Популярные темы

Семейде мектеп оқушылары өз құрдасын аямай соққыға жықты

Дата: 17 апреля 2023 в 00:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде мектеп оқушылары өз құрдасын аямай соққыға жықты
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында қаланың білім беру мектептерінің бірінің оқушылары өз құрдастарына дене жарақатын салған бейнежазба орнатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға ағымдағы жылдың 10 сәуірінде href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласында болған. 15 сәуірде ҚР ҚК 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 

Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізілуде. Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілуге жатпайды, деді href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжанов.
 

Сонымен қатар, полиция департаменті әлеуметтік желілерді пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.

Сурет: ашық дереккөздерден алынған

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями