Популярные темы

Абай обылысында алғаш рет дарынды түлектерге арналған форум өтті

Дата: 08 апреля 2023 в 22:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай обылысында алғаш рет дарынды түлектерге арналған форум өтті
Стоковые изображения от Depositphotos

Шәкәрім атындағы университетте облысымыздың тарихында тұңғыш рет дарынды түлектерге арналған форум өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«DARYN FEST» форумның басты мақсаты – Абай облысының зияткерлік элитасын қалыптастыру, дарынды түлектерді анықтау, қолдау және өңірге қызмет ету идеясын тарату.Дарынды түлектер Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емельбаевпен, Tik-Tok пен Instagram желілеріне химия пәнінен аниме стильмен шағын видеосабақ түсіріп танылған ұстаз Ұлан Үсеновпен кездесті.

«Мен біріншіден осы шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Бұл шараның басқа облыстардан ерекшелігі Softskills бағытына аса көңіл бөлінетіні мені қуантты. Кәсіптік бағдар беру мәселесі бүгінгі таңда өте өзекті, осы форумда жастар көп мамандықтар туралы толық білді, IT мамандықтың артықшылығын ұғынды. ҰБТ тапсырудағы биылғы жаңалық информатика пәнінен тест тапсыру. Cондай ақ, техникалық мамандықтарға биыл гранттар көп бөлінді, педагогикалық мамандықтарға да сұраныс көбейіп келеді. Жалпы бүгінгі форум жағымды, заманауи түрде өтті» — деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емельбаев.

Жиынның екінші бөлімінде табысты тұлғалардың дәрісі тыңдалды. Университет ректоры Бауыржан Ердембеков оқу орны тарапынан мектеп түлектеріне тамаша мүмкіндік жасалып жатқанын атап өтіп, 2 оқушыға «Шәкәрім білім гранттарын» табыстады.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями