Популярные темы

еска: новости — страница 11

«Ұйқыға кетеді». Жәнібек Әлімханұлы кімдерді жекпе-жекке шақырып жүр? 15 сентября 2021, 16:35

Tengrinews, 15 сентября 2021 в 16:43

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырып жүр. Мақсаты — орта салмақта әлем чемпионы атану. Кез келген чемепионды нокаутқа түсіремін деп уәде берген. Tengrinews.kz тілшісі Жәнібек Әлімханұлы кімдерді жекпе-жекке шақырып жүргенін баяндайды. «Канелоны» оп-оңай жеңемін» Әлімханұлы қазір трештокты белсенді қолданады.

Оқушыларға вакцина салу жоспары туралы құжат тарады. Шенеунік жазаланды 15 сентября 2021, 11:50

Tengrinews, 15 сентября 2021 в 11:53

Оқушыларға вакцина салу жоспары туралы құжат тарады. Шенеунік жазаланды
                15 сентября 2021, 11:50
Желіде Қызылорда облысында 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу жоспарланғаны, осыған орай, екпе салдыратын балалардың тізімін дайындау туралы жазылған хат тарады. Облыстық Білім басқармасының өкілдері бұл жағдайға байланысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қызылорда облысының Білім басқармасы баспасөз қызметі өкілдерінің сөзінше, ата-аналарды аландатып, қоғамда екіұдай пікір туғызған аудандық білім бөлімі басшысының қызметтік жауапкершілігі қаралып, тәртіптік жаза қолданылған.

Елде ауру жұқтыру 35 пайызға азайды — Цой 14 сентября 2021, 09:17

Tengrinews, 14 сентября 2021 в 09:23

Елде ауру жұқтыру 35 пайызға азайды - Цой
                14 сентября 2021, 09:17
Қазақстанда кейінгі апталарда коронавирус жұқтыру жағдайлары азайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты. «Қазақстанда кейінгі екі аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 35 пайызға азайды. Ал кейінгі аптада Қазақстанда ауру деңгейі 14 пайызға төмендеген: аптасына 31 мыңнан 25 мыңға дейін.

«Асқан қырағылық қажет»: Жарушы мамандар өз жұмысы жайлы айтып берді

EKaraganda.kz, 13 сентября 2021 в 13:35

«Асқан қырағылық қажет»: Жарушы мамандар өз жұмысы жайлы айтып берді
«Жарушы сапер секілді тек бір рет қателеседі»Берік Кеңпейілов — 25 жылдық тәжірибесі бар жарушы. «Жезқазғантүстіметалл» өндірістік бірлестігінің Жыланды кенішінде жұмыс істейді. Ол жердің терең түбінде алғаш жарылыс жасаған сәт әлі күнге дейін көз алдынан кетпейтінін жасырмады. Бұл жайт Шығыс-Жезқазған кенішінің 57-шахтасында болған екен.«Жасым 21-де еді, бізге мұзды бұзып, ұңғыманы бұрғылауды тапсырды.

Тұмауға қарсы екпе мен коронавирусқа қарсы вакцинаны қатар салдыруға бола ма? 13 сентября 2021, 12:38

Tengrinews, 13 сентября 2021 в 12:43

Тұмауға қарсы екпе мен коронавирусқа қарсы вакцинаны қатар салдыруға бола ма?
                13 сентября 2021, 12:38
Тұмауға қарсы вакцина мен коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыру аралығы бір ай болуы керек. Бұл туралы Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің медициналық-санитарлық алғашқы көмек бөлімінің меңгерушісі, PhD философия докторы Динара Маханбетқұлова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Әрине, тұмауға қарсы вакцина мен коронавирусқа қарсы вакцинаны қатар алуға болады.

10 жыл зынданда отырды деп ойлайды — Жұлдыз Абдукаримова 12 сентября 2021, 17:47

Tengrinews, 12 сентября 2021 в 17:53

10 жыл зынданда отырды деп ойлайды - Жұлдыз Абдукаримова
                12 сентября 2021, 17:47
Тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова Bizben Podcast жобасының қонағы болды. Актриса жүргізушілермен жұлдыздардың курс өткізуі, отбасыдағы қарым-қатынас туралы сөйлесті, сонымен қатар, халық алдына шықпаған 10 жылда немен айналысқанын айтып берді. «Өнерде жүрген жандар, көптеген әнші өз марафонын, курстарын өткізіп жүр.

Танымал «Келін» сериалындағы актерлер қайда жүр? 10 сентября 2021, 16:27

Tengrinews, 10 сентября 2021 в 16:33

Танымал
Қазақстанда танымал «Келін» телесериалы бес жыл қатарынан көрсетілген болатын. 2012 жылы көрерменге жол тартқан сериал 2017 жылы Қазақстандағы көрсетілімін тоқтатқан. Телесериалда кедей отбасынан шыққан Анандидің жағдайы жақсы отбасына бала кезінде тұрмысқа шыққан өмірі баяндалады. Бүгінде көптің жүрегінен орын алған сериалдағы танымал актерлер қайда жүр?

Алты қыз бен үш ұлдың әкесі. Сіз кімсіз, бокстан жаңа бас бапкер? 09 сентября 2021, 17:04

Tengrinews, 09 сентября 2021 в 17:13

Алты қыз бен үш ұлдың әкесі. Сіз кімсіз, бокстан жаңа бас бапкер?
                09 сентября 2021, 17:04
Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды. Енді ұлттық құраманы Қайрат Сәтжанов басқарады. Ол бұған дейін жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болған. Tengrinews.kz тілшісі бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері туралы мәліметтер жинады. Қайрат Сәтжанов 1970 жылы 29 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында туған.

Үш бөлмелі пәтер, автокөлік. Паралимпиада жүлдегерлеріне қандай сыйақы берілді? 09 сентября 2021, 16:09

Tengrinews, 09 сентября 2021 в 16:13

Үш бөлмелі пәтер, автокөлік. Паралимпиада жүлдегерлеріне қандай сыйақы берілді?
                09 сентября 2021, 16:09
Токио Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері марапатталып жатыр. Спортшыларға ақшалай сыйлық, пәтер мен автокөлік табысталды. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанда Паралимпиада жүлдегерлеріне қандай сыйлықтар берілгенін баяндайды. Паралимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер берілді 25 жастағы парапауэрлифтингші Давид Дегтярев — Токиодан алтын медальмен оралған жалғыз спортшымыз.

Шектеулер мен Ashyq қосымшасы Ата заңға қайшы емес пе? Бекшин жауабы 09 сентября 2021, 12:37

Tengrinews, 09 сентября 2021 в 12:43

Шектеулер мен Ashyq қосымшасы Ата заңға қайшы емес пе? Бекшин жауабы
                09 сентября 2021, 12:37
Қазақстандағы коронавирус тарауына байланысты шектеулер мен Ashyq қосымшасын қолдану адам еркіндігі туралы бапқа қайшы келмейді. Бұл туралы Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жандарбек Бекшин қабылданған қаулының бәрі заңды екенін атап өтті.

Коронавирусқа байланысты болжам қалай жасалады? Бекшин түсіндірді 09 сентября 2021, 11:58

Tengrinews, 09 сентября 2021 в 12:03

Коронавирусқа байланысты болжам қалай жасалады? Бекшин түсіндірді
                09 сентября 2021, 11:58
Коронавирус жұқтырғандар саны мен жалпы эпидахуал бойынша алдағы айларға болжам қалай жасалатыны белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, алдағы айларға болжам жасау үшін арнайы механизм бар. «Сондықтан сол механизм бойынша біз, ең біріншіден, күнделікті ауру деңгейін талдап отырамыз.

Қазақстанда ең төменгі жалақы өседі. 60 мың теңге неге жетеді? 08 сентября 2021, 17:45

Tengrinews, 08 сентября 2021 в 17:53

Қазақстанда ең төменгі жалақы өседі. 60 мың теңге неге жетеді?
                08 сентября 2021, 17:45
AIBAT журналисі Қазақстанда ең төменгі жалақы көрсеткішіне — 60 мың теңгеге қалай күн көруге болатынын тексеріп, тәжірибе жүргізді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоба журналисі Алмас Амангелді Қазақстанда 2022 жылдан бастап ең төменгі жалақы көрсеткіші 60 мың теңгеге өсетінін еске салды. Әлеуметтік себетке 43 тауар кіреді.

Коронавирус: сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді 08 сентября 2021, 16:46

Tengrinews, 08 сентября 2021 в 16:53

Коронавирус: сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді
                08 сентября 2021, 16:46
Қазақстанда коронавирус жұқтырып, сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді. «Кейінгі екі аптада Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді», — деді Шоранов ОКҚ брифингінде.

«24-48 сағатта кома». ДДСҰ ең қауіпті вирустардың бірі деп таныған нипах туралы не белгілі? 07 сентября 2021, 17:13

Tengrinews, 07 сентября 2021 в 17:23

Үндістанда нипах вирусы өршіп жатыр. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне адамзат үшін ең қауіпті вирустардың бірі ретінде енгізілген. Ресми мәліметтерге сәйкес, оны жұқырған адамдардың 40-тан 75 пайызына дейін қайтыс болады. Оған қарсы вакцина да, дәрі-дәрмек те жоқ. Нипах вирусы қашан, қалай шыққаны, инфекцияның қаупі туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.

Абай аулындағы сұмдық: қысым көрсеткен әйел қалай жазаланғаны анықталды 07 сентября 2021, 13:41

Tengrinews, 07 сентября 2021 в 13:53

Абай аулындағы сұмдық: қысым көрсеткен әйел қалай жазаланғаны анықталды
                07 сентября 2021, 13:41
Түркістан облысы Абай аулында немересі зорланған кейуананы сотталып кеткен жігіттің туыстары мазалап жүргені туралы ақпарат шыққан. Желіде оның видеосы да тараған болатын. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл видеоға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маман қазақстандық вакцина Еуропа елдерінде қашан мойындалатынын айтты 06 сентября 2021, 13:52

Tengrinews, 06 сентября 2021 в 14:03

Маман қазақстандық вакцина Еуропа елдерінде қашан мойындалатынын айтты
                06 сентября 2021, 13:52
Қазақстандық вакцинаны Еуропа елдерінде тіркеу үшін құжаттар дайындалып жатыр. Бұл туралы QazVac коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинасын жасаушы, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Күнсұлу Закарьяның сөзінше, Еуропа елдерінде отандық вакцинаны тіркеу үшін бірнеше құжат өткізу қажет.

Абай аулындағы зорлық: баланың әжесі кімнен қысым көріп жатқанын айтты 03 сентября 2021, 17:59

Tengrinews, 03 сентября 2021 в 18:03

Абай аулындағы зорлық: баланың әжесі кімнен қысым көріп жатқанын айтты
                03 сентября 2021, 17:59
Түркістан облысындағы Абай аулында осыдан үш жыл бұрын зорланған 7 жасар баланың әжесі әлі қысым көріп жатқаны туралы хабар тарады. Tengrinews.kz тілшілері Келес ауданында тұрып жатқан кейуанадан арнайы барып, сұхбат алды. Әжесі қысым көргенін растап отыр. Оның сөзінше, жанжал шығарып жүрген сотталушының туыстары екен.

Вакцинаға қарсы көрсетілімі бар тұрғындар демалыста сауда орталықтарына кіре ала ма? 03 сентября 2021, 15:49

Tengrinews, 03 сентября 2021 в 15:53

Вакцинаға қарсы көрсетілімі бар тұрғындар демалыста сауда орталықтарына кіре ала ма?
                03 сентября 2021, 15:49
Алматыда вакцинаға қарсы көрсетілімі бар тұрғындар демалыста сауда орталықтарына кіре алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаланың бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. «Сенбі жексенбі күндері «жасыл» статусы бар адамдар ғана Ashyq қосымшасын қолданатын нысандарға кіре алады.

Байзақтағы жарылыс: әскери бөлімше жауынгері тауға кетіп қалған болуы мүмкін 03 сентября 2021, 14:02

Tengrinews, 03 сентября 2021 в 14:13

Байзақтағы жарылыс: әскери бөлімше жауынгері тауға кетіп қалған болуы мүмкін
                03 сентября 2021, 14:02
Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылыс кезінде бір жауынгер бой тасалап тауға кетіп қалған болуы мүмкін. Тауды бетке алып бара жатқан әскери формадағы адамды жақын маңда қой бағып жүрген шопан көріпті. Ақпаратты Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Мамаев Aibat жаңалықтар қызметінің тілшісіне берген сұхбатында растаған. Із-түссіз жоғалған әскери бөлімшенің 34 жастағы жауынгері Бауыржан Дәуітбаевты іздеуге жүз адам жұмылған.

Жамбылдағы жарылыс: қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі 01 сентября 2021, 20:34

Tengrinews, 01 сентября 2021 в 20:43

Жамбылдағы жарылыс: қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден беріледі
                01 сентября 2021, 20:34
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы жарылыс кезінде қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден берілетінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімінің орынбасары AIBAT жаңалықтар қызметіне эксклюзив сұхбат беріп, осындай ақпарды жеткізді.

Тоқаев: Болашағын отанымен байланыстыратын әр азамат қазақ тілін үйренуі тиіс 01 сентября 2021, 12:23

Tengrinews, 01 сентября 2021 в 12:33

Тоқаев: Болашағын отанымен байланыстыратын әр азамат қазақ тілін үйренуі тиіс
                01 сентября 2021, 12:23
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әр азаматы қазақ тілін білуі керегін, бірақ орыс тілін меңгергендер еш ұтылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Президент қазір қазақ тілін қолдану аясы кеңейіп келе жатқанын айтты.

Тәліптердің басшысы Хайбатулла Ахундзада деген кім? 01 сентября 2021, 10:22

Tengrinews, 01 сентября 2021 в 10:33

Тәліптердің басшысы Хайбатулла Ахундзада деген кім?
                01 сентября 2021, 10:22
Таяуда «Талибан» қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған — еск.) жетекшісі Хайбатулла Ахундзада Ауғанстанға барды. Қазір ел билігін құру мәселесін шешіп жатыр. Дегенмен Хайбатулла Ахундзада тәліптердің басшысы болса да, есімі желіде көп атала бермейді. Ол кім? Tengrinews.kz тілшісі Хайбатулла Ахундзада кім екенін баяндайды.

Жамбылдағы жарылыс: Желіде жаншошырлық видео пайда болды 31 августа 2021, 14:57

Tengrinews, 31 августа 2021 в 15:03

Жамбылдағы жарылыс: Желіде жаншошырлық видео пайда болды
                31 августа 2021, 14:57
Желіде Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін мейрамхана ішінде түсірілген видео тарады. Онда жарылыстан кейін ғимараттың терезесі шағылып, әйелдің бетіне шашылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. Видео әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмхананың бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

Жарылыс болған Байзақ ауданында үйілген снарядтар табылды: министрлік түсінік берді 30 августа 2021, 13:38

Tengrinews, 30 августа 2021 в 13:53

Жарылыс болған Байзақ ауданында үйілген снарядтар табылды: министрлік түсінік берді
                30 августа 2021, 13:38
Таяуда жарылыс болған Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер аулындағы мейрамхананың ауласында түсірілген шашылып жатқан снарядқа ұқсас заттардың видеосына Қорғаныс министрлігі түсінік берді. Кадрлардағы қара металл қауіпсіз екені айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Видеода көрсетілген снарядтардың сырты мен оқсауыты — оқ-дәрілерді кәдеге жаратқаннан кейін алынған және электрондық gosreestr.kz алаңындағы сауда арқылы жеке кәсіпорынға сатылған металл сынықтары.

Жарылыс болған Байзақ ауданында кәсіпкердің үйінен үйілген снаряд табылды 29 августа 2021, 09:35

Tengrinews, 29 августа 2021 в 09:43

Жарылыс болған Байзақ ауданында кәсіпкердің үйінен үйілген снаряд табылды
                29 августа 2021, 09:35
Таяуда жарылыс болған Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер аулындағы мейрамхананың ауласында снарядқа ұқсас заттар шашылып жатыр. Оларды тұрғындар қорғасынын алып, бөлшектеп, кейін тапсырады екен. Бұл туралы Аibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жобаның Instagram-парақшасындағы видеодан снарядқа ұқсас темір зат үйіліп жатқанын көруге болады.

Қасақана өрт қойылды деген нұсқа жоққа шығарылмайды — қорғаныс министрі 27 августа 2021, 10:03

Tengrinews, 27 августа 2021 в 10:13

Қасақана өрт қойылды деген нұсқа жоққа шығарылмайды - қорғаныс министрі
                27 августа 2021, 10:03
Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында қасақана өрт қойылды деген нұсқа да қарастырылып отырғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Жарылыс себебін жедел тергеу тобы анықтап жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, қауіпсіздік талаптары да бұзылған болуы мүмкін, химиялық реакция болып, өзі жануы да мүмкін.

Бәрі жақсы болса, эвакуацияланғандарды бүгін үйіне қайтарамыз — Сапарбаев 27 августа 2021, 09:38

Tengrinews, 27 августа 2021 в 09:43

Бәрі жақсы болса, эвакуацияланғандарды бүгін үйіне қайтарамыз - Сапарбаев
                27 августа 2021, 09:38
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жағдай жақсы деп бағаланса, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде болған жарылыстардан кейін эвакуацияланған тұрғындар бүгін үйіне қайтарылатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Жарылыс болған жерге жақын орналасқан үш елді мекен бар.

«Қазақмыстағы» отбасылық әулеттер: Мұраға берілген кәсіпке деген сүйіспеншілік

EKaraganda.kz, 25 августа 2021 в 17:45

«Қазақмыстағы» отбасылық әулеттер: Мұраға берілген кәсіпке деген сүйіспеншілік
Әкесі салған сара жолмен Қойшыбайлар әулетінің кәсіпорынға адал қызмет етіп келе жатқанына 130 жылдан асты. Отбасының кәсіпорында әулетімен бір ғасырдан астам уақыт жұмыс істеуі отағасы Қойшыбаев Серікбай Смаханұлының еңбек жолынан бастау алып отыр. Ол Солтүстік Жезқазған кенішіне 1959 жылы жұмысқа орналасқанда небәрі 16 жаста еді.«Әкем жұмысқа ерте араласты.

Ауғанстанда тәліптерге қарсы бас көтергендер кім? 25 августа 2021, 17:22

Tengrinews, 25 августа 2021 в 17:33

Ауғанстанда тәліптерге қарсы бас көтергендер кім?
                25 августа 2021, 17:22
Ауғанстанда тәліптер билігіне өтпеген бір ғана провинция қалды. Бұл — Панжшер. Бүгінде бұл өңірде тәліптерге қарсы күш құрылған. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Панжшер провинциясына қатысты кейінгі жаңалықтарды шолып шықты. Тәліптерге кім қарсы шығып жатыр? «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым — еск.) билігіне өтпеген жалғыз провинция — Панжшер.

Аймағамбетов «Алтын белгіге» жұмсалатын 97 миллион теңге шығынды түсіндірді 25 августа 2021, 08:40

Tengrinews, 25 августа 2021 в 08:43

Аймағамбетов
Жыл сайын мектеп түлектерінің «Алтын белгісі» үшін жұмсалатын қаражатты кім бөледі және бұл ақша шашу емес пе? Бұл сұрақтарға Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, биыл «Алтын белгі» иегері атағына 9 738 мектеп бітіруші лайық деп танылды. Әр төсбелгіні жасауға шамамен 10 мың теңге жұмсалады.
Показано 30 новостей из 357