Популярные темы

Семейде көпқабатты үйде өрт шықты

Дата: 28 февраля 2023 в 19:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде көпқабатты үйде өрт шықты
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін сағат 10:36-да «101» пультіне Спартак көшесінде көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде түтін бар екендігі туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Абай облысы ТЖД ӨС ж АҚЖҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде кіреберісте қатты түтін болды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құрғаннан кейін құтқарушылар дереу барлауға кірісті. Осы уақытта үйдің тұрғындары өздігінен эвакуацияланды.

«Барлау барысында үшінші қабаттағы пәтерде 5 шаршы метр алаңда жиһаз және жеке заттар жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің тез әрекеттерінің арқасында қызыл жалын қысқа мерзімде ауыздықталды. Өрт кезінде 1986 жылы туған әйел және 2016 жылы туылған бала жану заттарымен уланудың жеңіл дәрежесін алды, ауруханаға жатудан бас тартты» — делінген хабарламада.

Өрттің алдын-ала себебі — отты абайсыз пайдалану.

Абай облысының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады. Төтенше жағдай туындаған кезде «101» немесе «112«нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

Сурет: «Абай облысы ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» РММ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями