Популярные темы

«24-48 сағатта кома». ДДСҰ ең қауіпті вирустардың бірі деп таныған нипах туралы не белгілі? 07 сентября 2021, 17:13

Дата: 07 сентября 2021 в 17:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Үндістанда нипах вирусы өршіп жатыр. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне адамзат үшін ең қауіпті вирустардың бірі ретінде енгізілген. Ресми мәліметтерге сәйкес, оны жұқырған адамдардың 40-тан 75 пайызына дейін қайтыс болады. Оған қарсы вакцина да, дәрі-дәрмек те жоқ. Нипах вирусы қашан, қалай шыққаны, инфекцияның қаупі туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нипахты әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі деп санайды. Ол 1999 жылы Малайзияда тіркелген. Оны бірінші болып Нипах өзенінің маңында тұратын шошқа фермерлері жұқтырған. Осыдан атауы нипах қойылған. 

Вирус тасымалдаушылары Pteropodidae тұқымдас жарқанаттар. Олар өзі ауырмаса да, шошқаға оңай жұқтыратын болған, ал одан адамға берілген. Инфекция адамға әдетте ауру жануарларды күтіп баптағанда, бауыздап терісін сыпырғанда жұққан. Вирус ауамен де беріледі. Сондай-ақ, негізгі қауіп — вирустың табиғи иелерінің сілекейі, зәрі мен нәжісі қалып қойған жеміс, көкөністер, жаңа сығылған құрма шырынында. Санитарлық-гигиеналық бақылауы төмен туристік аймақтарда да инфекция жұқтыру қаупі бар. 

Нипах вирусы — жаңа зоонозды вирус саналады. Оны жұқтырған адамдарда ауру симптомсыз да өтуі мүмкін, алайда инфекция жедел респираторлық ауруға және өлімге әкелетін энцефалитке, яғни мидың қабынуы дейін қозады. 

Инфекция қай елдерде бар және ол қалай тараған?

Нипах вирусы Азияда бірнеше рет өршіп, адамдар арасыда тараған.

Вирусы алғаш рет 1999 жылы Малайзиядағы шошқа фермерлері арасында тарағаны белгілі. Айта кетейік, сол жылдан бері Малайзияда жаңа жағдайлар тіркелген жоқ.  

Бангладеште нипах вирусы алғаш рет 2001 жылы анықталды, содан бері бұл елде жыл сайын дерлік ауру тіркеледі. Инфекция Шығыс Үндістанда да шығып тұрады. Оған қоса, нипах вирусы белгілі табиғи резервуарларда және Камбоджа, Гана, Индонезия, Мадагаскар, Филиппин, Таиланд сияқты бірқатар елдегі жарғанат түрлерінің арасында анықталған. 

Бангладеш пен Үндістанда ауру өршігенде, вирус таралуының ең басты себептерінің бірі жеміс-көкөністер делінген. Алайда вирустың физиологиялық сұйықтықтарда немесе қоршаған ортада, соның ішінде жемістерде қанша уақыт өмір сүре алатыны қазіргі уақытта белгісіз.

© Тұрар Қазанғапов

Сондай-ақ, нипах вирусы отбасы мүшелері мен вирус жұқтырған науқастарға күтім жасайтын адамдар арасында адамнан адамға жұққаны хабарланған.

Оған мысал, Бангладеш пен Үндістанда ауру өршігенде, нипах вирусы адамнан адамға тікелей тер, сөл, нәжіс арқылы жұққан. ДДСҰ мәіметінше, 2001 жылы Үндістанның Силигури қаласында вирус медициналық мекемеде тарағаны белгілі болды — ауру жұқтырғандардың 75 пайызы жұмысшылар мен ауруханаға келушілер болған. Ал 2001 жылдан 2008 жылға дейін Бангладеште тіркелген жағдайлардың жартысына жуығында вирус адамнан адамға жұққаны анықталды. Бұл науқастарға күтім жасаған адамдар. 

Нипах неге қауіпті?

Нипах вирусын жұқтырған төрт адамның үшеуі өлім құшады. Бұл Вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянс мәліметі. 

Альянс сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Үндістанның оңтүстігіндегі Керала қаласының медбикесі Лини Путуссери нипах вирусын жұқтырғанын білгенде, күйеуіне хат жазған екен: «Мен сізді қайта көре аламын деп ойламаймын. Кешіріңіз. Өтінемін, балаларымызға жақсы тәрбие беріңіз». Лини бірнеше күн энцефалит сияқты аурумен ауруханаға түскен бір отбасының үш мүшесіне қамқорлық жасаған. Сол кезде штаттағы ірі зертхана қызметкерлері АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталықтарында (CDC) оқып келгенінің арқасында ғана вирус тез анықталған екен.  

Бұл індет 2018 жылы вирус жұқтырған 19 адамның 17-сінің өмірін қиды, өлім көрсекіші 89 пайыз. 

© Иллюстрациялық сурет — Reuters/Adnan Abidi

Керала қаласы тез әрекет етіп, жұмыстарға эбола хаттамаларын білетін медицина қызметкері тартылып, барлық байланыста болған адам оқшауланған. Кейін, 2019 жылы осы штаттан тағы бір студенттен вирус анықталды, ол тарап кетпеуі үшін 329 адамнан тест алдынды. Абырой болғанда, өлім тіркелген жоқ. 

Алайда, Вакциналар мен иммундау жөніндегі жаһандық альянстың мәліметінше, Үндістанның барлық штатында Кераладағыдай жағдай жоқ. Вирус Үндістанның басқа аймақтарына және одан тыс жерлерге тараса, оның эпидемияға немесе пандемияға айналу ықтималдығы жоғары. Ал вирус адамдар арасында оңай таралуы үшін мутацияға ұшыраса, салдары мүлдем жойқын болуы ғажап емес.

«Пандемия қаупі жоғары. Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елінде вирустың жарқанаттан басқа жануарлар мен адамдарға таралу мүмкіндігі шексіз. Жеміс жарқанаттары базарларға, ғибадат орындарына, мектептер мен туристік нысандарға жақын орналасқан ағаштарда өмір сүреді. Сонымен қатар, оның қиы егістіктерде тыңайтқыш ретінде қолданылады, яғни бұл фермерлер мен ауылшаруашылық жұмысшылары вируспен жиі байланыста болады деген сөз.

Әлем халқының 60 пайызы нипах пайда болған аймақта өмір сүретіндіктен, ал ормандардың кесіліп, қоршаған ортаның өзгеруі, адамдар мен жабайы табиғаттың бір-біріне жақындай беруі вирустың таралу қаупін арттырады. Аурудың қауіпті екені сонша, көптеген үкімет басшылары оны биотерроризмге теңейді және вирусты өсіруге, зерттеуге рұқсат етілген зертханаларға шектеу қояды», — делінген альянс сайтында.

Ауру белгілері қандай?

Ақпарат бойынша, вирус жұқтырған адамның алдымен қызуы көтеріледі, басы, бұлшықеті ауырады және құсу, тамақ ауруы сияқты белгілер болады. Одан кейін бас айналу, ұйқышылдық және мидың қабынуына әкелетін неврологиялық белгілер болуы мүмкін. Кейбір адамда тыныс алу қиындап, пневмония, жедел тыныс жетіспеушілігі де дамуы мүмкін. Ауыр жағдайларда энцефалит пен тырыспа дамиды, одан 24-48 сағатта комаға жатып қалуың мүмін.

Инкубациялық кезең, яғни инфекция жұқтырғаннан кейін симптомдардың дамуына дейінгі уақыт, 4-14 күнге созылады деп саналады. Алайда инкубациялық кезең 45 күнге созылған кездер де болған. 


© Иллюстрациялық сурет — Reuters

Жедел энцефалиттен аман қалған адамдардың көбі толық жазылып шығады, алайда олардың арасында ұзақ мерзім неврологиялық проблемалармен күрескендер бар. Пациенттердің шамамен 20 пайызының көңіл-күйі жиі құбылып тұрады және тұлғалық өзгерістер байқалады. Сауығып шыққандардың аз бөлігінде кейінірек энцефалит қайта шығуы мүмкін. 

ДДСҰ ақпараты бойынша, вирус жұқырған адамдардың 40-тан 75 пайызына дейін қайтыс болады. Оған қарсы вакцина, дәрі-дәрмек жоқ, себебі жеке емдеуді қажет етеді. 

Еске салайық, Үндістанның Керала штатында 11 адамнан қауіпті нипах вирусы анықталды. Одан 12 жастағы бала қайтыс болғаны да хабарланды. Баламен байланыста болған барлық адам оқшауланды. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями