Популярные темы

Бәрі жақсы болса, эвакуацияланғандарды бүгін үйіне қайтарамыз — Сапарбаев 27 августа 2021, 09:38

Дата: 27 августа 2021 в 09:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бәрі жақсы болса, эвакуацияланғандарды бүгін үйіне қайтарамыз - Сапарбаев
                27 августа 2021, 09:38
Стоковые изображения от Depositphotos

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жағдай жақсы деп бағаланса, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде болған жарылыстардан кейін эвакуацияланған тұрғындар бүгін үйіне қайтарылатынын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жарылыс болған жерге жақын орналасқан үш елді мекен бар. Оның ең жақыны — Қайнар (1 шақырым). Тағы екеуі 7 шақырым жерде орналасқан. Осы үш елді мекенде 718 адам тұрады. Кеше олардың барлығы біз дайындаған 10 мектеп, 5 колледж жатақханаларына орналастырылды. Соңында олардан 227 адам қалды. Қалғандары ағайын-туыстарына кетті», — деді әкім.

Бердібек Сапарбаев осы қалған 227 адам тамақ, сусындармен қамтамасыз етілгенін айтты.

«Жағдай дұрыс деп шешілсе, олардың барлығын үйіне қайтарамыз», — деді ол.

Тараз маңындағы алапат жарылыс: қазірге дейін не белгілі?

27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат шамамен 19.00-де қоймалардың бірінің маңында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями