Популярные темы

теңге: новости — страница 7

Қайтыс болған тракторшы Сергей Архиповтың отбасына пәтер берілді

Arna Press, 15 июня 2023 в 17:28

Қайтыс болған тракторшы Сергей Архиповтың отбасына пәтер берілді
Бүгін өрт салдарынан қаза тапқан 14 адамның отбасына, сондай-ақ тракторшы Сергей Архиповтың отбасына Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданындағы жаңа пәтерлердің кілттері табысталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысының әкімі қайтыс болған Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасыларына 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің кілттерін тапсырды. — Өртте зардап шеккендердің отбасыларын қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар біздің тұрақты бақылауымызда.

Банкроттық мәселесі: төлем қабілетін қалпына келтіру үшін не істеу керек? 12 июня 2023, 14:28

Tengrinews, 12 июня 2023 в 14:43

Банкроттық мәселесі: төлем қабілетін қалпына келтіру үшін не істеу керек?
                12 июня 2023, 14:28
Биыл сәуірде банкке берешегін өтей алмай жүрген 2 мыңнан аса адам бары айтылды. Ал маусымда банкроттыққа 54 мың арыз қабылданғаны белгілі болды. Банкроттық бойынша қай өңір көш бастап тұр? Банкрот деп тануға өтінім бергенде қандай құжат дайындап, қайда жүгінуі керек? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтарға қатысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сауал жолдады.

Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған «қылмыстық төрттік» ұсталды

Arna Press, 09 июня 2023 в 12:48

Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған “қылмыстық төрттік” ұсталды
Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған «қылмыстық төрттік» ұсталды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Арнайы іс-шара барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша істі болғандығы белгілі болды. – Күдіктілер физикалық күш қолданамын деп қорқытып, кәсіпкер 21 жастағы К. есімді азаматтан 2 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Arna Press, 08 июня 2023 в 16:38

Семей қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қандай жалақы алатыны белглі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.YouTube желісінде журналист Асхат Ниязов Абай облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай шыққан материалында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтан сұхбат алды. Бір жылдың ішінде қалада өткізілген жұмыс туралы сұрап, шаһар басшысының жалақысын да тілге тиек етті.«Менің жалақым барлығындай (әкімдердей — авт.сөз).

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды

Arna Press, 07 июня 2023 в 15:48

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды
Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік аудит органдары тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Аудиторлар дерегіне сәйкес, былтыр қаржылық заңбұзушылықтардың ең көп көлемі әкімдіктердің республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ республикалық бағыныстағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде пайдалану кезіндегі заңбұзушылықтар болған.

Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады

Arna Press, 02 июня 2023 в 14:18

Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады
Қазақстанда 2023 жылы жас таланттарды мемлекеттік қолдау және авторлардың жаңа буынын қалыптастыру үшін тұңғыш рет Президенттің арнайы әдеби сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Президенттік әдеби сыйлықтың иегерлері төрт номинация бойынша анықталады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге, «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.«Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жазушылар қатыса алады. Өтінімдер 1 маусым мен 30 маусым аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады.

Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп, алаяққа ұрынды

Arna Press, 02 июня 2023 в 12:48

Семейлік студент курстық жұмыс сатып алам деп, алаяққа ұрынды
«ANTI-FRAUD» Жедел алдын-алу іс-шарасы барысында Семей қ. Орталық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері облыс орталығының 24 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен ұсталды.Белгілі болғандай, 22 жастағы студент танымал әлеуметтік желі арқылы курстық жұмыс жасату үшін қаскөйге тапсырыс беріп, 22 000 теңге төлем жасаған, алайда белгіленген күні күдіктімен байланыса алмай, алаяққа тап болғанына көзі жеткен.«Жауап алу барысында күдікті ер адам қолма-қол ақша беріп, кінәсін мойындады.

Бүгін 27 семейлік тұрғын мемлекет тарапынан үй алды

Arna Press, 01 июня 2023 в 17:58

Бүгін 27 семейлік тұрғын мемлекет тарапынан үй алды
Бүгін әлеуметтік осал топқа жататын 27 қала тұрғыны баспаналы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Жақында қоныс тойын тойлайтындар арасында көпбалалы отбасылар, ата ана қамқорлығынан айырылғандар мен жалғызбасты аналар бар.Қарағайлы ықшам ауданында салынған жаңа көпқабатты үйлердің жартысы мемлекеттік баспана.

Впервые опубликована книга о финансовой грамотности для детей на казахском языке 01 июня 2023, 15:23

Tengrinews, 01 июня 2023 в 15:33

Впервые опубликована книга о финансовой грамотности для детей на казахском языке
                01 июня 2023, 15:23
В Алматы в День защиты детей состоялась презентация книги «Тиыннан теңге құрайтын бала» (оригинальное название «The Opposite of Spoiled: Raising Kids Who»). Книга написана колумнистом New York Times Роном Либером и служит руководством по финансовой грамотности для детей. Адаптация на казахский язык стала возможна благодаря Jusan и книжному издательству Steppe and World.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиард теңгеден аса жәрдемақы төленеді

Arna Press, 31 мая 2023 в 12:48

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиард теңгеден аса жәрдемақы төленеді
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 18,4 миллиард теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Еңбек министрлігі мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.«2003-2022 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 миллиард теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 588 теңге мен (3/4 АЕК) 345 000 теңге (100 АЕК) аралығында.

Смайылов екі облыстың әкімін сынға алды

Arna Press, 29 мая 2023 в 13:38

Смайылов екі облыстың әкімін сынға алды
Сенбі, 27 мамырда, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында НКИ-дың жалпы көлемі 3,8 трлн теңге болды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық, деп жазды ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

Алматыда туристен такси үшін 355 мың теңге алған жүргізуші ұсталды

Arna Press, 25 мая 2023 в 16:28

Алматыда туристен такси үшін 355 мың теңге алған жүргізуші ұсталды
Алматыда такси жүргізушісі 21 мамырда үндістандық туристерді 355 мың теңгеге әуежайдан қонақүйге жеткізген. Осындай алаяқтық жолмен ол мамырдың басында Германиядан келген туристен 200 мың теңге иемденген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.«21 мамырда жеке тасымалдау ісімен айналысатын ер адам Алматы халықаралық әуежайында Үндістаннан келген туристерді көлігіне отырғызып, қонақүйге мың теңгеге жеткізетінін айтқан.

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

Arna Press, 24 мая 2023 в 11:48

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды
Талдықорған соты пара алды және алаяқтық жасады деп айыпталған Алматы облысы білім басқармасының бір топ қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, төрт айыпталушыға сот үкімі шығарылған, олардың арасында облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова да бар.

Карагандинское соревнование «Теңге алу» между роботами переняли участники «Roboland» из России

EKaraganda.kz, 24 мая 2023 в 11:15

Карагандинское соревнование «Теңге алу» между роботами переняли участники «Roboland» из России
В прошедшем в Серове отборочном туре на «RoboLand-2023» участвовали 34 команды из пяти городов Свердловской области: Краснотурьинска, Лобвы, Карпинска, Североуральска и собственно Серова. Здесь определили победителей и призеров в пяти категориях — «Собери робота Level 1», «Робогеометрия», «Полоса препятствий», «Теңге алу» и «Творческая категория».

Семейде полиция қызметкерлері шын мәнінде жоқ қылмыскерді іздеген

Arna Press, 23 мая 2023 в 11:38

Семейде полиция қызметкерлері шын мәнінде жоқ қылмыскерді іздеген
Семей қаласының тұрғыны әйелінің ақшасын ставқаға тігіп, 30 мың тенгеден айрылып қалғаннан кейін, өз-өзін пышақпен ұрып, қылмыскерлерден жапа шектім, деп полицияға арызданғанын хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол ҚР ҚК 419-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

Скаковой сезон открыли в СКО 21 мая 2023, 13:05

Tengrinews, 21 мая 2023 в 13:13

Скаковой сезон открыли в СКО
                21 мая 2023, 13:05
20 мая на ипподроме «Кулагер» состоялось открытие летнего скакового сезона. Всадники из всех районов области приехали для того, чтобы выявить лучшего. В программе конноспортивных соревнований было девять заездов: кунан-байге, заезд орловских рысаков, кыз байге, жорга-жарыс, заезд рысаков трехлеток, заезд среди юношей ДЮСШ, аламан-байге и другие.

Семейде жағажайды ұйымдастыруға 30 млн теңге бөлінді

Arna Press, 11 мая 2023 в 18:08

Семейде жағажайды ұйымдастыруға 30 млн теңге бөлінді
Бүгінгі таңда облыста қалалар мен аудандардың әкімдіктері 4 коммуналдық жағажай құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Абай облысының өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Биыл облыстың су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт үшін 10 учаске анықталды.

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына өтемақы төленеді

Arna Press, 11 мая 2023 в 11:48

Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына өтемақы төленеді
Медеудегі өртті сөндіру кезінде қаза болған өртсөндірушінің отбасына 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға сәйкес қаза тапқан қызметкер Құрманбеков Арсланның мұрагерлеріне оның алпыс айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) — шамамен 13 миллион теңге мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетін болады.

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?

Arna Press, 06 мая 2023 в 00:18

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 222 қатысушысы тұрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 4,6 миллиард теңге сомасында біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр.

Орал тұрғынына жолдағы шұңқырды айналып өткені үшін айыппұл салынған

Arna Press, 05 мая 2023 в 17:58

Орал тұрғынына жолдағы шұңқырды айналып өткені үшін айыппұл салынған
14 сәуірде басылым редакциясына Орал қаласының тұрғыны Дамира Сманқұлова хабарласты. Ол жолдағы терең шұңқырды айналып өткені үшін айыппұл салғанына ашулы. Содан кейін әйел хаттамаға қол қоюдан бас тартқан, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «Маневр жасау ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын түсіндірді.

Абай облысының бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанады

Arna Press, 04 мая 2023 в 16:58

Абай облысының бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанады
Бұл туралы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте әкімнің орынбасары Шалқар Байбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол бастауыш сынып оқушыларынан бөлек, 350 балабақшада көпбалалы отбасылардан 5 700 бала тегін тамақтана алатынын атап өтті.«Осы санаттағы балалар қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға тегін барады. Қамқоршыларға 600 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемақы төлеуге 200 млн теңге қарастырылған», — деді Шалқар Байбеков.Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2027 жылға дейін облыста 9500 орындық 18 мектеп салынады.

Семейде қарақшы үш мың теңге үшін зейнеткерді тонады

Arna Press, 03 мая 2023 в 17:18

Семейде қарақшы үш мың теңге үшін зейнеткерді тонады
Наурыз айының соңында Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны қаланың сол жағалауында оны тонап кеткені туралы арызбен жүгінді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жеткен. Ер адам жәбірленушінің басынан балғамен ұрып жіберіп, оның 3 мың теңге көлеміндегі қаражатын, алтын сырғасы мен ұялы телефонын ұрлап алғанын айтқан.«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, полицейлер күдіктіні «ізін суытпай» қолға түсірді.

Индустрия министрі жеңілдетілген автонесиедегі жаңалықтар туралы айтты

Arna Press, 02 мая 2023 в 15:48

Индустрия министрі жеңілдетілген автонесиедегі жаңалықтар туралы айтты
Үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасы туралы айтты. Ол бұл процесс қоғам талап еткендей ашық жүріп жатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Автосалондар мен банктерде кезек тұрғанда қоғам талап етті.

Абай облысында ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңгеден алады

Arna Press, 02 мая 2023 в 14:58

Абай облысында ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 1,5 миллион теңгеден алады
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай Абай облысының 2 692 тұрғыны біржолғы төлем алады. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, концлагерьлердің бұрынғы тұтқындары, тыл еңбеккерлері және т. б. бар, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мәселен, облыста тұратын Ұлы Отан соғысының 12 қатысушысына Жеңіс күніне 1,5 миллион теңгеден төленеді.Облыста Ленинградты қоршау кезеңінде қала кәсіпорнында жұмыс істеген және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған бір адам қалды.

Абай облысында алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді

Arna Press, 26 апреля 2023 в 12:38

Абай облысында алаяқтықтың жаңа түрі тіркелді
Семейде бір-неше таксистті алдаған алаяқ ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Алаяқтар «Апару», «Яндекс» және «Индрайвер» сияқты жолаушылар тасымалының мобильді қосымшаларының көмегімен, жүргізушілерді құрыққа түсіретін. Қаскөй мемлекеттік мекемелер орналасқан мекен-жайға тапсырыс беріп, жолда жүргізушілерді дүкенге тауар сатып алуды немесе теңгерімді толтыруды өтініп, мекенжайға келген соң есептесемін деп уәде беретін.

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 120 мың теңге болды

Arna Press, 24 апреля 2023 в 13:58

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері 120 мың теңге болды
Жыл басталғалы қазақстандықтарға базалық зейнетақы – 253,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам.2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңге болды.

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды

Arna Press, 17 апреля 2023 в 13:08

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды
Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты басты сот отырысы басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Сот отырысы Байқоңыр аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Істі судья Бағлан Ыдырысов қарайды. Арыстанбек Мұхамедиұлы сот отырысына №64 мекемеден онлайн режимде қатысады.«Бүгін сотталушы ауа райына байланысты онлайн қатысады, кейін офлайн режимде қатысады», — деді судья Бағлан Ыдырысов.Еске салайық, 2022 жылғы мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынғаны белгілі болды.

Абай облысының прокуратурасы 17 млрд теңгеден астам қаражатқа мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықтады

Arna Press, 12 апреля 2023 в 17:48

Абай облысының прокуратурасы 17  млрд теңгеден астам қаражатқа мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықтады
Абай облысының прокуратурасы ағымдағы жылы 17,6 млрд теңгеге 304 мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 12,7 млрд астам сомаға 55 заңсыз сатып алудың алдын алынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.​Әкімшілік жауапкершілікке 10 тұлға, оның ішінде 1 аудандық маңызы бар қаланың әкімі, тәртіптік жауапкершілікке 27 тұлға, оның ішінде 2 кент әкімі және 2 аудандық бөлім басшысы тартылды.Ең жиі бұзушылықтар сатып алуды өткізудің тиісті емес тәсілімен, оларды міндетті болған кезде жобалық-сметалық құжаттамасыз жариялаумен, бәсекелестік ортаны болдырмайтын жоғары талаптар қоюмен байланысты.«​Сондай-ақ, бюджетті тиімсіз жоспарлау фактілері анықталды. ​Мысалы, 440 млн. теңгеге жолдарды орташа жөндеуге конкурс жарияланған кезде техникалық ерекшелікте жол учаскесі көрсетілген, бұл бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның жөндеуі жоспарланған.​Прокуратура актісі бойынша конкурс тоқтатылды, бөлінген 294 млн.теңге жолдың басқа мұқтаж учаскесін жөндеуге қайта бөлу жоспарлануда», — делінген ресми хабарламада. ​Басқа жағдайда, көшені жарықтаныру жұмысы жоспарланған, дегенмен іс жүзінде мүлде жасалмаған және оны салуды қажет етеді.​Бұл конкурс хабарландыру сатысында тоқтатылды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.Сурет: ашық дереккөздерден

Депутаттар атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды ұсынды

Arna Press, 12 апреля 2023 в 15:58

Депутаттар атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды ұсынды
Қазақстан халықтық партиясының депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып тастау керек деп санайды, өйткені оны алу процесі күрделі. Олар бұл мәселеге қатысты өз уәждерін вице-премьер Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«АӘК-ке үміткер болу үшін көпбалалы, жұмыс істемейтін аналарға жүздеген сынақтан өту керек. Әдетте әйелдер бюрократия мен мемлекеттік органдардың әуре-сарсаңынан шаршайды.

Түркістан облысының тұрғынынан 5 миллион теңге бопсалаған екі жігіт ұсталды

Arna Press, 11 апреля 2023 в 09:08

Түркістан облысының тұрғынынан 5 миллион теңге бопсалаған екі жігіт ұсталды
Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысы бойынша 2 жігітті анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Түркістан облысы полиция департаментіне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған.
Показано 30 новостей из 366