Популярные темы

Қасақана өрт қойылды деген нұсқа жоққа шығарылмайды — қорғаныс министрі 27 августа 2021, 10:03

Дата: 27 августа 2021 в 10:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қасақана өрт қойылды деген нұсқа жоққа шығарылмайды - қорғаныс министрі
                27 августа 2021, 10:03
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында қасақана өрт қойылды деген нұсқа да қарастырылып отырғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жарылыс себебін жедел тергеу тобы анықтап жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, қауіпсіздік талаптары да бұзылған болуы мүмкін, химиялық реакция болып, өзі жануы да мүмкін. Оқ-дәрілер сақталған қоймадағы өрт қасақана қойылған болуы мүмкін деген де нұсқа жоққа шығарылмайды», — деді қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. 

Тараз маңындағы алапат жарылыс: қазірге дейін не белгілі?

27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат шамамен 19.00-де қоймалардың бірінің маңында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылды. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірді. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями