Популярные темы

Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектеп салуға жұмсалады?

Дата: 02 марта 2023 в 13:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектеп салуға жұмсалады?
Стоковые изображения от Depositphotos

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген қаржыдан Қаржы министрлігі шотына қанша ақша аударылғанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы министрінің айтуынша, қазірдің өзінде жемқор шенеуніктерден тәркіленген 120 миллиард теңге арнайы есепшотқа жиналған. Ол ақша қалай жұмсалатынын да айтты.

«Қазіргі уақытта бұл есепшотта 120 миллиард теңге бар. Қазір Оқу-ағарту министрлігінің өтініштерін күтіп отырмыз. Қажеттілік бар мектептерді жөндейміз. Бұл үш ауысымды мектептер, онда жедел жөндеу жұмыстары жүргізілу керек, белгілі бір кеңейту жұмыстары аяқталуы керек. Қазір өтініш беру процесі жүріп жатыр. Біз оларды жасақтаған бойда республикалық бюджет комиссиясына береміз, содан кейін бұл ақшаны аймақтарға жібереміз», — деп түсіндірді Ерұлан Жамаубаев.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями