Популярные темы

Абай облысының барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды

Дата: 01 июня 2023 в 13:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Биылғы оқу жылында Абай облысында мектепті 4 522 түлек бітіреді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп бітірушілердің 179 түлегі «Алтын белгіге», 441 түлек «Үздік аттестат» иегері атануға үмітті.

Ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуден облыс бойынша 4 034 түлек өтеді, 3 181 қазақ тілінде, 953 оқушы орыс тілінде ҰБТ тапсырады.

Облыс орталығы Семейде биылғы оқу жылын 68 мектеп бойынша 1937 түлек тәмамдады. Олардың ішінде 60 түлек «Алтын белгіге» үміткер болып табылса, 155 түлек «Үздік аттестат» иегері атануға үмітті.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями