Популярные темы

Семейлік ұстаздар халықаралық байқауда жүлделі болды

Дата: 13 февраля 2023 в 16:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейлік ұстаздар халықаралық байқауда жүлделі болды
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қос ұстазы V Халықаралық «IMPACT Olympiad-2023» ашық шығармашылық байқауында жүлдегер атанды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласындағы ФМБ НЗМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Математика, физика және информатика пәндері  мұғалімдері мен олимпиадалық резерв жаттықтырушылары арасында өткен дәстүрлі байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Грузия, Ресей және т.б мемлекеттерден 200-ден астам ұстаздар қатысқан. Олимпиада барысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.

3 күндік байқау қорытындысы бойынша мектептің математика пәнінің мұғалімі Нұрғазы Тұрсынғазин күміс медаль, информатика пәнінің мұғалімі Жасұлан Амежанов қола медальді жеңіп алды.

Нұрғазы Тұрсынғазин

Жасұлан Амежанов

Айта кетерлігі, Нұрғазы Сейітқазыұлы зияткерлік мектеп жүйесінде – 8, Жасұлан  Жасболатұлы 3 –ші жыл еңбек етуде.

Фото: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ баспасөз қызметі, culture.ru

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями