Популярные темы

Биыл Семей қаласында «Алтын белгіге» 60 оқушы үмітті

Дата: 25 мая 2023 в 14:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Биыл Семей қаласында
Стоковые изображения от Depositphotos

Биыл 1 маусым күні Семей қаласы бойынша   11 сыныпты  1937 оқушы тәмәмдайды, оның ішінде   «Алтын белгі» белгісіне  үміткерлер саны — 60, үздік аттестатқа — 155, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


 «Мектеп бітірушілердің 3,1%-ы «Алтын белгі» белгісіне үміткер. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңдерінде «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткерлер жоғары көрсеткіш көрсетуде. Қаңтар, наурыз  айларында Ұлттық бірыңғай тестілеуге  1417 (73,1%)  оқушы қатысты.Орташа балл — 72. Қаңтар,наурыз айындағы ҰБТ нәтижелерімен  жоғары оқу орнында тек ақылы негізде оқуға түсуге болады», − деп атап өтті білім бөлімінің басшысы Біржан Булабаев.


Семей қаласы бойынша мамыр, маусым  айларында өтетін  негізгі ҰБТ-ға 1668 түлек қатысады немесе 86,1%. Мамыр мен маусым айында өтетін ҰБТ-дан жоғары балл алған жас түлек білім грантына ие бола алады.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями