Популярные темы

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың ақпан айында алименттік қарыз 35 млн теңгеге өтелді

Дата: 24 марта 2024 в 00:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жамбыл облысында ағымдағы жылдың ақпан айында алименттік қарыз 35 млн теңгеге өтелді
Стоковые изображения от Depositphotos Алимент алуға кәмелетке толмаған балалар, ал кейбір жағдайларда еңбекке жарамсыз және мұқтаж кәмелетке толған отбасы мүшелері құқылы
Ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі кәмелетке толмаған балаларды, сондай-ақмүгедек, мұқтаж кәмелетке толған балаларды асырау мен қамтамасыз ету болып табылады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 138-бабының 1 тармағы, 143-бабы).
«Алимент» терминінің мағынасы бір адамның екінші адамға қаржылық қолдау көрсетуін білдіреді. Егер ата-аналар өз балаларын асырау үшін қаражатты өз еркімен бермесе, онда алимент төлеу туралы келісім негізінде немесе сот шешімі бойынша орындалуы мүмкін алименттік міндеттемелер туындайды. Елімізде жылдан-жылға некені бұзу ісі көбейіп келеді, бұл алимент өндіру бойынша атқару өндірісінің санына кері әсерін тигізуде.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында сот орындаушылары кәмелетке толмаған балалар алдындағы ата-ананың қарызы 1 миллиард теңгеден астам алимент өндіру бойынша 16 335 ісорындауда.
Алимент өндірудің тиімді шараларының бірі борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту болып табылады. Ағымдағы жылдың 2 айында сот орындаушылар 28 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Сонымен қатар, 2024 жылғы 25 қаңтарда Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 1 борышкер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 139 бабы бойынша 1 жыл мерзімге пробациялық бақылау орнату арқылы бас бостандығын шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Бұл бағыттағы сот орындаушыларының жұмысы өз жемісін беруде. Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында Жамбыл облысында кәмелетке толмаған балалардың алдындағы жалпы сомасы 34 980 500 теңге қарыз өтелді.
Оның үстіне сот орындаушыларының үйлесімді жұмысының арқасында борышкерлер жылжымалы және жылжымайтын мүліктегі үлесті өндіріп алушының пайдасына қайта ресімдеу арқылы қарызын өтейді. Мысалы, 2020 жылы жеке сот орындаушы К.Джанбосыновпен алимент өндіру туралы атқару өндірісі қозғалған.
Өндіріп алушының алдындағы берешек жыл басына 3 963 814 теңгені құрады. Осыдан кейін сот орындаушысы борышкердің мүлкін өндіріп алушыға заттай беру туралы қаулы шығарды, өйткені мүліктің бағасы 17 099 000 теңге, оның ½ бөлігі 8 549 500 теңгені құраған, яғни сот орындаушысы қарызды және болашақ алиментті өтеуге 8 549 500 теңгені өндіріп алған.
С. УЗАКБАЕВ, Жамбыл облысы Әділет департаменті

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также