Популярные темы

Коронавирус: сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді 08 сентября 2021, 16:46

Дата: 08 сентября 2021 в 16:53


Коронавирус: сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді
                08 сентября 2021, 16:46
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.

«Кейінгі екі аптада Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді», — деді Шоранов ОКҚ брифингінде. 

Марат Шорановтың сөзінше, кейінгі айда коронавирустың таралу индексі республика бойынша 17 пайызға төмендеді. Ал инфекциялық төсек-орындардағы адам саны 56 пайыздан 36 пайызға азайған.  

Еске салайық, 8 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 824 118-ге жетті. Айыққандар саны жалпы 734 883-ке жетсе, 9 987 адам қайтыс болған.

По сообщению сайта Tengrinews

Поделитесь новостью с друзьями