Популярные темы

Абай облысында екі аптаның ішінде 190-нан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты

Дата: 12 апреля 2023 в 18:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында екі аптаның ішінде 190-нан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында «Жолдағы балалардың қауіпсіздігі» науқаны қорытындыланды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдардағы қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекіту мақсатында ағымдағы жылдың 27 наурызы мен 10 сәуірі аралығында Абай облысының аумағында «Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі» кең ауқымды науқан өткізілді. Бұл алдын алу іс-шара жергілікті атқарушы органдардың, денсаулық сақтау, білім беру органдарының, сондай-ақ мүдделі азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесіп өткізілді.

Акция аясында полиция қызметкерлері көше-жол желісіне жақын орналасқан 304 жалпы білім беру мекемесін тексерді, нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою туралы 216 ұйғарым берілді, сондай-ақ 131 жол белгісін ауыстыру және орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Оқу орындарының балансындағы 398 мектеп автобусына техникалық тексеру жүргізілді.

Өткізілген кең ауқымды акцияның 14 күнінде тәртіп сақшылары 3 800-ден астам жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Осылайша, полицейлер жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін бұзған 180-нен астам жүргізушіні, балаларды тасымалдау және балаларды ұстау құрылғыларын пайдалану ережелерін бұзған 190-нан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.

– Аталған акция аясында полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында кең ауқымды профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды, – деп атап өтті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әсет Өтепов.

Бұл жұмыс жас қозғалыс инспекторларының қатысуымен жоғары сыныптар арасында оқыту дәрістері мен семинарлар, ақпараттық дөңгелек үстелдер, кіші сыныптар арасында сабақтар мен ойындар түрінде ұйымдастырылды. Акция аясында полицейлер 760-тан астам профилактикалық түсіндіру іс-шараларын өткізді.

Сурет: Polisia.kz
 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями