Популярные темы

Мектеп: новости — страница 3

Семейде мектеп бітірушілер жол ережелерін өрескел бұзды

Arna Press, 05 июня 2023 в 11:48

Семейде мектеп бітірушілер жол ережелерін өрескел бұзды
Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында аспалы көпірмен жол қозғалысы ережелерін бұзудың айқын белгілері бар түлектер түсірілген бейне анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«TOYOTA» көлік құралының 19 жастағы жүргізушісіне қатысты 2 әкімшілік хаттама толтырылды: — ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін. — ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі бойынша көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамды басқарғаны үшін (оқу сапарынан басқа), сол сияқты көлік құралын тиісті көлік санатын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің басқарғаны үшін.«Бұдан басқа, «TOYOTA» көлік құралының 20 және 19 жастағы жолаушыларына қатысты ҚР ӘҚБтК 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, яғни жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы бойынша», делінген баспасөз хабарламасында.

Семейде жалған номер тағып алған лимузин жүргізушісі ұсталды

Arna Press, 02 июня 2023 в 15:38

Семейде жалған номер тағып алған лимузин жүргізушісі ұсталды
Ағымдағы жылдың 1 маусымы күні соңғы қоңырау мен балалар күні мерекесіне орай қаланы патрульдеу барысында Семей қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «HAMMER» маркалы лимузин автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көлік мектеп бітіруші түлектерді тасымалдаған.

Абай облысының барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Arna Press, 01 июня 2023 в 13:48

Абай облысының барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды
Биылғы оқу жылында Абай облысында мектепті 4 522 түлек бітіреді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мектеп бітірушілердің 179 түлегі «Алтын белгіге», 441 түлек «Үздік аттестат» иегері атануға үмітті.Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс бойынша 4 034 түлек өтеді, 3 181 қазақ тілінде, 953 оқушы орыс тілінде ҰБТ тапсырады.Облыс орталығы Семейде биылғы оқу жылын 68 мектеп бойынша 1937 түлек тәмамдады.

Антикор Астанадағы мектептердің бірін оқушылардың шағымынан кейін тексере бастады

Arna Press, 26 мая 2023 в 11:48

Антикор Астанадағы мектептердің бірін оқушылардың шағымынан кейін тексере бастады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астананың білім басқармасымен бірлесіп, қаладағы мектептердің бірінде тексеруді бастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Мектеп оқушыларының айтуынша, 2022-2023 оқу жылында олар «Абайтану», «Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы», «Жаһандық құзыреттілік» факультативтік пәндерін оқуға тиіс болған.

Биыл Семей қаласында «Алтын белгіге» 60 оқушы үмітті

Arna Press, 25 мая 2023 в 14:48

Биыл Семей қаласында
Биыл 1 маусым күні Семей қаласы бойынша 11 сыныпты 1937 оқушы тәмәмдайды, оның ішінде «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны — 60, үздік аттестатқа — 155, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы «Алтын белгі» белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1417 (73,1%) оқушы қатысты.Орташа балл — 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады», − деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.

Оқу-ағарту министрі Абай облысының педагогтерімен кездесті

Arna Press, 21 мая 2023 в 15:48

Оқу-ағарту министрі Абай облысының педагогтерімен кездесті
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Аягөз, Үржар және Жарма аудандарының педагогтерімен кездесулер өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ғани Бейсембаев кездесу кезінде әсіресе, сапалы білім беру мен кәсіби дамуды қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына және педагогтердің білімін бағалау өткізу ережелеріндегі өзгерістерге баса назар аударды.«Министрлік «Білім беру өзгерістерінің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервін қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.

Абай облысының бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанады

Arna Press, 04 мая 2023 в 16:58

Абай облысының бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанады
Бұл туралы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте әкімнің орынбасары Шалқар Байбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол бастауыш сынып оқушыларынан бөлек, 350 балабақшада көпбалалы отбасылардан 5 700 бала тегін тамақтана алатынын атап өтті.«Осы санаттағы балалар қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға тегін барады. Қамқоршыларға 600 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемақы төлеуге 200 млн теңге қарастырылған», — деді Шалқар Байбеков.Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2027 жылға дейін облыста 9500 орындық 18 мектеп салынады.

Семейде мектеп оқушылары өз құрдасын аямай соққыға жықты

Arna Press, 17 апреля 2023 в 00:08

Семейде мектеп оқушылары өз құрдасын аямай соққыға жықты
Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында қаланың білім беру мектептерінің бірінің оқушылары өз құрдастарына дене жарақатын салған бейнежазба орнатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Семей қаласында болған.

Абай облысында екі аптаның ішінде 190-нан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты

Arna Press, 12 апреля 2023 в 18:58

Абай облысында екі аптаның ішінде 190-нан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты
Абай облысында «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» науқаны қорытындыланды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекіту мақсатында ағымдағы жылдың 27 наурызы мен 10 сәуірі аралығында Абай облысының аумағында «Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» кең ауқымды науқан өткізілді.

Семейлік оқушылар Қазақстанның намысын Англияда қорғайтын болады

Arna Press, 12 апреля 2023 в 17:48

Семейлік оқушылар Қазақстанның намысын Англияда қорғайтын болады
Физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушылары Ален Аусенов пен Алина Климова Англияға баруға мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кембридж университетінде өтетін халықаралық International Competition for Young Debaters чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.Олар бұл мәртебеге Астана қаласында мектеп оқушыларының арасында пікір-сайыстан өткен ұлттық чемпионатта ие болған.

Семейдегі мектеп-интернатта 13 жастағы оқушы қайтыс болды

Arna Press, 11 апреля 2023 в 23:08

Семейдегі мектеп-интернатта 13 жастағы оқушы қайтыс болды
Семейдегі мектеп-интернатта түскі ас кезінде 13 жастағы оқушы қайтыс болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қайғылы оқиға бірнеше күн бұрын болған. Әлеуметтік желілерде интернатта 13 жастағы оқушының қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.Абай облысының білім басқармасы жағдайға қатысты пікір білдіріп, 7 сәуірде болған оқиғаның мән-жайын айтты.«2010 жылы туылған кәмелетке толмаған оқушы түскі ас кезінде есін жоғалтқан.

Семейде мектептің асханасында оқушы қайтыс болды

Arna Press, 11 апреля 2023 в 15:58

Семейде мектептің асханасында оқушы қайтыс болды
Семейде 13 жасар оқушы мектептің асханасында тамақтанып, қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысының білім басқармасына сілтеме жасап.Белгілі болғандай оқушы түскі ас кезінде есінен танып қалған. Абай облысының білім басқармасының ақпараты бойынша алғашқы медициналық көмек дереу көрсетілген, алайда бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды.Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша бала тамақтың ірі кесектеріне шашалып, тыныс алу жолдарының жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан қайтыс болды.Интернатқа ол Семей қаласының 2016 жылғы 13 қаңтардағы «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы» негізінде қабылданды, оған «Ақыл-ойының жеңіл кемістігі» диагнозы қойылды.

Абай обылысында алғаш рет дарынды түлектерге арналған форум өтті

Arna Press, 08 апреля 2023 в 22:38

Абай обылысында алғаш рет дарынды түлектерге арналған форум өтті
Шәкәрім атындағы университетте облысымыздың тарихында тұңғыш рет дарынды түлектерге арналған форум өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«DARYN FEST» форумның басты мақсаты – Абай облысының зияткерлік элитасын қалыптастыру, дарынды түлектерді анықтау, қолдау және өңірге қызмет ету идеясын тарату.Дарынды түлектер Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емельбаевпен, Tik-Tok пен Instagram желілеріне химия пәнінен аниме стильмен шағын видеосабақ түсіріп танылған ұстаз Ұлан Үсеновпен кездесті.«Мен біріншіден осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

От пересмотра программ и до формирования критического мышления. Власти намерены реформировать систему образования

Новости Кыргызстана, 08 апреля 2023 в 14:22

От пересмотра программ и до формирования критического мышления. Власти намерены реформировать систему образования
6 апреля прошел форум по направлениям реформирования системы образования в Кыргызстане. На нем выступили глава Кабмина Акылбек Жапаров и министр образования Каныбек Иманалиев. Оба поделились планами, как власти намерены реформировать систему образования.Глава Кабмина в своем выступлении обозначил пять основных направлений по реформированию системы образования.

Семей қаласының оқушылары туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.

Arna Press, 07 апреля 2023 в 16:58

Семей қаласының оқушылары  туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.
Семей қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің оқушылары Маратов Нұрлыхан мен Темірбаев Темірлан туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мобильді қосымшаның аты — Discover Abai. Қосымшаның артықшылығы — біз жайлылықпен саяхаттауға мүмкіндік береміз, сондай-ақ туристерге жаңа жерлерді табуға, қазақ тілін үйренуге және жергілікті мәдениетпен танысуға көмектесеміз, — дейді Нұрлыхан.

1 cәуірден бастап мектепке бару үшін құжаттар қабылданады

Arna Press, 31 марта 2023 в 18:38

1 cәуірден бастап мектепке бару үшін құжаттар қабылданады
Мектепке бару үшін құжаттарды 1 сәуірден 1 тамызға дейін Еgov.kz электрондық үкімет порталы және e.Bilimal жүйесі арқылы электронды форматта тапсыруға болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіМектептер 1-сыныпқа 6 жастан және 2023 жылдың соңына дейін 6 жасқа толған балаларды қабылдайды. Қызмет көрсету аймағы мектептерде бекітілген.

Алматы облысында 2-сынып оқушысын зорлау дерегі тергеліп жатыр

Arna Press, 30 марта 2023 в 17:58

Алматы облысында 2-сынып оқушысын зорлау дерегі тергеліп жатыр
Алматы облысында 2-сынып оқушысын зорлау дерегі тексеріліп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға туралы 29 наурызда НеМолчи.kz қоры жариялады. Қорға Алматы облысы Жамбыл ауданы Қасымбек ауылының жұртшылығы жүгінген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жантүршігерлік оқиға биыл 23 наурызында жергілікті мектепте болған.«Бір апта бұрын мектепте жантүршігерлік оқиға болды: бесінші сыныптың екі оқушысы бастауыш мектептің екінші сыныбында оқитын баланы зорлаған.

Абай облысы бойынша туылған нәрестелердің 95,2% туберкулезге қарсы вакцина алды

Arna Press, 20 марта 2023 в 15:08

Абай облысы бойынша туылған нәрестелердің 95,2% туберкулезге қарсы вакцина алды
Орталық ақпараты бойынша облыста туберкулез ауруын ерте анықтау үшін халықаралық стандарттарға сәйкес диагностикалаудың заманауи тәсілдері қолданылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыстық фтизиопульмонология орталығында алдыңғы қатарлы BACTEC MGIT-960, Hain-test, Gene-Xpert инновациялық лабораториялық құрал-жабдықтары орнатылған.

Пара алғаны үшін «Алматы жылу желілерінің» бас директоры және бірнеше қызметкері сотталды

Arna Press, 13 марта 2023 в 18:38

Пара алғаны үшін
«Алматы жылу желілерінің» бас директоры мен басқа да басшылары жемқорлық үшін сотталды. Олар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен пара алғаны үшін:«Алматы жылу желілері» бас директоры К.

В Балхаше в этом году отремонтируют дороги на 12 улицах

EKaraganda.kz, 09 марта 2023 в 19:25

В Балхаше в этом году отремонтируют дороги на 12 улицах
О социально-экономическом развитии Балхаша на брифинге на платформе Региональной службы коммуникаций рассказал аким города Кайрат Камзин. В этом году должно завершиться строительство двух многоэтажек в 10-м микрорайоне. Начнётся возведение четырёх домов на 45 квартир.– Планируем приобрести 50 квартир в строящихся домах для очередников, – сказал аким Балхаша Кайрат Камзин. – Средним ремонтом в городе будут охвачены 12 улиц.

Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектеп салуға жұмсалады?

Arna Press, 02 марта 2023 в 13:08

Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектеп салуға жұмсалады?
Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген қаржыдан Қаржы министрлігі шотына қанша ақша аударылғанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қаржы министрінің айтуынша, қазірдің өзінде жемқор шенеуніктерден тәркіленген 120 миллиард теңге арнайы есепшотқа жиналған.

Семейлік ұстаздар халықаралық байқауда жүлделі болды

Arna Press, 13 февраля 2023 в 16:28

Семейлік ұстаздар халықаралық байқауда жүлделі болды
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қос ұстазы V Халықаралық «IMPACT Olympiad-2023» ашық шығармашылық байқауында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласындағы ФМБ НЗМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушылары арасында өткен дәстүрлі байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Грузия, Ресей және т.б мемлекеттерден 200-ден астам ұстаздар қатысқан.

Абай облысының полицейлері қалта ұрыларын ұстады

Arna Press, 10 февраля 2023 в 20:08

Абай облысының полицейлері қалта ұрыларын ұстады
Сонымен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қымбат телефондарды ұрлады деген күдікпен полицияның көзіне облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны түсті деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жұмыссыз ер адам қоғамдық көліктерде қылмыстық жымқырумен айналысып, көлік ішіндегі дүрбелеңді пайдаланып, ұялы телефонды мектеп оқушысының қалтасынан ұрлап кеткен.

Абай облысында өткен қайырымдылық балынан жиналған қаражат балалар үйіне жіберілді

Arna Press, 07 февраля 2023 в 18:38

Абай облысында өткен қайырымдылық балынан жиналған қаражат балалар үйіне жіберілді
Айта кетейік, Абай облысындағы алғаш рет өткізілген қайырымдылық балынан жиналған қаражаттың 30 миллион теңгесі балалар үйлерінің есепшотына аударылған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаражат балалар үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.Еске салар болсақ, желтоқсан айының соңында «Ақ Ертіс» қоры Семей қаласында алғашқы қайырымдылық балын өткізген болатын.

Абай обылысында 11 жаңа мектеп салу көзделіп отыр

Arna Press, 26 января 2023 в 16:18

Абай обылысында 11 жаңа мектеп салу көзделіп отыр
Абай обылысында 11 жаңа мектеп салу көзделіп отыр, деп хабарлайды Аrnapress.kz тілшісі. Бұл туралы брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков мәлім етті.''Білім нысаны біз үшін үлкен жауапкершілік. Облысымызда 5700 орындық 11 мектептің құрылысы жоспарда.

Сәтбаевта мұғалім оқушыға 2 қойғаны үшін баланың туысынан сөз естіген 17 января 2023, 17:16

Tengrinews, 17 января 2023 в 17:23

Сәтбаевта мұғалім оқушыға 2 қойғаны үшін баланың туысынан сөз естіген
                17 января 2023, 17:16
Сәтбаев қаласындағы мектепте мұғалім оқушыға 2 қойғаны үшін баланың туысынан сөз естіген. Оқушының туысы сол мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып шыққан. Ұлытау облысының білім басқармасының басшысы Сафура Сейдуәлиқызы бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда қаңтар айындағы ҰБТ басталды

Arna Press, 10 января 2023 в 18:48

Қазақстанда қаңтар айындағы ҰБТ басталды
Бүгін қаңтар айындағы ҰБТ басталды. Ол 10 ақпанға дейін өткізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тестілеуге қатысуға 125 мыңға жуық өтініш түсті. Өтініштерді қабылдау ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін жүргізілді.Қаңтардағы ҰБТ-ға жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер, шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ-дан басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген ЖОО білім алушылары, ️ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниет білдірушілер, сондай-ақ қалауы бойынша ЖОО ақылы негізде оқуға қабылданғысы келетін мектеп түлектері қатысады.Тіркелу кезінде тест тапсырушылар емтихан орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.

Қарағанды облыстық филиалының төрағасы тағайындалды

EKaraganda.kz, 21 декабря 2022 в 18:05

Қарағанды облыстық филиалының төрағасы тағайындалды
Алтынбеков Бекзат Қомарұлы 1973 жылы 8 сәуірде Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. 2007 жылдың маусым айынан «AMANAT» партиясының мүшесі. 1980-1990 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Қоңырат кеңшарындағы Қ.Нұржанов атындағы орта мектебінде білім алған. Екі жоғары білімі бар.А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Более 20 медучреждений построят в Шетском районе

EKaraganda.kz, 21 декабря 2022 в 10:45

Более 20 медучреждений построят в Шетском районе
Кроме этого, в Агадыре приводят в порядок местную больницу. Она обслуживает более 15 тысяч жителей самого посёлка и близлежащих сёл.Идёт капитальный ремонт медучреждения. Работы начаты со стационарного блока, полностью заменены теплотрасса и кровля, завершены все наружные отделочные работы.На объекте побывал аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев.– Сейчас идут внутренние отделочные работы.

«Қазақстан халқына» қоры ШҚО-дағы тірек мектепті жарақтады

Arna Press, 20 декабря 2022 в 12:28

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы Марқакөл ауылының №1 орта мектебінде материалдық-техникалық база толығымен жаңартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ауыл шекаралас аймақта облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан.
Показано 30 новостей из 169