Популярные темы

еска: новости — страница 9

Қазақстанда баспана бойынша қандай бағдарламалар бар? #BizbenPodcast 14 ноября 2021, 17:59

Tengrinews, 14 ноября 2021 в 18:03

Қазақстанда баспана бойынша қандай бағдарламалар бар? #BizbenPodcast
                14 ноября 2021, 17:59
Bizben Podcast жобасының бұл жолғы қонағы Dauletten атымен танылған блогер Дәулет Мұқаев болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Қазақстанда баспанаға қатысты қандай бағдарлама қолжетімді екенін, қалай ақша жинау керегін айтып, үй аламын деп жүргендерге кеңесін берді. «Қазір бізде 7-20-25 бағдарламасы бар. Үйдің кезегінде тұрған азаматтарға «Шаңырақ» бағдарламасы, «Нұрлы жер» бағдарламасы жұмыс істейді.

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында қанша адам қайтыс болды? ДСМ жауабы 12 ноября 2021, 17:45

Tengrinews, 12 ноября 2021 в 17:53

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында қанша адам қайтыс болды? ДСМ жауабы
                12 ноября 2021, 17:45
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін (салдырғаннан емес — авт.) қанша адам қайтыс болғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың сөзінше, биыл ақпан-қазан айлары аралығында вакцина салдырғандар арасында 930 өлім жағдайы тіркелген.

Ішкі істер министрі Халық Қаһарманының ерлігін еске алды 12 ноября 2021, 16:33

Tengrinews, 12 ноября 2021 в 16:43

Ішкі істер министрі Халық Қаһарманының ерлігін еске алды
                12 ноября 2021, 16:33
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ерлігін еске алды, — деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі. Министр бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Бүгін өз заманының қабағын баққан қабырғалы азамат, сүйемдей жері үшін, елі үшін сүйегін қалдырған, тегеурінді мінезімен, көзсіз ерлігімен талайға үлгі болған — Халық қаhарманы Ғазиз Байтасовтың арамыздан кеткеніне тура 10 жыл толды.

Алматыда «жасыл» статусы жоқ адамдарға сауда орталықтарына кіруге тыйым салына ма? 12 ноября 2021, 16:02

Tengrinews, 12 ноября 2021 в 16:13

Алматыда
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда астанадағыдай сауда орталықтарына «жасыл» статусы жоқ адамдардың кіруіне тыйым салынуы туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ревакцинация жасау міндетті бола ма? 12 ноября 2021, 15:23

Tengrinews, 12 ноября 2021 в 15:33

Ревакцинация жасау міндетті бола ма?
                12 ноября 2021, 15:23
Ревакцинация әр адамның қалауы бойынша салынады. Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулықбасқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Лаура Мырзағали ревакцинацияға байланысты шешімді әр адам өзі қабылдауы керегін айтады. «Ревакцинация әр адамның өз қалауы бойынша болады. Әлемде ушығып тұрған жағдайға байланысты әр адам жауапкершілікті өзіне алып, шешім қабылдауы керек.

Pfizer салдырған жүкті әйелдің баласы дүниеге сау болып келе ме? Маман жауабы 11 ноября 2021, 13:33

Tengrinews, 11 ноября 2021 в 13:43

Pfizer салдырған жүкті әйелдің баласы дүниеге сау болып келе ме? Маман жауабы
                11 ноября 2021, 13:33
Жүкті әйел вакцина алса, баласы коронавирусқа қарсы иммунитетпен дүниеге келеді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол вакцина кезінде тырысқақ, туберкулез сияқты індеттерді жеңуге көмектескенін атап өтті.

Қазақстанға жеткізілген Pfizer вакцинасы кімдерге салынбайтыны айтылды 11 ноября 2021, 13:02

Tengrinews, 11 ноября 2021 в 13:13

Қазақстанға жеткізілген Pfizer вакцинасы кімдерге салынбайтыны айтылды
                11 ноября 2021, 13:02
Алматыға жеткізілген Pfizer вакцинасы балалар, жүкті әйелдер мен бала босанған әйелдерге арналған. Басқа топтарға салынбайды. Бұл туралы қаланың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әсел Қалықованың айтуынша, әзірше басқа топтағы азаматтарда Pfizer вакцинасын салдыру мүмкіндігі жоқ.

1-сынып оқушыларына «Өл», «Си» сөздерін жазу тапсырылған: сараптама жүріп жатыр 11 ноября 2021, 11:27

Tengrinews, 11 ноября 2021 в 11:33

1-сынып оқушыларына
Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы «Өл» және «Си» сөздеріне байланысты дау шыққан болатын. Tengrinews.kz тілшісі «Менің алтын жазу үлгім» дәптерін шығаратын 8&8 басылымына сауал жолдады. Компания өкілдері жауабында филологиялық сараптама жүріп жатқанын айтты. «Жақын арада филологиялық сараптама нәтижелерін аламыз.

«Елге бекер оралған жоқ». Саакашвилидің ресми өкілімен сұхбат 10 ноября 2021, 14:37

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 14:43

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің ресми өкілі Ираклий Имнадзе Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, Саакашвилидің көздегені не екенін айтып берді. Ираклий Имнадзе ұзақ жылдар бойы Михаил Саакашвилидің жанында болып, тұтқынға алынған экс-президенттің «Движение новых сил» партиясының беделді мүшесіне айналған.

Балалар вакцинасы, ревакцинация. Цой үкіметте қандай мәлімдеме жасады? 10 ноября 2021, 10:01

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 10:13

Балалар вакцинасы, ревакцинация. Цой үкіметте қандай мәлімдеме жасады?
                10 ноября 2021, 10:01
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша есеп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің сөзінше, Қазақстанда кейінгі екі аптада ауру деңгейі 17 пайызға азайды. «Жалпы республика және он өңір «жасыл» аймақта. (...) Кейінгі үш айда ем алып жатқандар саны бойынша оң динамика байқалады: 2,3 есе азайды.

«Әділетсіз сайлауға қарсымын». Атамбаевтың ұлымен сұхбат 09 ноября 2021, 15:06

Tengrinews, 09 ноября 2021 в 15:13

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сеидбек Атамбаев Tenginews.kz тілшісіне сұхбат беріп, әкесіне тағылған жалған айыптар туралы пікірін айтты. «Атамбаевқа қарсы куәлік бересің» Сеидбектің сөзінше, Қырғызстан билігі Алмазбек Атамбаевты еш дәлелсіз қамаққа алған. Ол экс-президент саяси ойынның құрбаны болғанын айтып отыр.

Академику РАН пришла от Путина телеграмма «с изюминкой»

Lenta.ru, 08 ноября 2021 в 22:47

Академику РАН пришла от Путина телеграмма «с изюминкой»
Президент России Владимир Путин поздравил академика РАН, доктора исторических наук Валерия Тишкова с 80-летием и направил ему телеграмму. Копию послания опубликовал журналист кремлевского пула Дмитрий Смирнов в своем Telegram-канале.Автор поста пояснил, что «Почта России» при отправке внесла некоторые изменения в сообщение, в результате чего поздравление пришло адресанту «с изюминкой».

Ревакцинация, ипотекалық бағдарлама. Тоқаев қандай тапсырмалар берді? 04 ноября 2021, 15:36

Tengrinews, 04 ноября 2021 в 15:43

Ревакцинация, ипотекалық бағдарлама. Тоқаев қандай тапсырмалар берді?
                04 ноября 2021, 15:36
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Екібастұзға барды. Онда моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында түрлі тапсырма берді. Оның ішінде ревакцинацияға кірісу, ипотекасы бағдарламасын ашу да бар. Tengrinews.kz тілшісі Президент мәлімдемелері мен тапсырмалары туралы баяндайды.

Әлем елдерінде балаларға қандай вакциналар салынып жатыр? 04 ноября 2021, 09:49

Tengrinews, 04 ноября 2021 в 09:53

Әлем елдерінде балаларға қандай вакциналар салынып жатыр?
                04 ноября 2021, 09:49
АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу мақұлданды. Дүние жүзі елдері қазір балаларға екпе салуды бастап жатыр. Кей ел үш жастан бастап балаларға вакцина салуды бастаған. Tengrinews.kz тілшісі балаларға вакцина салуды мақұлдаған елдер туралы баяндайды. ДДСҰ не дейді?

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қанша алтын медаль алады? 03 ноября 2021, 14:05

Tengrinews, 03 ноября 2021 в 14:13

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қанша алтын медаль алады?
                03 ноября 2021, 14:05
Ертең бокстан әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді. Ел намысын бес боксшы қорғап жатыр. Қоржында кем дегенде қола медаль бар. Tengrinews.kz тілшісі кімдерден алтын медаль күтуге болатынын сараптап көрді. Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта Жүсіпов беларусьтік Евгений Кармильчукпен жұдырықтасады.

Ақтөбе тұрғыны жол полицейлері қызмет бабында жалған құжат жасағанын мәлімдеді 02 ноября 2021, 12:30

Tengrinews, 02 ноября 2021 в 12:43

Ақтөбе тұрғыны жол полицейлері қызмет бабында жалған құжат жасағанын мәлімдеді
                02 ноября 2021, 12:30
Ақтөбе қаласының тұрғыны Қуаныш Жұмағұлов жол полиция қызметкерлері қызмет бабында жалған құжат жасағанын мәлімдеді. Оқиға Торғай-Арқалық тасжолында болған. Алайда Қостанай облысы Полиция департаментінің өкілдері бұл жайт қателіктен болғанып айтып, пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қуаныш Жұмағұлов оқиға қалай болғанын әңгімелеп берді. Қуаныштың айтуынша, ол Ақтөбеден Арқалыққа аңшылыққа бара жатқан кезінде жол полициясы тоқтатқан.

Дулыға Ақмолда қандай рольдерден бас тартады? #BizbenPodcast 31 октября 2021, 17:40

Tengrinews, 31 октября 2021 в 17:43

Дулыға Ақмолда қандай рольдерден бас тартады? #BizbenPodcast
                31 октября 2021, 17:40
Танымал актер Дулыға Ақмолда #BIZBENPODCAST жобасына қонақ болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өнерпаз жоба жүргізушілерімен бірге пандемияның театр мен кино саласына тигізген ықпалы, таяуда түскен «Сержан братан» сериалы туралы әңгімелеп, қандай рольдерден бас тартатынын айтып берді. «Актер үшін қызық ештеңесі жоқ, ойнайтын ештеңесі жоқ рольдер келді.

«Жанболатқа тұрмысқа шықпағанда, қазір пәтер жалдап жүрер едім». Жұлдыздың жары» жобасында — Жазира Байырбекова 30 октября 2021, 18:29

Tengrinews, 30 октября 2021 в 18:33

Әнші, эстрада жұлдызы Жанболат Ербатыровтың жары Жазира Байырбекова «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында өнер жолындағы алғашқы қиындықтар, жол апаты, неге емделіп жүргені, отбасылық өмірі туралы сыр шертті.

«Мұндайды кинодан ғана көруші едік» — Пенжімде ауыл тұрғындары не дейді? 29 октября 2021, 14:23

Tengrinews, 29 октября 2021 в 14:33

28 қазанға қараған түні Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім аулында мектеп оқушылары арасында жанжал туды: балалар сөзге келіспей, жаға жыртысқан. Салдарынан бір бала басынан жарақат алып, ауруханаға түскен. Тағы бір адам қақтығыс кезінде зардап шеккен. Әлеуметтік желіде ұлтаралық қақтығыс басталды деген ақпарат тарап, ауыл тұрғындары қақтығысып қалды.

Dior және Facebook компанияларымен жұмыс істеген қазақстандық өзінің фильмін түсіреді 27 октября 2021, 15:41

Tengrinews, 27 октября 2021 в 15:53

Dior және Facebook компанияларымен жұмыс істеген қазақстандық өзінің фильмін түсіреді
                27 октября 2021, 15:41
Қазақстандық Камила Дәуренова Tengrinews.kz тілшісіне әлемнің ең үздік брендтерімен жұмысы және алда болатын Қазақстандағы түсірілім туралы айтып берді. Өскемендік Камила биыл 24-ке толды. 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрады. Ол атақты Нью-Йорк университетінің грантын жеңіп алып, Тиш өнер мектебінде білім алды.

«Оппозиция қатыспады». Өзбекстанда президент сайлауы қалай өтті? 26 октября 2021, 17:31

Tengrinews, 26 октября 2021 в 17:43

Өзбекстанда 24 қазанда президент сайлауы өтті. Оның қорытындысы бойынша, Шавкат Мирзиеев 80,1 пайыз дауыспен екінші рет президенттікке сайланды. Алайда сарапшылар оған қарсылас бола алатын лайық кандидат болмағанын айтып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстандағы сайлауға шолу жасап, БАҚ-тағы сарапшылар пікірін баяндайды.

Қауіпті тақырыптар, қазақша Youtube және stand-up-тағы табыс. Нұрмахан Мұқанұлымен подкаст 26 октября 2021, 15:07

Tengrinews, 26 октября 2021 в 15:23

Қауіпті тақырыптар, қазақша Youtube және stand-up-тағы табыс. Нұрмахан Мұқанұлымен подкаст
                26 октября 2021, 15:07
Подкастер, стендапер, КВН-ші, комик Нұрмахан Мұқанұлы Tengrinews.kz сайтындағы #BizbenPodcast жобасына қонақ болды. Әзілкеш қазіргі қазақ әзілі, подкаст пен stand-up-тағы қауіпті тақырыптар туралы әңгіме қозғады. Нұрмахан Мұқанұлы қазір ТМД елдерінде атақты «Прожарка» жанры қазақ тілінде бұрын болғанын еске салды.

Эпидахуал бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды 26 октября 2021, 09:19

Tengrinews, 26 октября 2021 в 09:23

Эпидахуал бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды
                26 октября 2021, 09:19
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты. «Эпидемиологиялық жағдай бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды. Пессимистік сценарий бойынша, қарашада күніне орташа 1800 жағдай тіркеледі, желтоқсанда 2350 жағдай, қаңтарда 3000.

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 25 октября 2021, 10:30

Tengrinews, 25 октября 2021 в 10:33

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді?
                25 октября 2021, 10:30
Таяуда қазақстандық екі министр электркарға көшті. Себебі ол көлікті ұстауға кететін қаражатты үнемдейді. Елімізде министрлердің көлігі қандай? Tengrinews.kz тілшісі министрліктерге хабарласып, ведомство басшыларының көлігін білді. Министрлер арасында бірінші болып әділет министрі Марат Бекетаев қызметтік көлігін электркарға ауыстырды. Әділет министрлігі қыркүйекте Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында мұның себебі қызметтік көлікті ұстауға кететін қаражатты үнемдеу екенін жазды.

Бокстан әлем чемпионаты: жаңа құрамада кімдерден жүлде күтеміз? 22 октября 2021, 19:01

Tengrinews, 22 октября 2021 в 19:03

Бокстан әлем чемпионаты: жаңа құрамада кімдерден жүлде күтеміз?
                22 октября 2021, 19:01
Алдағы жексенбіде сербиялық Белградта бокстан әлем чемпионаты басталады. Бұл — Қазақстан боксшыларының Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы үлкен жарысы. Боксшылар алдында Токиодағы сәтсіздікті жуып-шаю міндеті тұр. Құраманың бас бапкері де, құрамның өзі де өзгерген. Tengrinews.kz тілшісі құрамадағы боксшылардың мүмкіндігін сараптап көрді.

Назарбаев президенттерден қандай сыйлық алғанын айтты 21 октября 2021, 21:49

Tengrinews, 21 октября 2021 в 22:03

Назарбаев президенттерден қандай сыйлық алғанын айтты
                21 октября 2021, 21:49
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету. Откровение» деректі фильмінде мемлекет басшыларынан алған сыйлықтары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елбасының айтуынша, батыс елдері сыйлық беруге көп қызықпайды. Назарбаев АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтонға берген сыйлығын еске алды.

Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз? 21 октября 2021, 16:25

Tengrinews, 21 октября 2021 в 16:33

Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз?
                21 октября 2021, 16:25
Осыдан тура 4 ай бұрын Дональд Трамптың аға кеңесшісі экс-президент жақында өзінің жеке әлеуметтік желісін іске қосатынын айтқан еді. Миллиардер бұл байламға Кремний алқабындағы ірі платформалардың, соның ішінде Facebook, Twitter және YouTube қызметтерінің саяси лоббизмге бет бұрғанынан келді. Трамптың қолданысқа енгелі тұрған әлеуметтік желісінен не күтуге болады және оның тағдыры қалай болмақ.

Әйелдер ер адамды биге шақырған. «Құда тарту» қандай дәстүр? 20 октября 2021, 12:17

Tengrinews, 20 октября 2021 в 12:23

Әйелдер ер адамды биге шақырған.
Қазақта байырғы заманда «Құда тарту» не «Құда тартар» деген дәстүр болған. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталған. Желіде бұл дәстүр түсірілген видео да тарады. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне «Құда тарту» дәстүрі туралы айтып берді. Маманның айтуынша, бұл дәстүрдің өз жөн-жоралғысы бар.

Борат, жерлеу. Қазақстан спортшылары мазақ қылған қарсыласына қалай жауап берді? 18 октября 2021, 16:42

Tengrinews, 18 октября 2021 в 16:53

Борат, жерлеу. Қазақстан спортшылары мазақ қылған қарсыласына қалай жауап берді?
                18 октября 2021, 16:42
Таяуда қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анголалық Манел Кап мәлімдеме жасап, ол қызу талқыға түсті. Каптың «қазақтарды тізе бүктіреміз» деген сөзі қазақстандықтардың ашуына тиді. Негізі қазақстандық спортшыларға жекпе-жек алдында түрлі трешток жасап, кейін оңбай таяқ жеген спортшы аз емес.

Журналист партияға мүше болмауы керек — Жұлдыз Әбділда 17 октября 2021, 17:26

Tengrinews, 17 октября 2021 в 17:33

Журналист партияға мүше болмауы керек - Жұлдыз Әбділда
                17 октября 2021, 17:26
Журналист Жұлдыз Әбділда BizbenPodcast жобасының бұл жолғы қонағы, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол әңгіме барысында журналист этикасы, коронавирусқа қатысты фейктер, журналистің қоғамдағы ролі туралы айтты. «Мысалы, мен бір партияның мүшесімін делік. Ал енді мен қалай объектив бағалай аламын?
Показано 30 новостей из 357