Популярные темы

Jusan Bank су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін 300 млн теңге аударды

Дата: 04 апреля 2024 в 13:26 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Jusan Bank су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін 300 млн теңге аударды
Стоковые изображения от Depositphotos

Jusan Bank су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 300 млн теңге бөлді.

Банк басшылығы мемлекеттік қолдау шаралары және де кәсіпкерлер мен мүдделі азаматтардың көмегі апаттан зардап шеккендердің тезірек үйлеріне оралуына оң ықпал етеді деп үміттенеді.

«Мыңдаған қазақстандықтардың бастарына қиындық түскенде, біз қалайша қол қусыра отырамыз. Біз осы табиғи апаттан зардап шеккендердің барлығына терең жанашырлық сезімін білдіреміз. Жақын арада барлығы қалыпты өміріне қайта оралады деп сенеміз», – деді Jusan Bank басқарма төрайымы Гүлмира Джумадиллаева.

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, Қазақстанда су тасқынына қатысты ахуал әлі де күрделі. 6 өңірде 1 364 жеке меншік тұрғын үйді су басқан. Автожолдардың 105 учаскесінде су жайылған. 78 жол учаскесінде бүлінген жерлерді және 4 көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 64 елді мекенге көлік қатынасы жоқ, оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілуде. Су басқан аймақтардан тұрғындарды эвакуациялау тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Соңғы тәулікте құтқарушылар 1 524 адамды, оның ішінде 496 баланы эвакуациялады. Құтқару жұмыстарына 12 мыңнан астам адам мен 2,5 мың техника, 801 су сору техникасы, 105 су көлігі және тоғыз ұшақ жұмылдырылған.

Подпишитесь на недельный обзор главных казахстанских и мировых событий

По сообщению сайта kapital.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями