Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде Ертіске батып кеткен ер азаматтың денесі табылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2023 жылдың 11 наурызында Семей қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының «102» арнасына Алматы қаласының тұрғыны ағасын іздеуде көмек көрсету туралы өтінішпен хабарласты. Ер адам 8 наурызда үйден шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз болды. Соңғы рет ер азаматты Ертістің бойында көрген» — делінген ресми хабарламада.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде хабар-ошарсыз кеткен адамның суға батып кеткендгін анықтады.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүзеге асырылуда.
Жауапты ведомство өкілдері Ертістің бойында балық аулаушылардан мұқият болып, өз өмірлерін қатерге тікпеуге сұрайды.
Сурет: today.ru
По сообщению сайта Arna Press