Популярные темы

еска: новости — страница 10

Журналист партияға мүше болмауы керек — Жұлдыз Әбділда 17 октября 2021, 17:26

Tengrinews, 17 октября 2021 в 17:33

Журналист партияға мүше болмауы керек - Жұлдыз Әбділда
                17 октября 2021, 17:26
Журналист Жұлдыз Әбділда BizbenPodcast жобасының бұл жолғы қонағы, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол әңгіме барысында журналист этикасы, коронавирусқа қатысты фейктер, журналистің қоғамдағы ролі туралы айтты. «Мысалы, мен бір партияның мүшесімін делік. Ал енді мен қалай объектив бағалай аламын?

«Екпе алмағандар жұмыстан босатылады». Ресейдегі қазақстандықтар эпиджағдайды айтты 15 октября 2021, 10:54

Tengrinews, 15 октября 2021 в 11:03

Ресейге коронавирустың жаңа толқыны келді. Көрші елде үнді штамы таралып жатыр. Бүгінде Ресей дүние жүзі елдері арасында науқастар саны бойынша бесінші орында. Елдегі эпидахуал қандай? Коронавирусқа байланысты қандай шектеулер бар? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Ресейде тұрып жатқан қазақстандықтардан сұрап білді.

«Мораторий жариялау керек». Әлем елдерінің ревакцинация тәжірибесі қалай өтіп жатыр? 14 октября 2021, 15:07

Tengrinews, 14 октября 2021 в 15:13

Қазақстанда ревакцинация жұмыстары қарашаның аяғында басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеген болатын. Мамандар ревакцинацияны әлі де зерттеу қажет екенін айтады. Алайда вакцинаның үшінші дозасын салуды бастап кеткен елдер бар. Tengrinews.kz тілшісі ревакцинация басталған елдердегі тәжірибеге шолу жасады.

«Масляковқа қарызымыз жоқ» — Еркебұлан Мырзабек «ИГРА» жобасы туралы 13 октября 2021, 19:44

Tengrinews, 13 октября 2021 в 19:53

BizbenPodcast жобасының бұл жолғы қонағы әзілкеш Еркебұлан Мырзабек болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол қазақ әзілдері, КВН, ТНТ арнасындағы «ИГРА» шоуы туралы, «Жайдарман» мен өзі алып жүрген шоулар туралы әңгімеледі. Еркебұлан Мырзабек президенті Александр Масляковтың КВН-нен ТНТ-ға кеткендерге реніші туралы айтты.

«Тапсырыс берушілердің 50 пайызы Қазақстаннан». Әкімдерді құттықтаған ірі денелі жігіттер кім? 12 октября 2021, 15:46

Tengrinews, 12 октября 2021 в 15:53

Жақында Өскемен және Ақтөбе қалаларының әкімдерін жартылай жалаңаш африкалық жігіттер құттықтаған видео әлеуметтік желіні жаулап алды. Tengrinews.kz тілшісі «Привет из Африки» event агенттігінің негізін қалаушысымен сұхбаттасып, қазақстандық әкімдерді құттықтауға кім тапсырыс бергенін сұрады. Қара нәсілді жігіттердің басын қосып, табыс көзіне айналдырған қыздың есімі Рита, Ресей азаматшасы. Өзінің айтуынша, бірнеше жыл бұрын елден көшіп кеткен. Қазір саяхаттап, Африка елдерінің мәдениетімен танысып жүр.

Нұр-Сұлтанда оқу жылы басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған 12 октября 2021, 13:01

Tengrinews, 12 октября 2021 в 13:13

Нұр-Сұлтанда оқу жылы басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған
                12 октября 2021, 13:01
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 2 232 оқушыдан коронавирус анықталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Оның айтуынша, бұл жалпы коронавирус жұқтырған адамдардың 19,6 пайызы. «Оның 642-сі немесе 29 пайызы мектепке барғанға дейін жұқтырса, офлайн сабақтар басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған.

«Өзін-өзі алдау» — Цой жалған вакцинация құжаттары туралы 11 октября 2021, 12:08

Tengrinews, 11 октября 2021 в 12:13

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жалған вакцинация паспортын жасауды тоқтату бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Білесіздер ме, шектеу құқығы бар құжаттарға байланысты өз ісіне адал қарамайтын әріптестеріміз де бар болып жатады, ол бизнес индустрияға айналып кеткен.

Қазақстан эпиджағдай бойынша төрт толқыннан өтті — Цой 11 октября 2021, 10:22

Tengrinews, 11 октября 2021 в 10:23

Қазақстан эпиджағдай бойынша төрт толқыннан өтті - Цой
                11 октября 2021, 10:22
Қазақстан эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирустың төрт толқынынан өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжілістің үкімет сағатында хабарлады. «Бүгінде Қазақстан коронавирустың төрт толқынынан өтті. Олар коронавирус инфекциясының жаңа нұсқаларының пайда болуымен байланысты.

«Қыздар оның ернінен де сүйіп кеткен кездер болды». Бейбіт Сейдуалиева «Жұлдыздың жары» жобасында 09 октября 2021, 17:13

Tengrinews, 09 октября 2021 в 17:23

Әнші, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, сазгер Тоқтар Серіковтің жары, белгілі әнші Бейбіт Сейдуалиева «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бейбіт Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында бағдарламалардан көрінбей кеткеніне не себеп екенін, отбасылық кәсіптері, Тоқтар махаббатының бастауы, жарының азамат ретіндегі мәрттігі, өнер адамына тән көптің сүйіспеншілігі, жан сыры, алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі.

«Құр намыспен Бразилияны жеңе алмайсың» — комментатор Ермұхамед Мәулен 09 октября 2021, 12:19

Tengrinews, 09 октября 2021 в 12:23

Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен Bizben Podcast жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол қазақ футболындағы қазақ тілінің орны, Қазақстан құрамасының кейінгі матчтердегі нәтижелі ойыны, спорт журналистикасындағы мәселелер туралы айтты. Оның пікірінше, қазір футболдан Қазақстан құрамасының футболшыларында жеңіске деген сенім пайда болған.

Блогер баспана алуға болатын үш үздік бағдарламаны атады 07 октября 2021, 17:24

Tengrinews, 07 октября 2021 в 17:33

Блогер баспана алуға болатын үш үздік бағдарламаны атады
                07 октября 2021, 17:24
Қазақстанда биыл баспанаға қатысты бірқатар бағдарлама жабылды. Көбіне таныс 7-20-25 бағдарламасын 2022 жылы қаржыландыру тоқтатылады. Баспана туралы жазатын блогер Дәулет Төлеутайұлы Tengrinews.kz тілшісіне еліміздегі үздік үш бағдарламаны атады. «Үй алу десе, бірінші «Отбасы банк», кейін 7-20-25 бағдарламасы еске түседі.

IT-мамандар ақпараттық жүйені ресейлік платформаға көшіру туралы не дейді? 07 октября 2021, 14:59

Tengrinews, 07 октября 2021 в 15:03

IT-мамандар ақпараттық жүйені ресейлік платформаға көшіру туралы не дейді?
                07 октября 2021, 14:59
Қыркүйек айының басында Қазақстан мемлекеттік басқаруды цифрландырудың GovTech платформалы моделіне көшудегі басты серіктесі ретінде ресейлік компанияны таңдады. Бұл шешім қоғамда резонанс туғызып, қызу талқыға түскені анық. Осы орайда, Tengrinews.kz тілшісі отандық IT-мамандарына хабарласып, СБЕР-ден кейін қазақстандықтардың өмірі қалай өзгеретінін сұрады. Қазақстан IT-компаниялары қауымдастығының президенті Нұрлан Исин мемлекеттің терең анализге бармай, бірден шешім қабылданғанына қарсы.

Сабина Алтынбекова ұлды болды 06 октября 2021, 17:33

Tengrinews, 06 октября 2021 в 17:43

Сабина Алтынбекова ұлды болды
                06 октября 2021, 17:33
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова ұлды болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы спортшы Instagram-парақшасында жазды. «Сені күткендей ешбір ер адамды күтпегенмін, ұлым. Махаббат пен қамқорлыққа толы отбасына қош келдің», — деп жазды Алтынбекова. View this post on Instagram.

Қазақстанға Pfizer-дің 4 миллион жозасы жеткізіледі — Цой 06 октября 2021, 16:55

Tengrinews, 06 октября 2021 в 17:03

Қазақстанға Pfizer-дің 4 миллион жозасы жеткізіледі - Цой
                06 октября 2021, 16:55
Қазақстанға жыл соңына дейін Pfizer вакцинасының төрт миллион дозасы жеткізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. «Pfizer бойынша қорытынды келісімшарт жасалды. Ол белгілі бір процедура. Бірнеше құжат бар. Шамамен 4 миллион доза келеді деп жоспарланып отыр.

Миллиардтаған шығын. Facebook пен Instagram ақауының салдары қандай болды? 05 октября 2021, 17:35

Tengrinews, 05 октября 2021 в 17:43

Миллиардтаған шығын. Facebook пен Instagram ақауының салдары қандай болды?
                05 октября 2021, 17:35
Кеше бүкіл әлемде Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істен шықты. Ірі ақау салдарын тигізбей қоймады. Facebook басшысы миллиардтаған ақша жоғалтты, ал әлем жұрты бірнеше сағат желіге кіре алмады. Tengrinews.kz тілшісі әлем назарында болған ақаудың салдарын жазып, танымал адамдардың пікірлерін жинады. Әлеуметтік желілер алты сағат бойы істемеді Downdetector сервисінің мәліметінше, бұл әлем бойынша байқалған ақау. Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің қолданушылары хабарлаған.

«Ол Президент болатынын Елбасынан бұрын білген адам бар» — Тоқаевтың экс-кеңесшісі 05 октября 2021, 15:23

Tengrinews, 05 октября 2021 в 15:33

Мемлекет басшысының бұрынғы кеңесшісі, Қазақстан Журналистер академиясының академигі Мақат Садық осыдан 14 жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевпен қызметтес болған кезін еске алды. Ол Tengrinews.kz тілшісіне Президент туралы тың деректерді айтып берді. Мақат Садық 2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенатының баспасөз хатшысы қызметін және Сенат төрағасы Тоқаевтың кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Тәліптер басып алғаннан кейін ауған халқының өмірі қалай өзгерді? 04 октября 2021, 16:22

Tengrinews, 04 октября 2021 в 16:33

Тәліптер басып алғаннан кейін ауған халқының өмірі қалай өзгерді?
                04 октября 2021, 16:22
Тәліптер Ауғанстанды басып алғаннан кейін ондағы өмір күрт өзгерді. Арада 7 аптадан астам уақыт өтті. Қазақстанда және бірнеше елде террористік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған «Талибан» үкіметінің саясаты қандай? Ауғанстандықтардың тіршілігінде не өзгеріс бар? Tengrinews.kz тілшісінің мақаласынан оқыңыз.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі — қоғамның дамуына қосылған үлес

Ақтөбе газеті, 02 октября 2021 в 22:52

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі —  қоғамның дамуына қосылған үлес
Әр ұжымдағы еңбеккерлердің әлеуметтік жағынан қорғалуы, еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, еңбек қатынастарының заң аясында болуы тек еңбек өнімділігіне ғана емес, ел ішіндегі тұрақтылыққа да әсер етеді.Кеше Ақтөбеде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен «Компаниялардың әлеуметтік саясаты: тәжірибесі және даму перспективалары» атты семинар-кеңесте осы мәселелер талқыланды.

«Анама алғаш рет қарсы шықтым!». «Жұлдыздың жары» қонағы — Дана Тұрарбек 02 октября 2021, 17:17

Tengrinews, 02 октября 2021 в 17:23

«Өнер қырандары» театрының жетекшісі, танымал актер Мадияр Серікбаевтың жары, актриса Дана Тұрарбек «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында балалық шағы, отбасылық өмірдегі, келін болып түскендегі қызықтары, өнер жайында, Мадиярмен таныстығы туралы әңгімеледі.

8 тіл білетін қазақстандық: Корнелл университетін бітірген соң елге ораламын 28 сентября 2021, 15:30

Tengrinews, 28 сентября 2021 в 15:43

8 тіл білетін қазақстандық: Корнелл университетін бітірген соң елге ораламын
                28 сентября 2021, 15:30
Искендер Усабаев — АҚШ-тың ең ірі университеттерінің бірі Корнеллде магистр. Ұлты — қырғыз. Қазір ол халықаралық қатынастардың даму жолын тереңнен зерттеп жүр. Әлемнің 7-ге жуық оқу орнында тағылымдамадан өткен Искендер Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, неге дәл Қазақстанда жұмыс істегісі келетінін түсіндірді.

iPhone 13 бағасына Қазақстанда не сатып алуға болады? 28 сентября 2021, 14:45

Tengrinews, 28 сентября 2021 в 14:53

iPhone 13 бағасына Қазақстанда не сатып алуға болады?
                28 сентября 2021, 14:45
Apple компаниясы жаңа iPhone 13 смартфонын шығарды. Бүгінде АҚШ пен әлемнің көптеген елінде жаңа смартфонның сатылымы басталып кетті. Бірақ Қазақстанда телефонды қазанның ортасынан бастап сатып алуға болады. Бүгінде бағасы бекітілмеген. Дегенмен бұл смартфонның ең қымбат нұсқасының бағасы миллион теңгеге жуықтайды.

Пандемиядан кейінгі кезең: адамзат қалыпты өмірге оралуы үшін не істеу қажет? 27 сентября 2021, 13:05

Tengrinews, 27 сентября 2021 в 13:13

Пандемиядан кейінгі кезең: адамзат қалыпты өмірге оралуы үшін не істеу қажет?
                27 сентября 2021, 13:05
Коронавирус пандемиясы басталғалы миллиондаған адам жақынынан айырылып, мыңдаған адам әлі де пандемияның салдарын көріп жатыр. Әзірше пандемия қашан аяқталатыны туралы нақты ешқандай тұжырым жоқ. Мамандар тек болжам жасаумен шектеледі. Коронавирус пандемиясы қандай жағдайда аяқталады және адамзат қашан қалыпты өмірге оралады?

Германияның медицина докторы QazVac пен Қазақстан медицинасын бағалады 27 сентября 2021, 09:56

Tengrinews, 27 сентября 2021 в 10:03

Германияның медицина докторы QazVac пен Қазақстан медицинасын бағалады
                27 сентября 2021, 09:56
Дорейд Кастрати әйгілі Гейдельберг университетінің медицина факультетін үздік бітіріп, бірден Байер трансұлттық корпорациясынан шақырту алған. 2013-2016 жылдары Швейцария елінде Эболаға қарсы вакцина шығару процесіне жетекшілік етіп, сол кезеңдегі індет кеңінен таралмауына сеп болды. Дорейд Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, коронавирусқа қарсы екпе және отандық QazVac вакцинасы туралы айтып берді.

Тоқал алу, UFC-мен келісімшарт және алдағы жекпе-жегі. Арман Әшімов Bizben Podcast жобасында 26 сентября 2021, 17:50

Tengrinews, 26 сентября 2021 в 18:03

Тоқал алу, UFC-мен келісімшарт және алдағы жекпе-жегі. Арман Әшімов Bizben Podcast жобасында
                26 сентября 2021, 17:50
Қазақстандық файтер Арман Әшімов Bizben Podcast жобасының қонағы болды. Ол жүргізушілермен әңгіме барысында отбасындағы қарым-қатынас, тоқал алу мәселесі, хейтерлер мен UFC келісімшарты туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Арман екі жылдан бері жекпе-жек өткізген жоқ. Оған не себеп болғанын айтты.

Қаржы министрі депутаттар сынына жауап берді 23 сентября 2021, 19:37

Tengrinews, 23 сентября 2021 в 19:43

Қаржы министрі депутаттар сынына жауап берді
                23 сентября 2021, 19:37
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев депутаттардың бизнесті тексеруге мораторийге қатысты сынына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, көпшілік бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауға қатысты ұсынысты дұрыс түсінбеген.

«Сақшыны ешкім қорғамайды» — Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейдің әйелі 22 сентября 2021, 15:30

Tengrinews, 22 сентября 2021 в 15:33

Алматылықтар атыс кезінде қаза тапқан полицейлермен қоштасты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің артында кішкентай балалары қалды. «Біздің полицейлер — батырлар, оларды ешкім қорғамайды, себебі олар халыққа қызмет етеді.

Алматыдағы атыстан кейін Мәжілісте шұғыл заң жобасын әзірлеу ұсынылды 22 сентября 2021, 11:28

Tengrinews, 22 сентября 2021 в 11:33

Алматыдағы атыстан кейін Мәжілісте шұғыл заң жобасын әзірлеу ұсынылды
                22 сентября 2021, 11:28
«Ақ жол» фракциясының депутаттары Алматыда болған атысқа байланысты болашақта осындай қайғылы жағдайдың алдын алу үшін «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң жобасын шұғыл түрде әзірлеуді ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бұл жағдайдың бірқатар жағдайы тек полиция тарапынан емес, сонымен қатар, қаржы реттеушілері тарапынан да бөлек зерттеуді қажет етеді.

Банкке кепілге үй қойғанда білу қажет маңызды 5 ереже 22 сентября 2021, 10:57

Tengrinews, 22 сентября 2021 в 11:03

Банкке кепілге үй қойғанда білу қажет маңызды 5 ереже
                22 сентября 2021, 10:57
20 қыркүйекте Алматының Алатау ауданында қайғылы жағдай болды: ер адам оның үйіне келген сот орындаушысы, екі полицей, дау нысаны болған жаңа пәтер иесі мен тағы бір азаматты атып өлтірді. Жанжал себебі — кепілге алынған үй. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі банкке кепілге үй қойғанда білу қажет ережелер туралы материал дайындады.

Алматыдағы атыс шыққан үйде балалар болған 20 сентября 2021, 20:17

Tengrinews, 20 сентября 2021 в 20:23

Алматыдағы атыс шыққан үйде балалар болған
                20 сентября 2021, 20:17
Алматыда атыс шығарып, бес адамды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы полиция Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов айтты. «Бұл факт бүгін Алматы Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы («Екi немесе одан көп адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Ол жақта бизнес, қару-жарақ, мұнай бірінші орында» — Сириядан оралған әйел 20 сентября 2021, 17:36

Tengrinews, 20 сентября 2021 в 17:43

Айдана (есімі өзгертілді — авт. еск.) өмірінің үш жылын Сирияда өткізген. 2019 жылы Қазақстанға оралып, жаңа өмір бастауға тырысып жатыр. Tenrinews.kz тілшісі Айданамен сөйлесіп, Сирияға неге кеткенін, қазіргі өмірі туралы әңгімелесті. Айдананың сөзінше, оған әжесі бала кезінен мұсылман екенін айтатын.
Показано 30 новостей из 356