Стоковые изображения от Depositphotos
11 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерлестерін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл, деп атап өтті президент.
«Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді. Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!» Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 5-6 сәуірге қараған түн – Қадыр түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі екенін айтқан.
Пітір садақа ел бойынша 640 теңге (екі келі ұнның орташа бағасы) болып бекітілді.
Сурет: akorda.kz
По сообщению сайта Arna Press