Популярные темы

Абай аулындағы сұмдық: қысым көрсеткен әйел қалай жазаланғаны анықталды 07 сентября 2021, 13:41

Дата: 07 сентября 2021 в 13:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай аулындағы сұмдық: қысым көрсеткен әйел қалай жазаланғаны анықталды
                07 сентября 2021, 13:41
Стоковые изображения от Depositphotos

Түркістан облысы Абай аулында немересі зорланған кейуананы сотталып кеткен жігіттің туыстары мазалап жүргені туралы ақпарат шыққан. Желіде оның видеосы да тараған болатын. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл видеоға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, видеодағы оқиға 2019 жылы болған.

«Құқықбұзушы келестік әйелдің әрекетіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша іс-құжаттар жинақталып, әкімшілік сотқа жолданған. Нәтижесінде сот теріс қылық жасаған азаматшаны кінәлі деп танып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салған», — деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ляззат Ракишева (@lyazzatrakisheva)

Сонымен қатар, баланың әжесі таяуда бұл жағдай бойынша тағы да арызданған. Бірақ ол кезде кейуананы сотталған баланың анасы мазалағаны расталмаған.   

«Жергілікті тұрғын Келес аудандық полиция бөліміне арызданып, сотталған баланың анасы мазалап, қорқытатынын айтқан. Полиция қызметкерлері арызды бірден тіркеп, тексеріс жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде арызда көрсетілген жайттар расталмады. Учаскелік инспекторлар тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстары жүргізген уақытта, көршілері әйелдердің арасында болған ешқандай дау-жанжал туралы білмейтінін және естімегенін айтып өткен. Сондай-ақ, сотталған баланың анасы өз тұрғылықты мекенжайынан басқа аймаққа қоныс аударғаны белгілі болды», — деді полициядағылар.

Еске салайық, бұған дейін зорланған баланың әжесімен сөйлесіп, мақала жариялаған едік. Ол немересін зорлады деп 7 жылға сотталған баланың анасы мен туыстары ішіп келіп, үйінде айқай шығаратынын айтқан болатын.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями