған учаскеде кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кеткен жол-көлік оқиғасы себеп болды.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері бағдаршам орнату туралы ұсыныс жолдады.
Arna Press,
16 ноября 2026
в 18:48
Абай облысында 2026 жылдың алғашқы 10 айында 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тоқтабаева мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірде жыл сайын 220 мыңнан астам адам вакцинацияланады.
Akorda.kz (KZ),
16 ноября 2026
в 18:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
16 ноября 2026
в 17:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
16 ноября 2026
в 17:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
16 ноября 2026
в 16:58
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz Президент кеңесшісі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.Бұл шешім Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау аясында басшылық құрамды жаңарту қажеттілігіне байланысты қабылданған.
Akorda.kz (KZ),
16 ноября 2026
в 15:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
16 ноября 2026
в 15:18
Қазақстанда риелторлық қызметтің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жаңа шаралар әзірленуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігі Құрылтай депутаттарымен және кәсіби қауымдастығына сілтеме жасап.
Arna Press,
16 ноября 2026
в 15:18
Абай облысы Абай ауданының Көкбай ауылында ақын, Абайдың шәкірті Көкбай Жанатайұлының 165 жылдық мерейтойына арналған «Абай салбурыны – 2026» республикалық құсбегілер турнирі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Екі күнге созылған ұлттық спорт додасына еліміздің 11 облысы мен 3 қаласынан 101 құсбегі қатысып, өзара бақ сынады.13–14 қараша күндері ұйымдастырылған жарыста қатысушылар бүркіт, қаршыға және ителгі салудан сынға түсті.
Akorda.kz (KZ),
16 ноября 2026
в 13:16
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
16 ноября 2026
в 12:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
16 ноября 2026
в 12:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
13 ноября 2026
в 20:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
13 ноября 2026
в 20:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Akorda.kz (KZ),
13 ноября 2026
в 20:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
13 ноября 2026
в 18:18
Абай ауданының Көкбай ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысанның ашылу салтанатына Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысты.Салтанатты шарада аймақ басшысы ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын дамытудың, бұқаралық спортты қолдаудың және тұрғындарға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.Айта кетейік, құрылысы үш жарым жыл бойы тоқтап тұрған нысан облыс әкімінің тапсырмасымен қайта жанданып, қажетті қаржы бөлінуінің нәтижесінде толық аяқталды.Жаңа спорт кешенінде тұрғындар мен мектеп оқушылары дзюдо, қазақ күресі, футбол және волейбол секцияларына қатыса алады.Жалпы ауданы – 1200 шаршы метр;.
Arna Press,
13 ноября 2026
в 16:28
2026 жылғы 14 қараша күні Семей қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.Жәрмеңке сағат 09:00-де «Северный» сауда орталығының аумағында өтеді. Іс-шара аясында Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынады.Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің табиғи, сапалы әрі қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға мүмкіндік бар.
Akorda.kz (KZ),
13 ноября 2026
в 16:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
13 ноября 2026
в 15:58
Семей қаласында жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 14 қараша күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Қайым Мұхамедханов көшесінің Абай көшесінен Ибраев көшесіне дейінгі аралығы автокөліктер үшін толық жабылады.Осыған байланысты № 2, 3, 5, 9, 17, 28, 29, 31, 33, 35, 36, 41, 43 және 56 бағыттағы автобустардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді.Атап айтқанда, № 2, 17 және 35 бағыттағы автобустар Жұмабаев пен Найманбаев көшелері арқылы қатынайды. № 5 бағыт Найманбаев көшесімен, ал № 3 бағыт Шәкәрім даңғылы мен Дулатов көшесі арқылы жүреді.Ал № 9, 33, 36 және 41 бағыттар Шәкәрім даңғылы мен Қабанбай батыр көшесі арқылы қатынаса, № 28 және 56 бағыттағы автобустар осы көшелерден кейін Қайым Мұхамедханов көшесіне шығады.№ 29 бағыттағы автобустар Жұмабаев, Найманбаев, Қайым Мұхамедханов және Дулатов көшелерімен жүреді. № 31 және 43 бағыттар Жұмабаев көшесінен Дулатов көшесіне қарай бағытталады.Кері бағыттағы автобустар да осы сызба бойынша қатынайды.Уақытша шектеу кезінде «Орталық алаң», «Абай алаңы», «Жастар сарайы», «Медицина академиясы» және басқа да бірқатар аялдамаларға автобустар тоқтамайды.Сонымен қатар, № 2, 17, 29, 31, 35 және 43 бағыттағы автобустар Жұмабаев көшесіндегі аялдамаға, ал № 3, 9, 28, 33, 36, 41 және 56 бағыттар Шәкәрім даңғылындағы аялдамаларға міндетті түрде тоқтайды.Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды сапарларын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік қозғалысындағы өзгерістерді ескеруге шақырады.
Arna Press,
12 ноября 2026
в 15:58
Қазақстанда автокөлік алаяқтығымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. «Тергеу мәліметінше, күдіктілер банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жалған тұлғалардың атына автокөліктерді кепілге рәсімдеп, кейін оларды шетелге заңсыз шығарып, қайта сатқан.
Arna Press,
12 ноября 2026
в 15:18
Қазақстанда 2026 жылғы қазанда іске қосылған әлеуметтік төлемдерден ерікті түрде бас тарту сервисін осы уақытқа дейін 729 азамат пайдаланған, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. Аталған сервис өзін және отбасын дербес қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар азаматтарға мемлекеттік қолдаудан өз еркімен бас тартуға мүмкіндік береді.
Akorda.kz (KZ),
11 ноября 2026
в 21:56
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
11 ноября 2026
в 18:08
Қайғылы оқиға 11 қараша күні сағат 13:53 шамасында Семей қаласында болған, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 60 жастағы ер адам биіктіктен құлау салдарынан қаза тапқан.Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Arna Press,
11 ноября 2026
в 15:28
2026 жылғы 16 қарашадан бастап Семей қаласындағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығы кезекші ХҚКО ретінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Arnapress.kzАзаматтарды қабылдау 408-орам, 21 мекенжайында жүргізіледі. Бұған Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында орналасқан №2 ХҚКО-да жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп.
EKaraganda.kz,
11 ноября 2026
в 15:15
Аталған сайлаудың өткізу тәртібі мен шарттары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен егжей-тегжейлі регламенттелген. Сайлау тағайындалған сәттен бастап Қарағанды облысының прокуратурасы осы сайлау науқанының барлық кезеңдерінде сайлау заңнамасының сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-де ең белсенді кезең – сайлау алдындағы үгіт басталды (2026 жылғы 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады).Осыған байланысты сайлау алдындағы үгіт – сайлаушыларды белгілі бір кандидатқа, саяси партияға дауыс беруге немесе оларға қарсы дауыс беруге қатысуға ынталандыру мақсатын көздейтін қызмет екенін түсіндіреміз.Бұл ретте заңнамада кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік беретін және оны қорғайтын, сондай-ақ олар туралы жалған мәліметтерден қорғайтын нормалар көзделген.Атап айтқанда, депутаттыққа кандидаттарға немесе олардың сенім білдірілген адамдарына, саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығын іске асыру барысында кедергі келтіргені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 103-бабында жауаптылық көзделген.Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлау нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау ӘҚБтК-нің 104-бабы бойынша жазаға әкеп соғады.Өз кезегінде, жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметіне байланысты жазбаша келісімінсіз қызметтер көрсетуіне тыйым салынады және бұл ӘҚБтК-нің 118-бабы бойынша құқық бұзушылық құрамын құрайды.Аталған Конституциялық заңның 27-бабы 9-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгітті сайлаушыларға тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдікті шарттармен ұсынумен, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізумен, ақша төлеумен не осындай игіліктерді беруге уәде етумен ұштастыра жүргізуге де тыйым салынады.Бұл әрекеттер сайлаушыларды сатып алу және сайлау алдындағы үгітті тиісінше жүргізбеу, оны өткізу шарттарын бұзу ретінде сараланады және ӘҚБтК-нің 122-бабының 2-бөлігі бойынша жазаға әкеп соғады.Сайлау науқаны үшін арнайы дайындалған баспа, оның ішінде иллюстрациялық материалдарды, төсбелгілерді, тулар мен жалаушаларды тегін тарату бұған жатпайды.Сайлау алдындағы үгітті бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформалар арқылы жүргізу шарттары осы заңның 27-бабының 7 және 7-1-тармақтарында бекітілгенін ерекше атап өтеміз, оларға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары:– кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективті жариялауға;– кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан бас тартуға; – аталған тұлғаларға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін теріске шығаруды баспа басылымының жақын арадағы нөмірінде теріске шығарылатын хабарлама немесе материал жарияланған көлемде, сол қаріппен және сол орында тегін жариялау мүмкіндігін беруге міндетті.Осы талаптарды сақтамау ӘҚБтК-нің 112-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде мынадай құқық бұзушылық құрамдары да кең таралған:– ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша анонимдік үгіттеу материалдарын, яғни аталған Конституциялық заңның 28-бабы 5-тармағында талап етілген міндетті деректемелері жоқ материалдарды дайындау немесе тарату (барлық үгіттік баспа материалдарында оларды шығарған ұйым, басып шығарылған орны мен таралымы, тапсырыс берген тұлғалар, қандай қаражат есебінен төленгені туралы мәліметтер болуға тиіс).Бұл талаптар онлайн-платформаларды пайдаланушыларға олар үгіттеу материалдарын шарт негізінде дайындаған жағдайда қолданылады.– ӘҚБтК-нің 114-бабы бойынша үгіттеу материалдарын қасақана жою немесе бүлдіру.– ӘҚБтК-нің 120-бабы бойынша сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарын бұзу.Сонымен қатар сот депутаттыққа кандидаттардың немесе олардың сенім білдірілген адамдарының, саяси партиялардың басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратуы, сондай-ақ сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған жағдайда әкімшілік жауаптылық қана көзделмейтінін ескеру қажет. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 104-бабының талаптарына сәйкес мұндай құқық бұзушылықтар тиісті сайлау комиссияларының осы кандидаттарды немесе партиялық тізімді тіркеу туралы шешімдерінің күшін жоюға не адамды партиялық тізімнен шығаруға әкеп соғады.Бұл ретте сайлау құқықтарына қол сұғатын барлық құқық бұзушылықтар (ӘҚБтК-нің 101–126-баптары) бойынша іс қозғау прокурордың айрықша құзыретіне жататынын атап өтеміз (ӘҚБтК-нің 805-бабы).Сонымен бірге азаматтар өздерінің сайлау құқықтары бұзылған жағдайда сотқа тікелей өз бетінше жүгінуге құқылы (ӘҚБтК-нің 807-бабы 1-бөлігінің 4-тармағы).Бұл жағдайда осы санаттағы істерді соттар бірден (прокурордың қаулысыз), бірақ прокурордың міндетті қатысуымен қарайды (сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлық құрамдары бойынша: ӘҚБтК-нің 101–126-баптары).2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлаудың қоғам мен тұтастай ел үшін ерекше маңызы мен мәнін ескере отырып, оны өткізу барысында сайлау науқанының барлық қатысушылары заңда белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтауға тиіс.Әрбір құқық бұзушылық фактісі бойынша біз заңда көзделген барлық құқықтық шараларды қабылдайтын боламыз. Қарағанды облыс прокуратурасы
EKaraganda.kz,
11 ноября 2026
в 00:05
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Ербол Исмаилов, Абай Калыков, Наиль Мунасипов, Алтай Елжасов, Данияр Сакенов, Асель Ыдрышканова және Газиза Улыкманова қатысты. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, өндіріс орындарын жаңғырту, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.Кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, өндіріс саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.«Өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрақты жұмысы өңір экономикасының дамуына тікелей әсер етеді.
Arna Press,
10 ноября 2026
в 18:58
Қазақстандағы ең ұзақ теміржол бағыттарының бірі – №37/38 «Маңғыстау – Семей» пойызының вагон паркін жаңартты, деп хабарлайды Arnapress.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ cілтеме жасап. Жаңартылған №37/38 «Маңғыстау – Семей» пойызы 9 вагоннан тұрады. Оның ішінде 4 купелі, 4 плацкарт және 1 вагон-мейрамхана бар.