Популярные темы

Семей 32 батыр анаға көбейді

Дата: 19 апреля 2023 в 15:18


Семей 32 батыр анаға көбейді
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде батыр аналарға құрмет көрсетілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің демократиясын көтеріп келе жатқан көп балалы аналардың саны өсуде. Семей қаласы әкімінің орынбасары Руслан Базарбаев 32 көпбалалы анаға алтын және күміс алқаларын табыс етті.


«Біздің халық әрқашан отбасы құндылығын жоғары қойған. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер», — деді Руслан Базарбаев.

Айта кетейік, 2022 жылы Семей қаласында «Батыр ана» атағымен 2 202 ана марапатталған болатын. Бүгінгі таңда облыс орталығында 4 884 отбасы көпбалалы отбасы ретінде арнайы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуде. Аталған отбасыларда 21 159 бала тәрбиеленуде.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями