Популярные темы

Тоқаев: Болашағын отанымен байланыстыратын әр азамат қазақ тілін үйренуі тиіс 01 сентября 2021, 12:23

Дата: 01 сентября 2021 в 12:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тоқаев: Болашағын отанымен байланыстыратын әр азамат қазақ тілін үйренуі тиіс
                01 сентября 2021, 12:23
Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әр азаматы қазақ тілін білуі керегін, бірақ орыс тілін меңгергендер еш ұтылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Қазақстан халқына жолдауында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президент қазір қазақ тілін қолдану аясы кеңейіп келе жатқанын айтты. 

«Қазақ тілін дамыту — мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналып жатыр. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келеді. Бұл — заңды құбылыс, өмірдің басты үрдісі. Сондықтан, қазақ тілінің өрісі тым шектеліп бара жатыр деуге негіз жоқ», — деді ол. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Ата-заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл барын, бұл қазақ тілі екенін еске салды.

«Орыс тілі — ресми статуста. Біздің заңнамамыз бойынша оны қолдануға бөгет жасауға тыйым салынған. Болашағын отанымен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге, ден қоюға тиіс. Бұл отаншылдықтың басты белгісі деуге болады. Жастарымыз өзге тілдерді, оның ішінде орыс тілін жетік меңгерсе, одан еш ұтылмайды», — деді Тоқаев. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также