Популярные темы

еска: новости — страница 12

«Қарғадан кешірім сұраған видео күтеміз» — Қазнеттегі мемдер 24 августа 2021, 15:17

Tengrinews, 24 августа 2021 в 15:23

Қазнетте әлемде және Қазақстанда болып жатқан оқиғалар үнемі қызу талқыланады. Бірі проблема қозғап, жазба жариялап жатады, екіншісі сол мәселелерді иронияға айналдырып әзілдейді, пікір жазады, мем жасайды. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілерде тарап жатқан соңғы мемдер мен әзілдерді жинап шықты. Қазнетте коронавирус пен карантин, вакцина туралы әзілдер мен мемдер, қызықты видеолар әлі де көп.

Аймағамбетов мектепте қай мамандар 100 пайыз қосымша ақы алатынын айтты 23 августа 2021, 13:03

Tengrinews, 23 августа 2021 в 13:13

Аймағамбетов мектепте қай мамандар 100 пайыз қосымша ақы алатынын айтты
                23 августа 2021, 13:03
Қазақстанда бір бағдарлама бойынша жұмыс істеп, бюджеті, мүмкіндігі бірдей болғанына қарамастан жетістігі әртүрлі болатын мектептер бар. Бұл көрсеткіш мектеп директорына тікелей байланысты. Сондықтан алдағы уақытта мектеп мамандарына қосымша ақы тағайындалады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек миссиясы неге Алматыда орналасқаны айтылды 20 августа 2021, 14:59

Tengrinews, 20 августа 2021 в 15:13

БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек миссиясы неге Алматыда орналасқаны айтылды
                20 августа 2021, 14:59
Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы неге Алматыны таңдағанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ОКҚ-дағы онлайн-брифингте мәлім етті. Рахметуллиннің сөзінше, БҰҰ басшылығы Ауғанстан миссиясының қызметкерлерін уақытша орналастыратын жер ретінде бірнеше нұсқаны қарастырған.

«Қазпошта» өз қызметкерлерін опа-далап сатуға міндеттей ме? 20 августа 2021, 13:40

Tengrinews, 20 августа 2021 в 13:53

Желіде «Қазпошта» қызметкерлеріне белгілі бір тауарларды сатуға міндеттегені жазылған сурет тарады. Онда қызметкерлерге көлік сақтандыруды, опа-далаптарды сатуға талап етіледі. «Қазпошта» баспасөз қызметі бұған жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта Жамбыл облысындағы өңірлер жазылған.

«Ең үлкен жеңіліс». Әлем елдері Ауғанстандағы жағдай туралы не деді? 17 августа 2021, 17:34

Tengrinews, 17 августа 2021 в 17:43

Ауғанстанда «Талибан» радикал қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билікке келгеннен бері дүние жүзі назарын салып отыр. Әлем елдерінің көшбасшылары пікір білдіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі әлем елдерінің Ауғанстандағы жағдайға қатысты ұстанымын жинады. «Мақсатымыз ауғандарға көмектесу болмады» АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстандағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, америкалық әскер бұл елге неге барғанын түсіндірді.

«Шіркін, Зидан қазақ болғанда ғой». Жұрт Амангелді Сейітхановтың қанатты сөздерін еске алып жатыр 17 августа 2021, 13:01

Tengrinews, 17 августа 2021 в 13:13

Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітханов кеше 52 жасында дүниеден өтті. Әріптестері Желіде ол туралы түрлі естелікті бөлісіп жатыр. Қазақ спорт комментаторларының мектебін қалады деп бағаланды. Tengrinews.kz тілшісі Амангелді Сейітхановтың әріптестерімен сөйлесіп, ол туралы естеліктерін сұрады.

Алматыда вирус жұқтыру қаупі бар 5 орын аталды 17 августа 2021, 12:42

Tengrinews, 17 августа 2021 в 12:43

Алматыда вирус жұқтыру қаупі бар 5 орын аталды
                17 августа 2021, 12:42
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қалада инфекция жұқтыру қаупті бар негізгі бес орынды атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Ең бірінші орында сауда нысандары — 35 пайыз. Өткен аптада бұл көрсеткіш 3 пайызға өсті. Кейін отбасындағы байланыс — 18 пайыз, қоғамдық көлікте — 17,6 пайыз. Өсім — 1,4 пайыз.

Күйеуінен қорлық көрген келіншек өз өмірін қимақ болды

Vera.kz, 19 июля 2021 в 19:29

Күйеуінен қорлық көрген келіншек өз өмірін қимақ болды
Көп балалы ана күйеуінен көрген қорлыққа шыдай алмай, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды vera.kzҚорлықпен өткен 7 жыл. 31 жастағы Гүлмира тұрмыстағы өмірін осылай деп сипаттайды. Жылдар бойы созылған зорлық-зомбылық көп балалы ананы өзіне өзі қол жұмсауға дейін жеткізген, абырой болғанда, қызы мен дәрігерлер аман алып қалды.

Көп балалы ана тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашып шықты

Vera.kz, 19 июля 2021 в 19:19

Көп балалы ана тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қашып шықты
Дүлей күйеуінен қашып шыққан көп балалы ана баспанаға мұқтаж, деп хабарлайды vera.kzҚазығұрт ауданының 43 жастағы тұрғыны – алты баланың анасы Зылиха уақытша баспанаға мұқтаж. Ол 25 жыл бойы отбасына қорлық көрсетіп келген күйеуінен қашып шыққан. Ал күйеуі қазір басқа облыста жасырынып жүр. Зылиха үйлеріне оралудан қорқады. Қазір ажырасу процесі өтуде, тәжірибелі заңгер күйеуінен мүлікті бөліп алуға көмектесер еді. Қазір көп балалы отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған «Көмек» дағдарыс орталығынан уақытша пана тапқан, дегенмен, жақында көшуі керек, ал уақытша баспана жалдауға ақшасы жоқ.Шынтағы сынып, жағы шытынаған Зылиха жарақаттарының салдарынан ауруханада бір айға жуық жатып шықты.

Тараздық бүлдіршінге әлемдегі ең қымбат дәрі қажет

Vera.kz, 16 июля 2021 в 15:59

Тараздық бүлдіршінге әлемдегі ең қымбат дәрі қажет
Дерті асқынған балақайдың еміне дүние жүзіндегі ең қымбат дәрі қажет болып тұр, деп хабарлайды vera.kzЖансақтау палатасы бір жасар қыз үшін үйіне айналғандай. Арқа бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған Айсезім Еркіннің емінің бағасы қымбат. Гендің терапияға арналған «Zolgensma» препаратын сатып алу үшін 1 млрд теңге жинап үлгеру қажет.

ДЦП диагнозы бар 14 жасар қыз көмекке мұқтаж

Vera.kz, 16 июля 2021 в 15:59

ДЦП диагнозы бар 14 жасар қыз көмекке мұқтаж
Жасөспірімнің оңалтудан өтуі үшін көмек қажет, деп хабарлайды vera.kzЖанеля анасының көмегінсіз тіпті бір жанына да аударыла алмайды. ДЦП диагнозы қойылған 14 жасар қыздың өмірі анасына қарап тұр. Дерттің кесірінен аяқ-қолы икемге келмей, бұлшықеттері үнемі ауырып жүреді. Қазірдің өзінде қол-аяғын басқара алмайды, ал уақыт өте келе тіпті қимылсыз қалып, басқа да неврологиялық дерттер шығуы мүмкін.

Өгей әкесі зорлаған қыздың анасы құқықтық көмек сұрайды

Vera.kz, 15 июля 2021 в 20:39

Өгей әкесі зорлаған қыздың анасы құқықтық көмек сұрайды
Қорланған қыздың анасы құқықтық көмек пен қолдауға мұқтаж, деп хабарлайды vera.kzТүркістан облысының тұрғыны Ақмарал күйеуін 14 жасар қызын зорлады деген айыппен сотқа берген. Процесс бірнеше айдан бері созылып келеді. Ақмарал прокурор мен судьядан бастап мемлекет тарапынан берілген адвокатқа дейін істі жапқысы келеді деп айыптап отыр.

Шымкент тұрғыны 6 жылдан бері еркін тыныстай алмай жүр

Vera.kz, 09 июля 2021 в 11:39

Шымкент тұрғыны 6 жылдан бері еркін тыныстай алмай жүр
Шымкенттің 56 жастағы тұрғыны 6 жылдан бері далаға шығып, таза ауамен тыныстай алмай жүр, деп хабарлайды vera.kzБассейнге сәтсіз секірудің соңы І топ мүгедектігімен аяқталды. 46 жастағы азамат содан бері кереуетке және мүгедектер қоларбасына таңылған. Тек 4-қабаттағы шағын пәтерінің ішінде әрең қозғалады.

Сот актілерінің орындалу мәселелері

Магнолия, 08 июля 2021 в 15:48

Сот актілерінің орындалу мәселелері
Сот актілерін орындамау, сонымен бірге сотқа құрмет көрсетпеу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Ал заңды күшіне енген сот актілерін орындамауға байланысты, бұзылған құқықтарды сотта қорғау процесі мағынасыз болып қалып, сот төрелігіне қол жеткізу құқығы жүзеге аспайтындығын айтып өтті. Сондай-ақ, ол сот шешімдерінің толық әрі уақтылы орындалуы сот билігінің беделін ғана емес, мемлекеттің мәртебесін де айқындайтындықтан аталған мәселеге жауапкершілікпен қарау керек екендігін түсіндірді. Қылмыстық істер бойынша процессуалдық шағындар, жәбірленушілерге өтемақы қорына қаржы өндіру, заттай дәлелдемелердің жойылуы, іске қатысты дәлелдемелердің қолхат арқылы иелеріне қайтарылу жұмысы соңына дейін жеткізіліп, істің мұрағатқа өткізілуі үнемі бақылануда.

35 жыл өмірі қиындықпен өтіп келеді

Vera.kz, 02 июля 2021 в 17:19

35 жыл өмірі қиындықпен өтіп келеді
Мухабат Садықованың 35 жыл бойы оңалтусыз өтіп келе жатқан өмірі туралы vera.kz жазады35 жастағы Мухабат үшін тамақтану бала күнінен нағыз сынаққа айналған. Бас ауруы, қозғалыстың қиындығы – бала шақта алған жарақаттың салдары. Мухабат 7 айлық кезінде ойнап жүріп, бас-ми жарақатын алған. Содан өмір бойы мүгедек болып қалған қызына бүгінде анасы қамқорлық жасайды.

Қоларбаға таңылған Ермек Қалымбетов: «Қоғамнан қол үзіп қалмаңыздар!»

Vera.kz, 28 июня 2021 в 19:29

Қоларбаға таңылған Ермек Қалымбетов: “Қоғамнан қол үзіп қалмаңыздар!”
«Қоғамнан қол үзіп қалмаңыздар!», қоларбаға таңылған Ермек Қалымбетовтың ұраны осы, деп хабарлайды vera.kz«Мүмкіндігі шектеусіз!». Қоларбаға таңылған Ермек Қалымбетов бойындағы туа бітті ерекшеліктерге қарамастан, спорттағы жетістіктерді бірінен соң бірін бағындырып келеді. Әлемнің талай елін аралаған оған мүмкіндігі шектеулі деген диагноз да неке құрып, отбасы бақытын сезінуіне кедергі бола алмады.Пара-би тобы Шымкенттегі Қажымұқан атындағы стадионға белгіленген мерзімде келді.

«Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасы көмекке мұқтаж жандар туралы айтады

Vera.kz, 25 июня 2021 в 12:29

«Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасы көмекке мұқтаж жандар туралы айтады
«Қайырымдылық кәрзеңкесі» жобасы көмекке мұқтаж жандар туралы айтады. ДЦП диагнозы бар балаларға арналған «Дом Артемисии» оңалту орталығы қайырымды қазақстандықтардың көмегімен жұмыс істеуде. Сол көмектің нәтижесінде балаларға оңалту процедуралары көрсетіледі. Дегенмен, қор жетекшісі Ирина Черкасоваға балаларды оңалтудан бөлек түрлі тұрмыстық мәселелерді шешуге тура келеді. Қазір ол текпешекпен балаларды екінші қабатқа шығаруға арналған лифті сатып алу үшін алынған несиені өтеуге қаржы жинап жатыр.

Ерекше жеткіншек кәсіпқой музыка мамандарының көмегін күтеді

Vera.kz, 25 июня 2021 в 12:19

Ерекше жеткіншек кәсіпқой музыка мамандарының көмегін күтеді
Никита Латыпов кәсіпқой музыканттарды іздестіреді, деп хабарлайды vera.kzКөз жанары ештеңені көрмегенмен, жанымен сезінетін, әсіресе, музыканы сүйетін жандар болады. Никита Латыпов 18 жылдан бері осылай өмір сүріп келеді. Дүниеге келген сәтінде анасы Никитаны дені сау болып өседі ойлап, ештеңеден күдіктенбеген.

ДЦП диагнозы қойылған 13 жасар қыз арманына қол созады

Vera.kz, 25 июня 2021 в 12:09

ДЦП диагнозы қойылған 13 жасар қыз арманына қол созады
Милена Ростошанская әрдайым алдағы жақсы күндерінен үмітті, деп хабарлайды vera.kzМарина Ростошанская 13 жасар қызын жалғыз өзі өсіріп келеді. Милена алты айға толғанда ДЦП диагнозын қойған дәрігерлер, бүлдіршін өз бетімен жүріп, сөйлей алады деген болатын. Дегенмен, ол болжамдар расқа айналмады. Қазір жасөспірім қыз мүгедектер қоларбасымен қозғалады, қолының қимылы әлсіз.

Шымкенттің тұрғыны үй жинастыру кезінде 5-қабаттан құлап қалды

Vera.kz, 25 июня 2021 в 11:29

Шымкенттің тұрғыны үй жинастыру кезінде 5-қабаттан құлап қалды
Шымкентте жас келіншек үй жинастыру кезінде 5-қабаттан құлап қалды, деп хабарлайды vera.kzӘр жаттығу Жанна Алябьеваға оңай тимейді. Дегенмен, артқа шегінер жол жоқ, оңалудың жалғыз жолы осы. 23 жастағы Жанна 5 қабаттағы жалға алған пәтерінің терезесін жуып жүріп, төменге құлап қалып, кереуетке таңылып қалды. «Медикер» клиникасындағы оңалту курсы екі баланың анасы үшін – қалыпты өмірге қадам басудың жалғыз жолы. Үлкені 6 жаста, кенжесі екіге енді толды.«Жанна жұлынынан мойын омыртқа тұсынан жарақат алған.

Шымкенттік балақайлар әлем келбетін бейнеледі

Vera.kz, 11 июня 2021 в 14:49

Шымкенттік балақайлар әлем келбетін бейнеледі
Шымкенттік балақайлар әлем келбетін өз көзқарастарымен бейнеге түсірді, деп хабарлайды vera.kzҚайырымдылық акциясына 40 бала қатысты. Олардың арасында көп балалы отбасылардың және ерекше даму қажеттіліктері бар балалар да болды. Екі топқа бөлінген қатысушылардың бірі мольбертке бояумен салса, жасы кішілері асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салды.Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, жас шымкенттіктердің армандарын білу басты мақсат болған.

Шымкентте еріктілер балаларды ағылшын тіліне тегін үйретеді

Vera.kz, 11 июня 2021 в 12:29

Шымкентте еріктілер балаларды ағылшын тіліне тегін үйретеді
Шымкенттік еріктілер балаларды ағылшын тіліне тегін үйретпек, деп хабарлайды vera.kz«Ана жолы» қайырымдылық қорының қамқорлығындағы балалар үшін ағылшын тілінің курсы қол жетпестей арман болған еді. Олардың ата-аналарына кейде, тіпті, тамақ табудың өзі қиынға түсетін. Сондықтан, қордың еріктілері ағылшын тілін үйретуді бастағанда үйренушілер тез-ақ табыла кетті. Әлеуметтік курстар Шымкенттегі «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығынан ашылып отыр. «Біздің курсқа тегін қатысатын балалар тізімін жасадық.

ДЦП диагнозы бар балаларға арналған оңалту орталығына көмек қажет

Vera.kz, 02 июня 2021 в 11:49

ДЦП диагнозы бар балаларға арналған оңалту орталығына көмек қажет
Ерекше балаларға арналған оңалту орталығына кез келген қаржылай көмек қажет, деп хабарлайды vera.kzОрталық «Дом Артемисии» деп аталады, Артемисия – орталық меңгерушісі Ирина Черкасованың қызының есімі. Ол туғаннан бері 24 жыл бойы балалардың церебральді сал дертінен зардап шегіп келеді. Қызының өмірі үшін күресіп келе жатқан анасы бір күні осындай басқа да ерекше балаларға көмек беру керегін түсінеді.

Шымкентте «Әлеуметтік дүкен» мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуде

Vera.kz, 21 мая 2021 в 17:09

Шымкентте «Әлеуметтік дүкен» мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуде
Шымкенттегі мүмкіндігі шектеулі жандарға «Ана жолы» қайырымдылық қорының қолдауымен «Әлеуметтік дүкен» көмектеседі, деп хабарлайды vera.kzҚазіргі таңда әлеуметтік дүкеннің қамқорлығында 600-ден астам адам бар, олар ай сайын көмек алуға келеді. Негізінен көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балалары бар отбасылар, жалғызілікті зейнеткерлер.

Көп балалы ана баспанаға және ДЦП қызының еміне көмек сұрайды

Vera.kz, 21 мая 2021 в 16:49

Көп балалы ана баспанаға және ДЦП қызының еміне көмек сұрайды
Көп балалы ана Елена Никифорова «Қайырымдылық кәрзеңкесіне» пәтер кезегіне тұруға және ауыр дертке шалдыққан қызын емдетуге көмек сұрап келді, деп хабарлайды vera.kzЕлена Никифорованың жасы 27-де. Жалғыз өзі 7, 4, 3 және 1,5 жасар төрт қызын өсіріп келеді. 1,5 Алина тумысынан дертке шалдыққан, қазіргі жағдайы 6 айлық нәресте секілді, басын әлі күнге өздігінен ұстай алмайды.
Показано 27 новостей из 357