Популярные темы

Спорт мектептері спортшылардың іс-сапарларына жұмсалатын шығындар туралы жалған есептер ұсынған

Дата: 04 апреля 2024 в 20:08 Категория: Новости спорта


Спорт мектептері спортшылардың іс-сапарларына жұмсалатын шығындар туралы жалған есептер ұсынған
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында Спорт мектептері спортшылардың іс-сапарларына жұмсалатын шығындар туралы жалған есептер ұсынған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінде жүйелі сипатқа ие болған құжаттарды бұрмалау белгілері анықталды.

Шымкент қаласында өткен Қазақша күрестен халықаралық турнирге Семей қаласының командасы қатысты. 10 спортшы мен жаттықтырушының шығындарына бюджеттен 1 миллион теңге бөлінді. Бірақ турнирге іс жүзінде 2 спортшы қатысқан.

Сондай-ақ Тараз қаласында өткен турнирге 10 спортшыға өтінім беріліп, тек 3 спортшы ғана турнирге қатысқан. Ал шығындар қолдан жасалған.

«Жаттықтырушылардың есептері бойынша команданы тасымалдау үшін шағын автобус жалға алынып, іс жүзінде сапар теміржол көлігімен жүзеге асырылды. Осындай деректер іссапар шығындарына арналған қаражатты жаттықтырушылардың тікелей карт-шоттарына аударудан және спорт мектептерінің басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауынан туындаған», — делінген хабарламада. 

Бұл фактілер спорттық іс-шараларды қаржыландыру мен ұйымдастырудың қолданыстағы механизмінің ашықтығы мен тиімділігіне күмән келтіреді.

Осыған байланысты спорттық-бұқаралық іс-шаралардың барлық кезеңдері мен рәсімдерін автоматтандыру үшін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған бірыңғай цифрлық платформа құру ұсынылады.

Сурет: Абай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями