Популярные темы

Семейде көше саудасына қойылатын талаптар өзгерді

Дата: 13 апреля 2023 в 23:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде көше саудасына қойылатын талаптар өзгерді
Стоковые изображения от Depositphotos

Биыл қалалық әкімдік Семей қаласының келбетін жақсарту мақсатында ауқымды тұжырымдаманы әзірледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалада әртүрлі орындарында рұқсат етілмеген көше саудалары өте көп. Бейбірекетсіз сауданың алдын алу мақсатында, биыл жағалау, Бейбітшілік аралы, Әуезов алаңы мен Абай алаңында ғана саудагерлерге көше саудасымен айналысуға рұқсат беріледі.


  — Қала тұрғындарының демалуға бос кеңістіктің аздығына шағымдануына байланысты, бұрынғыдай Арбатта, облыстық әкімдіктің алдында, көпір астында және т.б. жерлерде көше саудасымен айналысуға тыйым салынады. Біз кәсіпкерлерді әрқашан қолдауға дайынбыз. Бірақ барлығы заң жүзінде жүзеге асуы керек. Кәсіпкерлерге арнайы орындарды белгіледік, келісімшарт негізінде кәсіпкерлер сол аумақтарда көше саудасымен айналысады, — деді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Арайбек Хамзаев.


Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық талаптар сақталмайтын және қаланың сыртқы келбетін бұзатын дүңгіршектердің иелері сауда жасай алмайды.Әр саудагер 5 велосипед пен 5 көлікті жалға бере алады. Көше саудасымен айналысатын әр саудагердің маңайы таза, арнайы медициналық анықтамасы, басында арнайы телпек және фартугі болуы міндетті. Сондай-ақ, аталмыш орындарда ойыншық сатуға болмайды.



  — Ашық кеңістікте ойыншықтар ластанады. Балалар оны ауызына салады, түрлі бактериялар туындауы мүмкін. Сондықтан, ашық кеңістікте ойыншықтар сатуға рұқсат берілмейді, -деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айдар Альменов.



Айта кетерлігі, жағалау маңында тұрғындарға қолайлы болу үшін саудагерлерге арнайы орындар қарастырылды, көше саудасы бекітілген қатарда орналасатын болады. Жиын барысында дүңгіршектерді қалай ретке келтіруге болатындығы туралы эскиздар көрсетілді.

 Сурет: Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями