Популярные темы

Семей қаласының оқушылары туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.

Дата: 07 апреля 2023 в 16:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семей қаласының оқушылары  туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты.
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің  оқушылары Маратов Нұрлыхан мен Темірбаев Темірлан туристерге арналған мобильді қосымша ойлап тапты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мобильді қосымшаның аты — Discover Abai. Қосымшаның артықшылығы — біз жайлылықпен саяхаттауға мүмкіндік береміз, сондай-ақ туристерге жаңа жерлерді табуға, қазақ тілін үйренуге және жергілікті мәдениетпен танысуға көмектесеміз, — дейді Нұрлыхан.

 

Айта кетейік, осы қосымшаны оқушылар «HACKATHON-2023» республикалық хакатонда қорғап, бас жүлдені иеленді.

Қазақ, ағылшын және орыс тілінде қолдану мүмкіндігі бар қосымшаға тіркелуге болады. Орындарды таңдаулыларға қосу, пікір қалдыру, кері байланыс және басқа профильдерді қарау жағы да қарастырылған.Туристерге ыңғайлы болу үшін қосымшада орындар санатын таңдауға болатын кірістірілген карта бар, пайдаланушы белгілі бір объектінің орналасқан жерін, оның мекен-жайын басу арқылы біле алады.

Туристер үшін қазақ тілі сабақтары, Абай облысынан шыққан ұлы адамдардың өмірбаяны, Абай Құнанбаев өлеңдері бар.

Жобаның клиенттік бөлігі React Native кітапханасын қолдана отырып, JavaScript-те жасалған. Технологияның бұл жиынтығының Java, Swift, Kotlin-ден айырмашылығы, JavaScript-тегі код Android Және iOS жүйелерінде жұмыс істейді. Яғни, әр амалдық жүйе үшін бөлек код жазудың қажеті жоқ. Сонымен қатар технологияның бұл жиынтығы жобаны масштабтауды және сынауды жеңілдетеді, — дейді Темірбаев Темірлан.

 

Алдағы уақытта қосымша жетілдіріліп, барлық платформаларға жүктеледі дейді қатысушылар.

Сурет: Абай облысы баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями