Популярные темы

Семейде «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдау аяқталды

Дата: 17 марта 2023 в 15:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде
Стоковые изображения от Depositphotos

Қалалық әкімдік ғимаратында қоғамдық кеңес мүшелері мен Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшылары бірлесіп «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі  қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия төрағасы Семей қаласы әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетов тұрғындардың талап-тілегін орындау маңызды екенін атап өтіп, жобаның өзектілігіне баса назар аудару керек деп айтты. Семей қаласы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсына тұрғындар тарапынан 27 жоба келіп түсті.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы — бұл жергілікті тұрғындардың қаланы көріктендіруге, абаттандыру, жолжиектерін, пандустарды орнату сынды жұмыстарға қатысуы. Халықпен ұсынылған жобалар арнайы сарапшылардан құрылған комиссиямен қаралады. Атап айтқанда, тұрғындардың қаланы абаттандыруда жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндігі бар.

Семей қаласы әкімі аппаратының жанынан құрылған Сараптамалық кеңестің болжамды отырысы кеше өткізіліп, жобалар сарапталды. Нәтижесінде 18 жоба әлі де қарастыруды қажет етеді. 2 жоба «Халық қатысатын бюджет» жобасының ережесінің талабына сәйкес келмегендіктен кері қайтарылды. 7 жоба қабылданды.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қыметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями