Стоковые изображения от Depositphotos
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мәліметінше, 21 атаулы және мереке күндерiнде әкiмдiктер мұқтаж қазақстандықтарға әлеуметтiк көмек көрсетедi, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Tengrinews.kz ресми сауалына келген жауапта, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдіктері мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды, әлеуметтік көмек, оның ішінде тиісті бюджет қаражатынан төленетін атаулы күндер мен мереке күндеріне арналған мөлшерлемені белгілейтіні айтылған.
«Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштерін талап етпей, уәкілетті орган немесе өзге де ұйымдар ұсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекіткен тізбе бойынша көрсетіледі», — деді министрлік өкілдері.

Бұл ретте, Астана әкімдігі мәліметінше, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Астанадағы көп балалы отбасылар, көп балалы аналар, оның ішінде аз қамтылған аналар кірген 34 мыңға жуық әйелге 2,5 АЕК (9 230 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.
Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз кезегінде Халықаралық әйелдер күніне орай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған көп балалы отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін бір миллион теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілетінін хабарлады.
Алматы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәліметінше, осы санаттағы тұрғындарға мұндай ақшалай төлем басқа мереке күндері де беріледі, мысалы:
Бізге келіп түскен жауаптағы мәлімет бойынша, әлеуметтік көмектің бұл түрін көрсетумен Алматы қалалық инфрақұрылымды дамыту басқармасы айналысады.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press