Популярные темы

Семейлік оқушылар Қазақстанның намысын Англияда қорғайтын болады

Дата: 12 апреля 2023 в 17:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейлік оқушылар Қазақстанның намысын Англияда қорғайтын болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушылары Ален Аусенов пен Алина Климова Англияға баруға мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кембридж университетінде өтетін халықаралық International Competition for Young Debaters чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.

Олар бұл мәртебеге Астана қаласында мектеп оқушыларының арасында пікір-сайыстан өткен ұлттық чемпионатта ие болған.

  — Ұлттық чемпионатқа іріктеуден өткен 38 команда қатысты. Дебат түрлі тақырыптарды қамтыды. Оның ішінде қоғамдағы әлеуметтік мәселелерден бөлек, әлемдік деңгейде шешімін табуы тиіс саяси жағдайларға байланысты да сұрақтар көтерілді. Чемпионатқа тыңғылықты дайындалуымызға көмек жасаған жетекшіміз Зухра Зайниеваға алғысымызды білдіргіміз келеді, -дейді пікір-сайысшылар.

«ElUmiti» корпоративтік қоры қолдау білдірген ұлттық чемпионат ағылшын тілінде ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Сурет: Семей қаласындағы ФМ бағытындағы НЗМ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями