Стоковые изображения от Depositphotos
Сонымен, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қымбат телефондарды ұрлады деген күдікпен полицияның көзіне облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны түсті деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыссыз ер адам қоғамдық көліктерде қылмыстық жымқырумен айналысып, көлік ішіндегі дүрбелеңді пайдаланып, ұялы телефонды мектеп оқушысының қалтасынан ұрлап кеткен. Осыған ұқсас схемамен 27 жастағы жергілікті тұрғын бойжеткеннің ұялы телефонын қолды қылған.
«Қылмыс жасаған қаскөйлер ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Ұрлық фактілері бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» — деді href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қ.ПБ бастығы Қ.Әбдіғалиев.
По сообщению сайта Arna Press