Стоковые изображения от Depositphotos
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 2023 – 2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес денсаулық сақтау саласында 6 жоба іске асады деп жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Жоба аясында href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласында 400 орындық Облыстық көпбейінді аурухана, 200 орындық көпбейінді балалар ауруханасы, Облыстық қан орталығы, қаланың оң және сол жағалауында 300 келушіге арналған емхана салу жоспарланған. Сонымен қоса, href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семейдегі перинаталдық орталықты жаңғырту жұмыстары да жүргізілмек.
«Былтырғы жылы «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 340,4 млн теңгеге 4 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Абай облысында, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында 2023-2024 жылдарға 65 жаңа Алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандарын салу жоспарланған», — деді басқарма басшысы.
Жол картасын орындау аясында 2023 жылғы 6 қазаннан бастап Облыстық перинаталдық орталықта муковисцидоз бойынша қауіп тобындағы балаларға жүргізілетін «Nanoduct» аппаратымен тер сынамаларына талдауды зерттеу енгізілген.
Денсаулық сақтау басқармасы сәбилер мен аналар өлімінің көрсеткіштерін төмендету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Қаладағы жалғыз мемлекеттік педиатриялық бөлімше орналасқан №1 қалалық аурухана үшін ЖАО қаражатынан медициналық жабдық 19,2 млн теңге сомаға ультрадыбыстық аппарат, сондай-ақ 55,2 млн теңге сомаға оттегі станциясы сатып алынып орнатылды, — деп атап өтті Талғат Молдабеков.
2023 жылы ауылдық жерлерге 18 жас маман барған. Мамандарға әлеуметтік қолдаудың түрлі шаралары ұсынылып, оның ішінде жәрдемақы / көтерме жәрдемақы — 11, сондай-ақ басқа да шаралар ұсынылған.
«Мамандарды тарту бойынша резидентурада медициналық кадрларды даярлау арқылы жүзеге асырылады. Ағымдағы оқу жылында 22 резидент оқиды. 2024 жылға жіті тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының санын (жергілікті бюджет қаражаты есебінен) 45 орынға дейін ұлғайту көзделген», — деп қорытындылады спикер.
Халыққа, ведомстволық бағынысты 306 Денсаулық сақтау субъектісі медициналық көмекті көрсетеді. Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарда 8 559 медицина қызметкері, оның ішінде 2 164 дәрігер және 6 395 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс атқарады.
Сурет: Абай облысы өңірлік коммуникациялар қызметі
По сообщению сайта Arna Press