Популярные темы

ҚМДБ: Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді

Дата: 05 марта 2024 в 21:58


ҚМДБ: Биыл пітір мөлшері 640 теңге болып белгіленді
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 640 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады» деп атап өтті Сансызбай Құрбанұлы.

Сондай-ақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге арнайы үндеу жасады.

«Осы ретте барша отандастарымды қасиетті айда жүзеге асатын «Рамазан қоржыны», «Рамазан сыйы», «Рамазан тәттісі», «Жомарт жұма» сынды қайырымдылық іс-шараларға үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізген абзал екенін айрықша атап өткіміз келеді», деді Бас мүфти.  

Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями