Популярные темы

Абай облысында заңсыз қаруды сатып алуға 5 миллион теңге бөлінген

Дата: 23 апреля 2024 в 19:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында заңсыз қаруды сатып алуға 5 миллион теңге бөлінген
Стоковые изображения от Depositphotos

22 сәуірден бастап Абай облысында халықтан қару сатып алу акциясы басталады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы брифингте Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бауыржан Омаров айтты.



«Акция аясында азамат ішкі істер органдарының бөлімшелеріне хабарласып, тіркелмеген қаруды тапсыру арқылы ақшалай сыйақы ала алады. Сатып алуға заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілердің, сондай-ақ жарылғыш заттардың барлық түрлері жатады. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады», — дейді Бауыржан Омаров.



Полиция қызметкерінің айтуынша, қару үшін төлем мөлшері оның түрі мен санатына байланысты және 10-нан 100 АЕК аралығында болады. Қаруды тапсыру кезінде азаматтарға тек жеке куәлік пен жеке шоттың көшірмесін көрсету қажет.

 

«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырғаны үшін сыйақы мөлшері қарудың түріне, оның техникалық жағдайына байланысты әрбір данасы үшін 11 мыңнан 369 мың теңгеге дейін болуы мүмкін. Төлемдер мөлшерін аумақтық полиция органында құрылған арнайы комиссиялар белгілейді», — дейді спикер.


Өткен жылы осы акция аясында облыс бойынша 70-тен астам атыс қаруы мемлекетке өз еркімен тапсырылды. Ал төлемдер саны 5 миллион теңгеден асты. Биыл да акцияны өткізуге республикалық бюджеттен 5 миллион теңге қаражат бөлінген.

Сурет: Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями