Популярные темы

Новости по теме "теңге" — страница 18

Kaspi предлагает 10 млн тенге за информацию о бывшем сотруднике, обманувшем клиентов банка

Источник: NewTimes Дата: 12 июля 2019 в 16:54

Kaspi предлагает 10 млн тенге за информацию о бывшем сотруднике, обманувшем клиентов банка Как сообщается, обещая помощь в покупке залоговой недвижимости, он уговорил пострадавших перевести средства на свой счет, а затем скрылся.Сейчас полиция проводит следственно-розыскные мероприятия.«Kaspi активно сотрудничает с правоохранительными органами с целью найти и наказать преступника, и защитить интересы клиентов.

Депутаттар кәріз су тазалау кешеніне барды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июля 2019 в 12:12

Депутаттар кәріз су тазалау кешеніне барды Сейсенбі күні Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақтықожа Ізмұхамбетов, Глеб Щегельский, Абай Тасболатов және Дәния Есбаева «Ақбұлақ» АҚ кәріз су тазалау кешені мен тұрмыстық қалдықтар полигонына барды. Алдымен мәжіліс депутаттары қаладан 7 шақырым қашықтықта орналасқан «Ақбұлақ» АҚ кәріз су тазалау кешеніне барып, оның жұмысымен танысты.

Облыстық музейде жаңа залдар ашылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июля 2019 в 12:12

Облыстық музейде жаңа залдар ашылды Сәрсенбі күні Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде бірнеше тақырыптық залдар ашылды. Енді облыс тұрғындары мен қонақтары жаңадан ашылған залдар арқылы өлкенің ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихымен таныса алады. 2018 жылы 14 қарашада Тұңғыш Президент көрмесінің келуімен қатар ашылған музейде бүгінгі күнге дейін Көрме залы, «Табиғат», «Қазақ хандығы», «Археология» және «Құнды және сирек экспонаттар залы» секілді бірнеше залдар жұмыс жасап келген болатын.

Оқушылар жазғы лагерьде тегін демалады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июля 2019 в 12:02

Оқушылар жазғы лагерьде тегін демалады Ақтөбе қаласындағы «Шаңырақ» қоғамдық қоры «Шұғыла» лагерімен бірлесе отырып, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 10 балаға жазғы лагерьде демалуға тегін жолдама берді.«Шұғыла» лагерінің директоры Айдынғали Жетешовтің айтуынша, оқушылардың сапалы қызметпен қамтылуына барынша жағдай жасалған.

Александрдың аралары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июля 2019 в 11:32

Александрдың аралары Қобдалық Александр Красильников «Бастау» жобасына қатысып, курс тыңдаушысы болғанға дейін омарташы боламын деп мүлде ойламаған еді. Оның қазір табысты кәсіпкер болуына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы арқылы «Бастау» жобасына қатысып, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруі себеп болды. Бүгінде Александр Красильников омарташылық кәсіппен айналысады.

 «Сыбаға»: 1375 асылтұқымды ірі қара жеткізіледі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июля 2019 в 11:32

 «Сыбаға»: 1375 асылтұқымды ірі қара жеткізіледі Былтыр Әйтеке би ауданындағы шаруашылық иелері мемлекеттік бағдарлама аясында 440 асылтұқымды ірі қара сатып алды. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын тауып жатыр. Аудандағы шаруашылық құрылымдары мал санын көбейту, оны асылдандыру жұмыстарына басты назар аударып отыр. Сондай шаруашылықтардың қатарында «Құмқұдық», «Қарабұтақ», «Қожа» сияқты серіктестіктер бар.

Ақтөбе жолдары қазір қандай күйде?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июля 2019 в 11:22

Ақтөбе жолдары қазір қандай күйде? Посткеңестік елдерде, соның ішінде Қазақстанда Еуропадағы сияқты ірі жобаларды ұзақ мерзімді жоспарлау, сапа стандарты, жергілікті ерекшеліктер, бюджеттік мүмкіндіктер, жаңа жобалар қаржысы, жолдарды кеңейту жобалары, техникалық қызмет көрсету шығындары алдын ала талданып, бір ресурсқа топтастырылмаған.Біздің жағдайымызда Еуроодақтағы сияқты жол бюджетін алдын ала бірнеше жылға есептеу тәжірибесі енгізілген жоқ.

Балалар және жазғы демалыс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июля 2019 в 11:12

Балалар және жазғы демалыс Біздің облыста ҚР Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы бастамаларды жүзеге асыру мақсатында балалардың жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Облыс оқушыларының 96 пайызы жазғы демалыс кезінде лагерльерде тынығып, еліміздің және облыстың киелі жерлеріне саяхат жасайды.

Жұмыс беруші қандай жағдайларда еңбек демалысына шығармауға құқылы

Источник: TengriNews Дата: 10 июля 2019 в 11:53

Жұмыс беруші қандай жағдайларда еңбек демалысына шығармауға құқылы Жаз шыққанда еңбек демалысына шығу әдеткі іс. Алайда жұмыс беруші жұмысшыны демалысқа шығармай қоятын да жағдайлар бар. Tengrinews.kz тілшісі жұмыс берушінің қандай жағдайда еңбек демалысына шығармауы мүмкін екенін анықтап көрді.Заң ғылымдарының кандидаты Думан Көпбаев еңбек демалысына шығу кезінде жұмыс беруші мен жұмысшының міндеттері мен құқықтарын түсіндірді.«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 93-бабында қызметкерлерге ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын беру басымдығы қызметкерлердің көзқарасын ескере отырып, жұмыс берушімен бекітілген демалыс кестесінде немесе тараптардың келісімімен анықталады.

«Жақсылығы үш еселеніп қайтты». Тауып алған 5 миллионды қайтарған отбасының оқиғасы

Источник: TengriNews Дата: 09 июля 2019 в 15:03

Тауып алған 5 миллион теңгесін қалтаға баспай, иесіне қайтарып берген Түлкібас тумасы Нұрсұлтан Әміровтің жақсылығы алдына үш есе болып қайтты, ол жақында 15,5 миллион теңгенің пәтерін ұтып алды. Нұрсұлтанның жары Алина Tengrinews.kz тілшісіне қалай пәтерлі болғанын айтты. Бақытты отбасының қуанышы жайлы хикаяны ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатқан арнайы жоба аясында әңгімелейміз.Жас отбасының биыл отау құрғанына үш жыл болды.

Ринат Зайытов қатыспайтын айтыс постерінде суреті неге жүр — Ұйымдастырушылар түсіндірді

Источник: TengriNews Дата: 09 июля 2019 в 14:03

Ринат Зайытов қатыспайтын айтыс постерінде суреті неге жүр - Ұйымдастырушылар түсіндірді Ұйымдастырушылар Ринат Зайытов қатыспайтын Алакөлдегі айтыстың постерінде неге оның суреті бар екенін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Айта кетейік, мұның алдында айтыскер ақын Ринат Зайытов Instagram желісінде ШҚО-да өтетін айтысқа шақырту алмағанын және қатыспайтынын, алайда постерінде суреті тұрғанын мәлімдеген.«Құрметті ағайын, 13 шілдеде өтетін айтысқа шақырту алмағанымды, қатыспайтынымды ресми мәлімдеймін», — деп жазды айтыскер жеке парақшасында.Ринат Зайытовтың желідегі парақшасынан скриншот. © Tengrinews.kzӨз кезегінде, Алакөлде өтетін айтысты ұйымдастырушы «Зейнолла Сәнік атындағы қор» директоры Серік Қалиев бұл жағдайды түсіндірді.

Әлеуметтік салаға басымдық берілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июля 2019 в 10:02

Әлеуметтік салаға басымдық берілді Облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бесінші сессиясында негізгі мәселе ретінде «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы қаралды.Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты.Отырысқа төрағалық еткен депутат Асқар Болатов сондай-ақ жиынға облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылғанын хабарлады.Күн тәртібіндегі басты мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева баяндап берді.

Индустриялық аймақ: капсула салынып, жаңа зауыт іске қосылды.

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июля 2019 в 09:52

Индустриялық аймақ: капсула салынып, жаңа зауыт іске қосылды. Елорда күні қарсаңында «Ақтөбе» индустриялық аймағында лак-бояу өнімдерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Жалпы құны 320 миллион теңгені құрайтын бұл жоба аясында 15 адам жұмыспен қамтылатын болады.Жаңа зауыттың ашылуына қатысқан «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» басқарма төрағасы Руслан Мамунов өндіріс орнының жұмыс жасау барысымен танысып, қызметіне сәттілік тіледі.«Баумастер Интернэшнл» ЖШС атқарушы директоры Кеңес Жакеновтің айтуынша, зауытта бояудың 7 түрінен жылына 5 мың тонна өндіру жоспарланып отыр.— Бұл жобаның ерекшелігі — судисперсиялық бояулар европалық және америкалық технология бойынша дайындалады. Өндіріс толықтай автоматтандырылған.

Медициналық қызмет екі пакет арқылы  көрсетіледі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июля 2019 в 09:12

Медициналық қызмет екі пакет арқылы  көрсетіледі 2020 жылдан бастап қазақстандықтар медициналық қызметті екі пакет арқылы алады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Біріншісі — тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі. Бұл барлық тұрғындарға арналған, тіпті олар сақтандырылмаған болса да мемлекеттің қаржысына емделе береді, яғни алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек тегін көрсетіледі.

Маман кредитсіз әрі үнеммен той жасаудың жолдарын айтып берді

Источник: TengriNews Дата: 05 июля 2019 в 17:43

Маман кредитсіз әрі үнеммен той жасаудың жолдарын айтып берді Қазақ халқын тойсыз елестету мүмкін емес. Тойды дүркіретіп өткізуге тырысады. Тойға кем дегенде 100-200, тіпті 500 адамға дейін шақыратындар бар. Асаба, оператор, фотограф, әнші-бишілер дегеннің бәріне ақша төлеу қажет. Бір сөзбен айтқанда, кез келген той үлкен шығынды талап етеді.Соңғы деректерге сүйенсек, елімізде берілген тұтынушылық кредиттердің 9 пайызы «той кредиттері» екен.

Жұмыстан шыққанда төленетін ақшаны қалай есептейді

Источник: TengriNews Дата: 05 июля 2019 в 09:43

Жұмыстан шыққанда төленетін ақшаны қалай есептейді ҚР Еңбек кодексіне сәйкес кызметкер жұмыстан өз еркімен шыққан жағдайда өтемақы ала алады. Компания мен жұмысшы арасында есеп айрысу барысында қандай өтемақылар төленуі тиіс? Егер жұмыс беруші қызметкерді жұмыстан босатқан жағдайда, соңғысы өтемақыны толықтай алады ма? Tengrinews.kz тілшісіне адвокат Тлеужан Жұмабекұлы осы сұрақтарға жауап берді.Адвокаттың айтуынша, қызметкер жұмысынан шықаннан кейін бір айлық еңбек демалысына тең төлемді ала алады.

Демалыс және мереке күндері жұмыс істегендерге өтемақы қалай есептеледі

Источник: TengriNews Дата: 04 июля 2019 в 17:43

Демалыс және мереке күндері жұмыс істегендерге өтемақы қалай есептеледі Еңбек нарығында кез келген компания жұмыс күші қажет болған жағдайда мереке күніне немесе демалысқа қарамастан қоластындағыларды жұмысқа тартуы мүмкін. Бірақ бұл қаншалықты заңды? Ол күн жалақы мөлшеріне қалай әсер етеді? Қосымша ақы төленуі тиіс пе? Tengrinews.kz тілшісі осы сұрақтарды заңгер Нариман Сүлейменовке қойып көрді. Қай күндер демалыс және мереке күндері болып есептеледі?«ҚР Еңбек кодексінің 84-бабында демалыс күндерін белгілеу тәртібі туралы айтылған.

Ипотекаға алған пәтерді жалға беруге бола ма — Маман жауабы

Источник: TengriNews Дата: 04 июля 2019 в 13:23

Ипотекаға алған пәтерді жалға беруге бола ма - Маман жауабы Қазақстанда ипотека, пәтерді жалға алу немесе жалға беру өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Себебі қолма-қол ақшаға баспана алуға көбінің мүмкіндігі бола бермейді. Бірақ ипотекаға пәтер алып, оны өзге біреулерге жалға беретіндер де жоқ емес. Бұл бизнестің бір түрі деуге болады. Ал ол қаншалықты тиімді?

Оңдасын ОРАЗАЛИН: «Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпеген  мекемелер жауапқа тартылады»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 12:52

Оңдасын ОРАЗАЛИН: «Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпеген  мекемелер жауапқа тартылады» 2 шілде, сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалинның төрағалығымен мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова баяндама жасады.Оның баяндауынша, биылғы жылдың сәуір, маусым айларында комиссия мүшелері Ойыл, Әйтеке би, Алға аудандары мен Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздердің қолданылуына мониторинг жүргізген.

Шалқарлықтардың арысқа көмегі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 12:22

Шалқарлықтардың арысқа көмегі Шалқарлықтар әскери бөлімдегі жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына материалдық, қаржылай көмегін берді. Аудан орталығындағы Мырзағұл Шыманұлы ескерткіші маңында қайырымдылық жәшіктері қойылып, аудан тұрғындары бір күнде ақшалай, заттай көмектерімен үлесін қосты. Бұл жерде жиылған ауызсу, бұзылмайтын түрлі тамақ өнімдері, т.б. қажетті заттардың ауқымы әп-сәтте екі жүк көлігіне жетті.

«Нұрлы жер»: өтініштер 15 шілдеге дейін қабылданады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 12:22

«Нұрлы жер»: өтініштер 15 шілдеге дейін қабылданады «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»1 шілде күні «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы жаңа үйлерден баспана алу үшін өтініштер қабылдауды бастады. Үміткерлер «Нұр Ақтөбедегі» №1 шағын аудандағы 9, 24, 28, 39, 40, 44, 59-ші нөмірлі 3 және 4 қабатты тұрғын үйлерден пәтер ала алады. Жоспар бойынша құрылыс тамыз айында аяқталуы тиіс.— Пәтерлер таза әрлеуде, яғни қоныстануға дайын күйінде беріледі.

443 мыңға жуық адамның несиесі кешірілуі мүмкін

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 12:02

443 мыңға жуық адамның несиесі кешірілуі мүмкін Еліміздегі несиесі бар кейбір адамдардың борышын мемлекет өзі төлеп беретін болды. Бұл шынында да мұқтаж азаматтар үшін үлкен көмек болғалы тұр. «Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтар түрлі қиын жағдайларға байланысты өз мойнына алған кредиттік міндеттемесін орындай алмай отырған ахуал қалыптасты.

Ақтөбеде туризм қалай дамиды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 11:52

Ақтөбеде туризм қалай дамиды? СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ МАҢЫНАН ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНАДЫЖанна Баймұхамбетованың айтуынша, туризмді дамытуда облыстың мүмкіндігі көп.— Ел Үкіметі туризмді дамытудың 2019-2025 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама мақұлданды, тек бекітілуін күтіп отырмыз. Бағдарлама аясында республиканың туристік картасы жасалды, яғни 60 объектті дамыту көзделген.

«Еңбектің» арқасында…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 11:42

«Еңбектің» арқасында… Кейінгі жылдары Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өз кәсібін ашуға ынталылар мен дөңгелетіп отырған кәсібін одан әрі кеңейткісі келетіндер үшін мол мүмкіндік ұсынып отыр. Анығы, аталған қор ауылдарда іске асырылатын жобаларды жеңілдетілген несиемен қаржыландырады. Несиелеу бағдарламалары да түрлі: «Сыбаға», «Ырыс», «Ынтымақ», «Игілік», «Бірлік», «Егінжай», «Кәсіпкер», «Еңбек».Айталық, былтыр Ақтөбе облысында 655 ауыл кәсіпкері «Еңбек» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, өздерімен қоса ауылдастарын да жұмыспен қамтып отыр.

Оқу жылы қалай қорытындалды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 11:42

Оқу жылы қалай қорытындалды? Облыстың білім беру жүйесіне мемлекет тарапынан көп қолдау, көмек көрсетіліп жатыр. Бұған бір ғана мысал келтірсек жетіп жатыр: облыс бюджетінің 40 пайызы білім саласына бөлінеді. Осыншама қолдаудың лайықты қайтарымы да болуы керек. Білім саласының жетістіктері қандай? Облыстағы білім шаңырақтары оқу жылын қалай қорытындылады, жаңа оқу жылындағы басымдықтар және білім саласына байланысты басқа да мәселелер туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаевамен әңгімелескен едік.

Мәртөктің маралдары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 11:32

Мәртөктің маралдары «Біздің облыста да марал бағып жатқандар бар» дегенді естігеніміз болмаса, барып көрмеген едік. Мәртөк ауданына барған осы жолғы іссапарда Қазан ауылындағы «Зәру» марал шаруашылығына жол түсті. Бұл шаруашылықтың қожайындары — ерлі-зайыпты Ертарғын-Бану Тілегеновтер. «Күнде таңғы сағат алтыда осы алқапты жаяу екі рет айналып өтем.

«Бастау»: грант кімге бұйырады?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 11:22

«Бастау»: грант кімге бұйырады? Әйтеке би ауданы Комсомол селосының тұрғыны Фариза Айбалтанова — «Бастау» жобасының тыңдаушысы. Қолында арнайы сертификаты бар ол енді мемлекеттен бір реттік қайтарымсыз грант алуға ниетті. Сол үшін жалпы құны 505 мың теңгеге бизнес жоба әзірлепті. Мақсаты — кәсібін кеңейту. Алайда мемлекеттен берілетін бір реттік грант кімдерге бұйырады?

Ақтөбе «Адалдық алаңына» айналады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 10:52

Ақтөбе «Адалдық алаңына» айналады Жемқорлық — мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл — қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз.ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ. Өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керектігін баса айтқан еді.

Жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 10:32

Жұмысшы мамандықтары сұранысқа ие Елімізде жұмысшы мамандықтарына сұраныс қашан да жоғары. Биылғы оқу жылынан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби-техникалық білім беру саласындағы жұмысшы мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көбейту туралы тапсырма бергені белгілі. Өңірдеауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпте сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын оқытуға баса назар аударылуда.

Кредитті кешіру туралы Президент жарлығы. Бүгінге дейін не білу керек

Источник: TengriNews Дата: 03 июля 2019 в 13:33

Кредитті кешіру туралы Президент жарлығы. Бүгінге дейін не білу керек 26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. Ондағы мақсат — қиын жағдайға тап болған отбасыларға, көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жетім балалардың қаржылық ахуалын жақсарту.
Показано 30 новостей из 2 719