Популярные темы

Семейде мемлекет тарапынан баспанаға кезекте тұрғандардың саны өсуде

Дата: 16 апреля 2023 в 23:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде мемлекет тарапынан баспанаға кезекте тұрғандардың саны өсуде
Стоковые изображения от Depositphotos

Қайта құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласында мемлекет тарапынан берілетін баспанаға мұқтаж жандардың саны 14 мыңға жуық, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Мемлекеттік баспанаға кезекте тұрғандардың арасында жетім балалар, көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтар, жалғыз баспанасы аппаты деп танылған азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша кезекте тұрған азаматтардың саны күнделікті өзгеруде.

— Тұрғын үйге кезекте Семей қаласы бойынша барлығы 13 768 адам тұр. Бұл сан күнделікті өсуде. Мемлекет тарапынан берілетін баспанаға кезекке тұру үшін заңмен белгіленген бір санатта болу қажет, — деді Диана Шаяхметова.

Диана Шаяхметова — Қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

Қазіргі уақытта кезек күтіп тұрған ең көбі — бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Олардың саны 5 526 адам. Бұдан кейін ұзақ жылдар бойы кезекте әлеуметтік осал топтарға жататын 4 994 азамат тұр. Өз баспанасын 1 772 жетім бала күтуде. Сондай-ақ, көпбалалы 1 444 отбасы, жалғыз баспанасы аппаты деп танылған 32 қала тұрғыны мен 5 азамат «Тұрғын үй қатынастары туралы заңның» 117 бабы бойынша кезекте тұр.

Айта кетерлік жайт, берілген баспана бүгінде заңға сәйкес мемлекет балансында тіркелген. Яғни, кезекте тұрған азаматтардың бір-неше санаты баспананы жалдамалы түрде алып отыр.  

Дегенмен, кезінде тұрғын үй құрылысы болмағаннан кейін тұралап қалған кезек, Қарағайлы ықшам ауданы салынғаннан кейін тез жылжи бастады. Бұл 15-20 жылдай баспанасын күткен азаматтарға, жаңа пәтерлерінде қоныс тойын тойлауға мүмкіндік туғызып, көптеген семейліктердің басты мәселесін шешті.

Сурет: Arnapress.kz, Семей қаласы әкімдігінің ресми сайты

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями