Популярные темы

Семейде мектептің асханасында оқушы қайтыс болды

Дата: 11 апреля 2023 в 15:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде мектептің асханасында оқушы қайтыс болды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейде 13 жасар оқушы мектептің асханасында тамақтанып, қайтыс болды, деп  хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысының білім басқармасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай оқушы түскі ас кезінде есінен танып қалған. Абай облысының білім басқармасының ақпараты бойынша алғашқы медициналық көмек дереу көрсетілген, алайда бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.

Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша бала  тамақтың ірі кесектеріне шашалып, тыныс алу жолдарының жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан қайтыс болды.

Интернатқа ол Семей қаласының 2016 жылғы 13 қаңтардағы «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы» негізінде қабылданды, оған «Ақыл-ойының жеңіл кемістігі» диагнозы қойылды. Дүйсенбіден жұмаға дейін № 6 арнайы мектеп — интернатта тұрып, оқыды. Сенбі және жексенбі күндері анасы үйіне алып кететін, — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями