Популярные темы

депо: новости — страница 17

Астана әуежайында әйел контрабандалық жүк өткізіп, пара бермек болған

Arna Press, 20 октября 2023 в 15:48

Астана әуежайында әйел контрабандалық жүк өткізіп, пара бермек болған
Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҚМА елордалық департаменті мәліметінше, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 миллион теңге болады.«Сонымен қатар, аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген.

Қытаймен визасыз келісім қашан күшіне енетіні белгілі болды

Arna Press, 20 октября 2023 в 14:49

Қытаймен визасыз келісім қашан күшіне енетіні белгілі болды
Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Келісімге 2023 жылы 17 мамырда Сиань қаласында қол қойылған.«Құжатта екі елдің азаматтары жеке істер, туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзит, сондай-ақ іскерлік мақсаттар (келісімшарттар жасау, келіссөздер жүргізу, консультациялық қызметтер көрсету және басқа да іскерлік мақсаттар) үшін визалық талаптардан босатылады.

Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Arna Press, 20 октября 2023 в 14:48

Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды
Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды., — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мұрат Қабденовтың сөзінше, ауылдың екі тұрғынынан арыз түскен.«Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан хабарламалар бойынша нақты мынадай ресми ақпаратты хабарлаймын: Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау дерегі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес соталды тергеу жүрігізіп жатыр», — деп жазды ПД өкілі.Ер адам кінәсін мойындаған.«Менің тапсырмам бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі «зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан Кореядағы Халықаралық полиция саммитіне қатысты

Arna Press, 20 октября 2023 в 14:48

Қазақстан Кореядағы Халықаралық полиция саммитіне қатысты
Ішкі істер министрі Ержан Саденов бастаған Қазақстан ІІМ делегациясы Сеулдегі Халықаралық полиция саммитіне қатысты, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Саммитте халықаралық ынтымақтастық, қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, полициядағы заманауи өзгерістерге ден қою, кешенді жан-жақты ынтымақтастықты қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Қазақстанда дәрілерді қадағалау мен балабақшаға кезекке тіркеудің бірыңғай деректер базасы болады

Arna Press, 20 октября 2023 в 14:48

Қазақстанда дәрілерді қадағалау мен балабақшаға кезекке тіркеудің бірыңғай деректер базасы болады
Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Үкіметтің дерегінше, дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді.

Қазақстан халқының депозиттері бір айда тағы 42 млрд теңгеге көбейген

Arna Press, 19 октября 2023 в 18:38

Қазақстан халқының депозиттері бір айда тағы 42 млрд теңгеге көбейген
Finprom.kz алғашқы он банкке шолу жасап, кім көш бастап тұрғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жеке депозиттерге ие банктердің ондығында ForteBank ең жақсы өсу қарқынына ие: плюс айына 2,3%, 783,2 млрд теңгеге дейін. Бір жылда банк жеке тұлғалардың депозит портфеліне 12,1% қосты.

Пәтер рәсімдеу қанша тұрады

Крыша, 19 октября 2023 в 16:57

Пәтер рәсімдеу қанша тұрады
Қазір келісімшарт құны қанша тұрады және қай кезде қосымша шығындаласыз?Сатып алу-сату келісімшартының құны үйді немесе жер телімін кім және кімге сатып жатқанына тікелей байланысты.Мысалы, сатушы мен клиент жеке тұлға және туыс болмаса, нотариус арқылы келісімшартқа отыру үшін 12 АЕК немесе 41 400 теңге керек (2023 жылы 1 АЕК 3450 теңге) төлейсіз.Егер мәмілені балалар, жұбайлар, ата-ана, туған бауырлар не әпкелер, немерелер арасында жасалса нотариус қызметі арзанға түседі — 7 АЕК (24 150 теңге).Ал сатушы мен сатып алушы заңды тұлға болған жағдайда — 17 АЕК (58 650 теңге) жұмсайды.Нотариус ең арзан тарифті ипотека рәсімдейтіндерге ұсынады, небәрі 4 АЕК (13 800 теңге).Барлық нотариалдық кеңседе бірыңғай тариф бекітілген.

Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады

Arna Press, 19 октября 2023 в 12:28

Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады
Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке пайда болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Мереке тізімдеріне толықтырулардың тиісті жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі.Яғни енді Қазақстанда Азаматтық авиация қызметкерлері күні — 1 ақпанда, Бұрғылаушылар күні — қарашаның үшінші сенбісі тойланбақ.Жоба порталда 2 қарашаға дейін талқылауда болады.«Қазіргі уақытта тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын әуежайлар мен авиакомпаниялардың, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді жеткізушілердің өз құрылымында азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін техникалық құралдармен және кадрлық құраммен жабдықталған, ең көп қызмет болып табылатын 3000-нан астам маманнан тұратын біртұтас құрылым болып табылатын АҚҚ бар.Алайда, бүгінгі күні авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуге және осылайша мұндай мерекенің болмауына байланысты кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай авиация саласына жататындығын сезінуге мүмкіндігі жоқ» — делінген жобада.Сонымен қатар, кез келген кен орнын ашу және пайдалы қазбаларды өндіру үшін, ең алдымен, барлау және пайдалану бұрғылау қажет.

Семейлік құтқарушы төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істегендерін айтып берді

Arna Press, 19 октября 2023 в 11:28

Семейлік құтқарушы төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істегендерін айтып берді
Олжас Мұхтаров Абай облысы ТЖД 1-ші Мамандандылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы. Кәсіби мерекенің қарсаңында Arnapress.kz тілшісіне жұмысының қызығы мен ерекшелігі жайлы айтып берді.Олжас Мұхтаров бұл салаға 2015 жылы келді. Әскер қатарында азаматтық борышын өтеп келген жігіт, полиция қызметкері боламын деген арман қуып құжаттарын жинай бастаған.

Президент ҚР Құтқарушылар күнімен құттықтады

Arna Press, 19 октября 2023 в 10:38

Президент ҚР Құтқарушылар күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді.

«Үйреніп келеді». Атырауда бір топ азамат әкесіз балаларды бауырына басты 19 октября 2023, 09:33

Tengrinews, 19 октября 2023 в 09:43

Атырауда кең жүректі ер азаматтар ерекше бастаманы қолға алып отыр. Олар әкесі өмірден озған, жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған отбасындағы балаларға тәлімгер болып, әкелік мейірім сыйлап жүр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Arna Press, 19 октября 2023 в 09:38

Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Синоптиктер Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының құтқарушыларына арнайы техниканың кілті табыс етілді

Arna Press, 18 октября 2023 в 16:38

Абай облысының құтқарушыларына арнайы техниканың кілті табыс етілді
ҚР Құтқарушылар күні қарсаңында Абай облысындағы төтенше жағдайлар гарнизонына 19 жаңа автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Техника республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен сатып алынды.Жаңа көліктер адам өмірі мен мүлкін сақтап қалуға қажетті заманауи өрт сөндіру, жедел медициналық, байланыс және навигациялық құралдармен, жоғары тиімді өрт сөндіру жүйелерімен жабдықталған.

Қазақстанда баласына алимент төлемеген 150-ге жуық әйел іздестіріліп жатыр

Arna Press, 18 октября 2023 в 13:48

Қазақстанда баласына алимент төлемеген 150-ге жуық әйел іздестіріліп жатыр
Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Оның 1476-сы ер адам және 142-сі әйел адам.Қадағалаушы орган жариялаған статистикаға сүйенсек, іздеуде жүргендердің көбінің жасы 31-40 жас аралығында екен.Өңірлер бойынша қарастырсақ:2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы).Анықтама ретінде: Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі :Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды.Жалпы алимент бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды.Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіБұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға да алимент өндіріп алынады.291 886 атқарушылық іс – балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша;773 атқарушылық іс – еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға;4 506 атқарушылық іс – еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағу өндірістері болды.Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz порталында («алимент бойынша борышкерлерді іздестіру» бөлімінде — тұлғаның тегі, аты — жөні) азаматтар, алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер болып саналатын тұлғаларды іздестіру есебінде болуын тексеруге болады.Сурет: Zakon.kz

Пять лесопожарных станций построили в этом году в Карагандинской области 18 октября 2023, 12:04

Tengrinews, 18 октября 2023 в 12:13

Пять лесопожарных станций построили в этом году в Карагандинской области
                18 октября 2023, 12:04
Защита зеленых насаждений и забота о людях – в Бухар-Жырауском районе открыли лесную пожарную станцию. Модульное депо оснащено современной техникой и призвано охранять от природных пожаров территорию Белагашского лесничества, передает акимат Карагандинской области. Готовность к работе новой станции в селе Керней Бухар-Жырауского района проверил аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев.

Астана әуежайы шетелдік компанияның басқаруына өтеді

Arna Press, 18 октября 2023 в 11:58

Астана әуежайы шетелдік компанияның басқаруына өтеді
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында шетелдік инвестор – БАӘ-нің Terminals Holding компаниясымен Астана әуежайын мультимодальді хаб ретінде дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Инвестор елорда әуежайының қызметіне жан-жақты баға беріп, кейіннен жолаушыларға қызмет көрсету сапасын және жалпы әуе айлағының тиімділігін арттыру үшін жедел басқаруды өз қолына алады.

Елордада көлікті жалға алып, бөлшектеп сатып жіберген күдікті анықталды

Arna Press, 18 октября 2023 в 10:48

Елордада көлікті жалға алып, бөлшектеп сатып жіберген күдікті анықталды
Полицияға қала тұрғыны оның ГАЗель автокөлігін белгісіз адам жалға алып, көлікті қайтармай жатқандығы туралы арызданған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтады.

Қазақстан құрамасы камбэк жасап, Финляндияны ұтты

Arna Press, 18 октября 2023 в 09:58

Қазақстан құрамасы камбэк жасап, Финляндияны ұтты
Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Финляндияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Финляндия құрамасы алғашқы таймда есепті ашты. Ал екінші таймның 77-минутында Бахтиер Зайнутдинов пенальти кезінде гол салып, есепті теңестірді.Ал 90-минутта Зайнутдинов тағы бір гол соғып, ұлттық құраманы алға шығарды.Кездесу 2:1 есебімен қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды.Қазақстан құрамасының Еуро-2024 іріктеу кезеңінде тағы екі ойыны бар.

Абай облысында қандастарды қоныс аудару жоспары 71%-ды құрайды

Arna Press, 17 октября 2023 в 18:38

Абай облысында қандастарды қоныс аудару жоспары 71%-ды құрайды
Бүгінде облыста 21 336 жұмыс орны құрылды, бұл жоспардың 86%-ын құрайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Барлық шаралар еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша бекітілген Жол картасы аясында жүйелі жүргізіледі.Өңірде жұмыс берушілерді тарта отырып, бос орындар жәрмеңкелері үнемі өткізіліп тұрады.

Аида Балаева «Міржақып. Оян қазақ!» фильмінің прокаты туралы пікір білдірді

Arna Press, 17 октября 2023 в 15:08

Аида Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет үйінде өткен брифингте «Міржақып. Оян қазақ!» фильмінің прокаты туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Барлық дистрибьюторлық ұйымдардың өз кестесі бар. Біз мұндай көп көрермен болады деп ойлаған жоқпыз және шынымен де бір уақытты таңдаған едік.

Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82 пайызға артқан

Arna Press, 17 октября 2023 в 13:08

Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82 пайызға артқан
Қазақстанның Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр ХААҰ Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николас Ралло мырзамен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директорының еліміздің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы ілгерілеуін атап өтті.«ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82 пайызға дейін артып отыр.

«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшысына қатысты сот басталды

Arna Press, 17 октября 2023 в 11:08

Алматы облысында «Алтын Орда» базары басшысының бұрынғы орынбасары Ермек Марқабаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.Телеарна мәліметінше, алдын ала тыңдау Қарасай аудандық сотында өткен. Оған сотталушының адвокаттары мен туыстары қатысты. Айта кетейік, Ермектің өзі сот залында болмады, ол процеске онлайн қосылуға мәжбүр болған.

17 қазанда бірнеше өңірде тұман түсіп, үсік болады

Arna Press, 17 октября 2023 в 10:18

17 қазанда бірнеше өңірде тұман түсіп, үсік болады
Синоптиктер 17 қазанда республиканың тоғыз өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с-ке жетеді.Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман.

Қазақстанда электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі

Arna Press, 16 октября 2023 в 18:18

Қазақстанда электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі
Энергетика министрлігі электр энергиясына бұрын бекітілген шекті тарифтерге өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Осылайша, 2023 жылдың 1 қазанынан бастап электр энергиясын өндіру тарифтері көтеріледі:Жалпы тізімге еліміздің аймақтары бойынша энергия өндіруші компаниялардың 50 тобы кіреді.

Мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасы: алдын ала себебі аталды

Arna Press, 16 октября 2023 в 16:18

Мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасы: алдын ала себебі аталды
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасына қатысты пікір білдірді.14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Өлімнің алдын — ала себебі — жедел геморрагиялық панкреонекроз.Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады.

Қазақстанда жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы ашылады

Arna Press, 16 октября 2023 в 13:28

Қазақстанда жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы ашылады
Туризм және спорт министрлiгi «Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы» үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнынан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Жеңіл атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынды бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын», – делінген хабарламада.Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып есептеледі.Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні спорт саласындағы қызметті іске асыру болып белгіленбек.Құжатта жазылғандай, ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әлемдік тәжірибеге сәйкес ұлттық олимпиада резервін дайындау және Жеңіл атлетика спорт кешенінің базасында жеңіл атлетикадан Олимпиадалық даярлау орталығын құру туралы ҚР президенті Қ.К.

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Arna Press, 16 октября 2023 в 13:28

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 477,6 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 760,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 717,5 миллиард теңге қарастырылды», — делінген хабарламада.2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 312 мың адам.«2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 988 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 086 теңге, базалық зейнетақы – 37 902 теңге».Сурет: Tengrinews.kz

Бүгін Қазақстанның 4 қаласында ауа ластанады

Arna Press, 16 октября 2023 в 12:38

Бүгін Қазақстанның 4 қаласында ауа ластанады
Синоптиктер дүйсенбі, 16 қазанда Қазақстанның төрт қаласында зиянды қоспалар жоғары болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазгидрометтің мәлеметінше, Алматы, Ақтөбе, Шымкент және Жезқазған қалаларының тұрғындары мен қонақтарына жұмыс аптасының бірінші күнінде ауа райының қолайсыз болады.Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).Сурет: Zakon.kz

В Темиртау разработают трёхлетний план модернизации внутриквартальных сетей

EKaraganda.kz, 16 октября 2023 в 10:55

В Темиртау разработают трёхлетний план модернизации внутриквартальных сетей
– Первое: акимату города совместно с управлением энергетики и ЖКХ вовремя подготовить проектно-сметную документацию по дальнейшим ремонтам тепломагистралей. Второе: необходимо разработать трёхлетний план ремонта внутриквартальных сетей – это очень важно. Третий вопрос связан с электросетями города, в ближайшее время прошу дать предложения, как повысить надёжность, – резюмировал аким области.

Батыс Қазақстандағы университет қызметкерлері бюджеттің 55 миллион теңгесін ысырап еткен

Arna Press, 16 октября 2023 в 10:48

Батыс Қазақстандағы университет қызметкерлері бюджеттің 55 миллион теңгесін ысырап еткен
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерімен қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның айтуынша Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн теңге бөлген.«Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді.
Показано 30 новостей из 2 384