Популярные темы

Семейде жалған номер тағып алған лимузин жүргізушісі ұсталды

Дата: 02 июня 2023 в 15:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде жалған номер тағып алған лимузин жүргізушісі ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ағымдағы жылдың 1 маусымы күні соңғы қоңырау мен балалар күні мерекесіне орай қаланы патрульдеу барысында Семей қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «HAMMER» маркалы лимузин автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік мектеп бітіруші түлектерді тасымалдаған. Нәтижесінде, аталған көлік иесінің жалған номер тағып алғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК 590 бабы 4 бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.

«Бұл бап Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн сәйкестендіруге кедергі келтіретін, не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару бойынша жауапкершілікті көздейді.  Осы баптың санкциясы бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға және бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеліп соғады», делінген баспасөз хабарламасында.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями