Популярные темы

Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды

Дата: 19 февраля 2024 в 18:28 Категория: Общество


Қазақстандағы студенттік стипендияның жаңа мөлшері аталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Колледж студенттерінің шәкіртақысы биыл 50 пайызға артады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50 пайызға өскен. Биыл студенттер стипендиясы тағы 50 пайызға артады.

«Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі», — деді ТжКБ бас сарапшысы Дархан Сатанов.

Еске салайық, еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды. Оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Общество
Поделитесь новостью с друзьями