Популярные темы

«Ұйқыға кетеді». Жәнібек Әлімханұлы кімдерді жекпе-жекке шақырып жүр? 15 сентября 2021, 16:35

Дата: 15 сентября 2021 в 16:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырып жүр. Мақсаты — орта салмақта әлем чемпионы атану. Кез келген чемепионды нокаутқа түсіремін деп уәде берген. Tengrinews.kz тілшісі Жәнібек Әлімханұлы кімдерді жекпе-жекке шақырып жүргенін баяндайды. 

«Канелоны» оп-оңай жеңемін»

Әлімханұлы қазір трештокты белсенді қолданады. Сәті түскенде орта салмақтағы мықтыларды жекпе-жекке шақырып жүр. Тек Геннадий Головкиннен басқа. Себебі Әлімханұлы кеше Twitter-де Головкинді неге жұдырықтасуға шақырмайтынын түсіндірді. 

«Жанкүйерлер менен GGG-ді неге жекпе-жекке шақырмайтынымды сұрайды. Жауап берейін. Ол — менің ағам. Қазақстанда үлкендерді құрметтеу керек, бұл біздің дәстүр. Кейбір жанкүйер мұны түсінбейтін шығар. Бірақ дәстүрді құрметтеу керегін бәрі біледі. Бұл — қазақ стилі», — деп жазды Әлімханұлы.

Where are you champions? I want to knock you out. pic.twitter.com/l6DAv82duv

— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) June 27, 2021

Негізі, Әлімханұлының трештоктары осы Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жектен кейін басталды. 2018 жылы «Канело» Головкинді жеңгенде, Әлімханұлы мексикалықты жекпе-жекке шақырған. «Қазақ стилін» көрсетемін деген еді сол кезде. 

Бірақ «Канело» оған жауап бермеген. Әлімханұлы оған биыл да жекпе-жек өткізуді ұсынып көрді. 

«Канелоны» ешкім жеңе алмайды деп санасаңдар, қатты қателесесіңдер және ұйықтап жүрсіңдер. Ояныңдаршы, өтініш. Мен оны оп-оңай жеңемін. 2021 жылы «қазақ стилі» мен «мексикалық стильді» кездестірейік», — деп жазған еді боксшы. 


©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Әйтсе де, «Канелоның» жоспары басқаша. Онда әзірше Жәнібек Әлімханұлы жоқ. Мексикалық боксшы әзірше екінші орта салмақты бағындырмақ. 6 қарашада ол екінші орта салмақта IBF титулының иегері америкалық Калеб Плантпен жұдырықтасады. Бұл кездесуде жеңсе, Альварес екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атанады. 

«Андрадені Айда да, су астында да жеңе аламын»

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраде де қазақстандықтың назарынан тыс қалмады. Оны сәт сайын жекпе-жекке шақырып тұрады. 

«Кеше дайын болдым, бүгін де дайынмын. Бұл жекпе-жекте оңай жеңемін. Күмәнданбаңыздар. Мен оны Айда да, су астында да жеңе аламын», — деген еді Әлімханұлы 2019 жылы. 


Фото: Top Rank©

Ал биыл сәуірде Андраде титулын кезекті рет қорғап қалғанда Әлімханұлы оны тағы да жекпе-жекке шақырды. 

«Солақайды қазақ стиліндегі солақай жеңе алады! Андраде? Қашан? Қайда? Оңай жұмыс. Рингке жастықпен шықсын! Рингте ұйқыға кетеді», — деп жазды Әлімханұлы сол кезде. 

Ал биыл шілдеде оны 7-8-раундта нокаутқа түсіруге уәде берді. 

«Эдди Хирн маған орта салмақтағы чемпионыңды — Андрадені бер. Мен оны титулынан айырамын. Мен дивизион патшасымын. Боб Арум, мен дайынмын», — деді Жәнібек таяуда ғана.

«Мен Мунгияны нокаутқа түсіретінімді біледі»

Жақында Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Хайме Мунгияны да жекпе-жекке шақыруға көшті. Промоутері Боб Арум мен WBO президенті Пако Валькарсельді белгілеп, осы кездесуді ұйымдастыруды сұраған. 

«Мен WBO рейтингінде екінші нөмірдемін. Мунгия бұл тізімде бірінші тұр. Жекпе-жек өткізейік! Бірақ олар менімен жұдырықтаспайтынын білемін. Себебі мен оны нокаутқа түсіретінімді біледі. Қашан? Қайда?», — деп жазды Әлімханұлы. 


Фото: twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақ чемпиондары кім?

Негізі Әлімханұлының жазбаларына қарасақ, оған кіммен жұдырықтасатыны маңызды емес. Тек қарсыласы чемпион болуы керек. Ал орта салмақта чемпиондар кім? WBO белбеуі Андрадеде екенін жаздық. WBC чемпионы — тағы бір америкалық Джермалл Чарло. Биыл желтоқсанда Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін жапон Риота Мурата WBA Super титулын иеленген. Ал қалған IBF мен IBO титулдары Головкиннің өзінде.

Әлімханұлы орта салмата Головкиннен басқа үш чемпионмен де жұдырықтасуға кетәрі емес. Үшеуінің суретін жариялап, «Оңай жұмыс» деп жазба қалдырғаны бар. 

Easy work! pic.twitter.com/yl45IbLL32

— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) July 7, 2021

Ал енді Әлімханұлы бұл чемпиондардың қайсымен жекпе-жек өткізуге жақындау деген сұраққа тоқталайық. Ол Головкинге қарсы шықпайтынын айтты.  


Фото: Top Rank Boxing©

Ал WBA рейтингінде ТОП-15 тізіміне енбейді, сондықтан оның Муратамен жұдырықтасуын әзір көре қоймаймыз шығар. WBC рейтингінде төртінші орында келеді. Бірақ одан жоғары орындарда орта салмақтың мықтылары тұр. 

Әлімханұлына басқаларына қарағанда WBO титулы жақындау. Ұйым рейтингінде екінші орында тұр. Көш басындағы Мунгияны жеңе алса, титул иегері Андрадеге жол ашылады. 

Өзі де таяуда «Маған WBO әлем чемпионы титулым керек» деген мәлімдеме жасаған еді. Сондықтан Әлімханұлы осы жоспар бойынша жұмыс істейтін шығар. 

Еске салайық, 26 маусымда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) Әлімханұлы 30 жастағы америкалық Роб Брантты жеңген болатын. Қазақстандық боксшы алтыншы раундта америкалықты нокдаунға түсірген. Ал сегізінші раундтан кейін Бранттың бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан еді.

Енді Әлімханұлы келесі жекпе-жегін қарашада өткізбек. Қарсыласы белгісіз. Өзі бұл кездесуде тек мықтымен жұдырықтасқысы келетінін мәлім етті. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Геннадий Головкин
Поделитесь новостью с друзьями