Популярные темы

Семейде әйел 5 қабаттан құлап, жан тапсырды

Дата: 20 марта 2023 в 16:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде әйел 5 қабаттан құлап, жан тапсырды
Стоковые изображения от Depositphotos

19 наурызда сағат 22: 00 шамасында 102 пультіне 5 қабаттың қылтимасынан құлағалы тұрған әйел туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Бірақ, белгілі болғандай, үйге кіру мүмкін болмады. 

Барлық қызметтердің жедел келуіне қарамастан, әйелді құтқару мүмкін болмады. Сағат 22: 10-да ол қылтимадан құлап, сол жерде жан тапсырды. 

Абай облыстық полиция департаменті аталған фактісі бойынша Затон полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлайды. 

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Сурет: Liter.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями