Популярные темы

семейде: новости

Семейде аударыспақтан облыстық жарыс өтеді

Arna Press, 09 сентября 2026 в 15:28

Семейде аударыспақтан облыстық жарыс өтеді
Семей қаласының күніне арналған мәдени-спорттық шаралар аясында 19 қыркүйек күні аударыспақтан облыстық жарыс өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 19 қыркүйек күні, сағат 09:00 Абай облысының аудандары мен Семей қаласынан жиналған үздік спортшылар ұлттық спорттың бірегей түрі – аударыспақтан өзара мықтыны анықтайды.

Семейде қала күніне бәйге: бас жүлдеге автокөлік пен квадроцикл

Arna Press, 09 сентября 2026 в 15:28

Семейде қала күніне бәйге: бас жүлдеге автокөлік пен квадроцикл
«Семейді сүю – тарихқа бас ию!» мәдени-спорттық шарасы аясында ұлттық ат спортының ең көрікті сайыстарының бірі – бәйгеден дүбірлі жарыс өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 19 қыркүйек, сағат 11:00. Степной кентіндегі атшабарЖарыс үш бағыт бойынша ұйымдастырылады:Аламан бәйге – 25 шақырым.

Семей қаласының күніне арналған үш күндік мерекелік бағдарлама

Arna Press, 09 сентября 2026 в 15:28

Семей қаласының күніне арналған үш күндік мерекелік бағдарлама
Семей қаласы күніне арналған үш күндік мерекелік мәдени-спорттық іс-шараларға шақырамыз, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 18 қыркүйек «Семей – жүрегімдегі қала» мерекелік іс-шарасы Қалалық мәдениет сарайы,14:00«Семей батыры» күштік экстрим жарысы. Ертіс өзенінің оң жағалауы.

Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып, қаза болды

Arna Press, 08 сентября 2026 в 17:48

Семейде жаяу жүргіншіні көлік қағып, қаза болды
Семейде жол-көлік оқиғасы салдарынан 69 жастағы әйел қаза тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Қайғылы жағдай 8 қыркүйек күні сағат 12:00 шамасында болған. Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылған кезде реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.Алған жарақаттарының салдарынан 69 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.Аталған факті бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған көлік құралын басқарған тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетіп, бұрылу және басқа да маневрлер жасау кезінде барынша сақ болуға шақырады.Полиция сондай-ақ жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігіне шығар алдында, тіпті бағдаршамның рұқсат ететін сигналы жанған кезде де, айналадағы жағдайды бағалап, қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізуді ескертеді.Фото: ПД

Семейде кейбір көшелерде уақытша шектеу енгізіледі

Arna Press, 07 сентября 2026 в 20:48

Семейде кейбір көшелерде уақытша шектеу енгізіледі
2026 жылғы 7 қыркүйек сағат 22:00-ден 8 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде бетон жабындысын ауыстыру жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Нөмірсіз әрі мас күйде: Семейде мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Arna Press, 07 сентября 2026 в 14:28

Нөмірсіз әрі мас күйде: Семейде мотоцикл жүргізушісі ұсталды
Абай облысының полицейлері жол қозғалысына қауіп төндірген жүргізушінің жолын кесті, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Оқиға сағат 21:30 шамасында болған. Құқық қорғау қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалып келе жатқан RECER маркалы мотоциклді тоқтатқан.Тексеру барысында 40 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.Осылайша, азамат бірден бірнеше талапты бұзған.

Семейде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Arna Press, 04 сентября 2026 в 16:18

Семейде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
Семей қаласында жылу желілерін ауыстыру жұмыстарына байланысты Момышұлы көшесінің Ибраев көшесінен Чайжунов көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап4 қыркүйек сағат 11:00-ден 5 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін аталған учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады.Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, айналма жолдарды таңдауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұралады.Жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтап, мүмкіндігінше балама бағыттарды пайдаланған жөн.Фото: ПД

Семейде «38. Соңғы нүкте» фильмінің премьерасы өтті

Arna Press, 04 сентября 2026 в 11:18

Семейде “38. Соңғы нүкте” фильмінің премьерасы өтті
Семейде «38. Соңғы нүкте» толықметражды отандық драма-катастрофасының премьерасы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. Туындыға 2023 жылы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында болған ауқымды өрт оқиғасы арқау болған.«38. Соңғы нүкте» – қазақстандық кинематографияда драма мен апат жанрын ұштастырған туынды.

Семейде ыстық су уақытша тоқтатылады

Arna Press, 02 сентября 2026 в 16:38

Семейде ыстық су уақытша тоқтатылады
Семей қаласында жылу беру маусымына дайындық аясында 7–21 қыркүйек аралығында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасапОсыған байланысты қаланың оң және сол жағалауындағы тұрғын үйлер мен бірқатар нысандарда ыстық су уақытша тоқтатылады.Сынақтан сәтті өткен учаскелерде ыстық су беру қайта қалпына келтіріледі.

Семейде жүк көлігінен жалған мемлекеттік нөмір анықталды

Arna Press, 27 августа 2026 в 11:28

Семейде жүк көлігінен жалған мемлекеттік нөмір анықталды
Семей қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген рейд кезінде полиция қызметкерлері жүк көлігін басқарған 61 жастағы жүргізушінің құжаттары мен көлік құралы тексерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Тексеру барысында жүк көлігіне көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі тағылғаны анықталды.Көлік арнайы тұраққа қойылдыҚұқық бұзушылықтың жолы кесіліп, көлік құралын әрі қарай пайдалануға тыйым салынды.

Семейде теміржол өткелінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Arna Press, 26 августа 2026 в 17:58

Семейде теміржол өткелінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
27–29 тамыз аралығында Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінде бетон төсемін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Қозғалыс 27 тамыз — сағат 22:00-ден 28 тамыз 06:00-ге дейін және 28 тамыз — сағат 22:00-ден 29 тамыз 06:00-ге дейін шектеледі.Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша көлік қозғалысы шектеулерін ескеру сұрайлады.Фото: ЖИ

Семейде мас күйінде «Газель» басқарған жүргізуші ұсталды

Arna Press, 26 августа 2026 в 13:28

Семейде мас күйінде “Газель” басқарған жүргізуші ұсталды
Рейдтік іс-шара барысында түнгі сағат 00:00 шамасында полиция қызметкерлері «Газель» автокөлігін тоқтатып, 25 жастағы жүргізушіні тексерді, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Медициналық куәландыру нәтижесінде оның орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.Мас күйінде рөлге отыру — тек жүргізушінің емес, жолдағы барлық азаматтардың өміріне қауіп төндіреді.Бір отбасы баласының амандығын күтіп отыруы мүмкін.

Семейде кей мекенжайларда су тоқтайды

Arna Press, 25 августа 2026 в 10:58

Семейде кей мекенжайларда су тоқтайды
26.08.2026 ж. Семей қаласындағы Бозтаев көшесі бойындағы су құбырларындағы жоспарлы-алдын алу жұмыстары аясында сағат 09:00-ден жұмыстар аяқталғанға дейін мына мекенжайлар бойынша сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz «Семей Водоканалға» сілтеме жасап.Ертіс к-сі, 17а, 17б, 17в, 17г, 17д, 17е, 17ж, 17и, 17к; Өзбек к-сі, 9, 40а, 40б, 40в, 40г, 40д, 40е, 40ж;.

Семейде мас күйінде көлік жүргізген 53 жастағы жүргізуші анықталды

Arna Press, 25 августа 2026 в 10:58

Семейде мас күйінде көлік жүргізген 53 жастағы жүргізуші анықталды
Семей қаласында полиция қызметкерлері рейдтік іс-шара барысында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.Оқиға 23 тамыз, сағат 12:40 шамасында болған. Полиция қызметкерлері Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатып, 53 жастағы жүргізушіні тексерді.

Семейде көпірде жол апаты болды

Arna Press, 24 августа 2026 в 12:38

Семейде көпірде жол апаты болды
Семейдегі аспалы көпірде болған жол апаты видеосы әлеуметтік желіде таралды. Осы жөнінде Абай облысының Полиция департаменті ресми ақпарат берді, деп хабарлайды Arnapress.kzПД хабарлауынша, 23 тамыз күні сағат 23:00 шамасында Семей қаласындағы аспалы көпірде Mitsubishi Pajero және Lada Priora автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, жолдағы қоршауға соғылған.

Семейде полицейлер жоғалған 8 жастағы баланы аман-есен тапты

Arna Press, 24 августа 2026 в 12:38

Семейде полицейлер жоғалған 8 жастағы баланы аман-есен тапты
Семей қаласында полицейлер жоғалып кеткен 8 жастағы баланы жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тауып, ата-анасына аман-есен тапсырды, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. Полицияға Цемпоселок ауданындағы «Атамекен» дүкені маңында баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Бала сөйлемейтін болғандықтан және оның Ертіс өзені бағытына кетіп қалуы мүмкін деген қауіп болғандықтан, жағдай шұғыл әрекет етуді талап етті.Хабарлама түскен сәттен бастап Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, жақын маңдағы аумақ пен баланың жүруі ықтимал бағыттарды тексерді.Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде баланың орналасқан жері анықталып, ол аман-есен табылды.

Семейде кей көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Arna Press, 20 августа 2026 в 12:18

Семейде кей көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
Семей қаласындағы Мичурин және Морозов көшелерінің қиылысындағы теміржол өткелінің бетон төсемін ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі: 2026 жылғы 20 шілде сағат 22:00-ден 21 шілде сағат 06:00-ге дейін және 2026 жылғы 21 шілде сағат 22:00-ден 22 шілде сағат 06:00-ге дейін, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарынан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескерулерін сұрайды.Фото: ЖИ

Абай облысында 12 жаңа жанармай құю станциясы ашылады

Arna Press, 20 августа 2026 в 10:08

Абай облысында 12 жаңа жанармай құю станциясы ашылады
Абай облысында автожанармай құю станцияларының желісі кеңейіп, 2026–2027 жылдары Семей қаласында жаңа форматтағы 12 станция ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.2020 жылы құрылған «GAS&МҰНАЙ» кәсіпорны жанар-жағармай материалдарын көтерме және бөлшек саудада өткізеді.

Семейде бірқатар үйлерде ыстық су уақытша өшіріледі

Arna Press, 19 августа 2026 в 14:38

Семейде бірқатар үйлерде ыстық су уақытша өшіріледі
Семейдегі «343 квартал» ОЖП жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуіне байланысты және жұмыс көлемінің ұлғаюына сәйкес 2026 жылдың 15 тамызынан 2026 жылдың 31 тамызына дейін келесі мекенжайлар бойынша ыстық сумен жабдықтау кестесі ұзартылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласы әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.Силикатный кенті, 20; 21 үйлер;.

Жаңбыр жауса, жол азабына айналады: Семейде саяжай тұрғындары көмек сұрайды

Arna Press, 13 августа 2026 в 14:28

Жаңбыр жауса, жол азабына айналады: Семейде саяжай тұрғындары көмек сұрайды
Семей қаласының оң жағалауындағы Восточный кентінде тұратын тұрғындар жол мәселесін көтеріп, редакцияға шағымдарын жолдады, деп хабарлайды Arnapress.kz.Саяжай тұрғындарының айтуынша, мұнда жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселе аз емес. Соның ішінде ең өзектісі – жолдың жағдайы. Әсіресе жаңбыр жауған кезде үй аралық көшелермен жүру тұрғындар үшін үлкен қиындыққа айналады.

Семейде Халықаралық жастар күніне орай ARВАТ FEST өтті

Arna Press, 13 августа 2026 в 11:08

Семейде Халықаралық жастар күніне орай ARВАТ FEST өтті
Семей қаласында Халықаралық жастар күніне орай жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған ARВАТ FEST жастар кеші өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Шара Семей қаласы әкімдігінің және Семей қаласының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.Ашық аспан астында өткен кеш қала жастарының басын қосып, олардың өнерін көпшілікке танытуға мүмкіндік берді. Іс-шараның басты ерекшелігі – «Ашық микрофон» форматы.

Семейде кей көшелер уақытша жабылады

Arna Press, 12 августа 2026 в 17:18

Семейде кей көшелер уақытша жабылады
Лебаев көшесіндегі теміржол өткелінде ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап 2026 жылғы 13 тамыз сағат 22:00-ден 14 тамыз сағат 06:00-ге дейін; 2026 жылғы 14 тамыз сағат 22:00-ден 15 тамыз сағат 06:00-ге дейін.Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеруді және қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды.Фото: ЖИ

Семейде заңсыз қоқыс тастаған азаматтар анықталды

Arna Press, 07 августа 2026 в 11:48

Семейде заңсыз қоқыс тастаған азаматтар анықталды
Семейде абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Семей қаласында экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізілуде.Кезекті рейд барысында Қ.

Семейде кей аудандарда ыстық су беру уақытша тоқтатылады

Arna Press, 31 июля 2026 в 20:18

Семейде кей аудандарда  ыстық су беру уақытша тоқтатылады
«Теплокоммунэнерго» МКК 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, мердігер ұйымдар «ВостокМонтажИнжиниринг» ЖШС және «Alyans XXI» ЖШС тарапынан 2026 жылғы 31 шілде мен 7 тамыз аралығында бірқатар мекенжайларда ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Уақытша ыстық су берілмейтін мекенжайлар:Аталған жұмыстар алдағы жылыту маусымының сенімді әрі тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.Фото: ЖИ

Семейде көлік люгінен шыққан жасөспірімнің заңды өкілі жауапқа тартылды

Arna Press, 29 июля 2026 в 16:58

Семейде көлік люгінен шыққан жасөспірімнің заңды өкілі жауапқа тартылды
Семей қаласында көлік қозғалысы кезінде люктен денесін шығарып, өзін ұялы телефонға видеоға түсірген жасөспірімнің заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы ПД сілтеме жасапАбай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

«Семейде алаяқтардың жаңа айласы: жылу қызметкері болып хабарласып, SMS-код сұрайды»

Arna Press, 28 июля 2026 в 14:48

“Семейде алаяқтардың жаңа айласы: жылу қызметкері болып хабарласып, SMS-код сұрайды”
Редакциямызға қала тұрғынынан алаяқтардың жаңа айласы туралы ескерту келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz Оқырманның айтуынша, соңғы уақытта өзін жылу коммуналдық қызметінің қызметкері ретінде таныстыратын белгісіз адамдар тұрғындарға телефон соғып, түрлі сылтаумен жеке мәліметтер мен SMS арқылы келген бір реттік растау кодын сұрайды.

Семейде 8 жасар баланың суға батып кетті

Arna Press, 27 июля 2026 в 10:28

Семейде 8 жасар баланың суға батып кетті
2026 жылғы 24 шілдеде Семей қаласының Пединститут ауданында 8 жасар баланың суға кетуіне байланысты қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Arnapres.kz ТЖД сілтеме жасап.Оқиға орын алған аумақ суға түсуге қауіпті учаске болып табылады. Аталған жерде қауіп туралы ескертетін арнайы белгі орнатылған болатын.

Семейдегі шағын ауданда бір күнде екі бала терезеден құлады

Arna Press, 24 июля 2026 в 12:48

Семейдегі шағын ауданда бір күнде екі бала терезеден құлады
Семейде Қарағайлы ықшам ауданында екі баланың терезеден құлау оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Arnapress.kzОсы оқиғаға байланысты мән-жайды білу үшін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарластық.Ведомство ұсынған мәліметке сәйкес, 23 шілде күні Семей қаласында балалардың терезеден құлауына қатысты екі қайғылы оқиға тіркелгенін растады.Бірінші жағдайда, Қарағайлы шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатындағы пәтер терезесінен 2024 жылы туған сәби ересектердің қарауынсыз қалып, құлап кеткен. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттарынан сәби оқиға орнында көз жұмды.Оқиға орнына Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 1 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.Сол күні Қарағайлы шағын ауданында тағы бір осындай оқиға болды. Үш жасар бала ересектердің қарауынсыз қалып, 9 қабатты тұрғын үйдің 2-ші қабатындағы пәтердің терезесінен құлаған.Оқиға салдарынан түрлі дене жарақатын алған бала аурухананың травматология бөліміне жеткізілді.

Семейден жаңа әуе бағыттары ашылады

Arna Press, 23 июля 2026 в 18:28

Семейден жаңа әуе бағыттары ашылады
Биылғы жылдан бастап Семей қаласынан бірнеше жаңа әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz VIETJET QAZAQSTAN әуе компаниясына сілтеме жасап. 2026 жылғы 3 тамыздан бастап VIETJET QAZAQSTAN Астана–Семей–Астана жаңа бағытын ашады. Коммерциялық рейстер аптасына төрт рет: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.

Семейде 6 жастағы баланың отпен ойнауы автокөліктің өртенуіне әкелді

Arna Press, 22 июля 2026 в 12:18

Семейде 6 жастағы баланың отпен ойнауы автокөліктің өртенуіне әкелді
Семей қаласында 15 шілде күні 352-кварталдағы тұрғын үй ауласында болған автокөлік өртінің себептері анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.Полицияның мәліметінше, бейнебақылау камераларын тексеру барысында өртке дейін көлік маңында үш кәмелетке толмаған баланың жүргені белгілі болған.
Показано 30 новостей из 249